Ау

5 Желтоқсан 2012, 05:32

  Ау (Жылым) - балықты тобымен аулап ұстау үшін кендірден, жібек жіптен, тіптен ертеде түйе жүнінен, аттың қылынан тоқылып жасалатын құрылғы, тор. Халық тілінде аудың үлкен түрін жылым деп атау дағдыға айналған. Жылым атауының төркіні судың қатпай жатқан ау салатын бөлігінің атауымен байланысты, екінші болжамда қазақ жеріне қоныс аударған шығыс славяндары мен Дунай бойы балықшыларының тіліндегі ау атауының қазақыланған нұсқасы дейді. Сондай-ақ Балтық бойы халықтарының тіліндегі аудың ерекше бір түрінің атауы (вентерис-вентеръ-бөнтір) қазақ тіліне аудың бір түрінің атауы ретінде еніп бөнтір болып қалыптасқан. Сонымен бірге аудың самала, қода, құрма, шөміш т.б. бір-бірінен өзіндік құрылымдық айырмашылығы бар көптеген түрін қолданғаны туралы тілдік және этнографиялық мәліметтер бар. Қазақтардын байырғы дэстүрлі түсінігінде жылымды (ауды) жеті қазынаның біріне жатқызады. Ертеректе балық аулайтын құрылғыларды ағаш, шілік немесе қамыстан тоқып жасаған. Мұндай құрылғылардың тор көздерінің мөлшері аулайтын балықтың айқұлағынан ілінетіндей және балықтың басы өтпейтіндей мөлшерде етіп жасаған. Сондай бір құрылғы түрі - қода. Ау түрлерін пішіні, құрылымы, көлемі және қолданыстық ерекшелегіне қарай негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады: Сүзгі ay үлкен сулардан балық аулауға құрылатын ортасы сүйретілген, ұзынша етіп тоқылған, тор көзінен үлкен балықтар өтіп кете алмайтындай етіп тоқылған жабдық. Сүзгі төрт бұрышына тағылған арқан арқылы ауға түскен балық сүзіліп алынады. Сүзгі аудың ақап ау, аламан ay, майшабақ ay тәрізді түрлері бар. Құрма ау - жалпақ тоқылып суға кесе көлденең керілетін ау түрі. Тоқылуы сүзгі ауымен ұқсас. Мұны қыста мұз астында, жазда суға екі жағына екі қада орнатып, астыңғы жағының әр жеріне тас байлап, құрып қояды. Одан өтпек болған балық желбезегінен тор көздеріне кептеліп, оралып қалады. Каспий балықшылары салатын өте үлкен теңіз аудың ұзындығы бірнеше жүз құлаш болады және ұзын бойынан бірнеше жерге ағаш орнатылады. Мұндай үлкен аулар бірнеше бөліктен тұрады: балық шоғырланатын қазан мен аудың әрбір негізгі бөлегінің ортасында көл деп аталатын су алаңы болады. Балықтар аудың ұзын бойын жағалап отырып, аудың көліне, одан кейін қазанына енеді. Шөміш ау - көлемі шағын, тордың түп жағы қанар тәрізді ұзынша болып келген ау түрі. Тоқылуы сүзгі ау мен құрма ауға ұқсайды. Алдымен ұзын сырыққа ағаштан иіп, сап орнатады да, жасалған саптың басына тоқылған ауды жіппен жіпселейді. Көбінесе түнге қарай құрылатын шөміш аудың түрлері көп: қол қауға, тоспай, қара ау, қабадан ау, бөгеу ау т.б. Ал бөгеу ау құрылған жерінде бір-екі ай тұрады. Балық бір кірсе, қайтып шыға алмайтын тордың бір түрі қалта аталады. Ол шалбар тәріздес балақтан тұрады да, екеуінің түйіскен жері ау деп аталады. Аудың бұл түрі де түнге қарай құрылады. Ал ағынды суларда әрқайысысы 15-20 құлаш болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап өзенге көлденеңнен құратын ығызбай (ағызбай) ауы қолданылады. Оның үстіңгі арқалығына қалтқы,астыңғы табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы балықшы ұстап отырады. Аудың мөлшері әртүрлі, ұзындығы бір жарымнан 8-20 құлашқа дейін барады. Басқа халықтардан сауда-саттық жолымен келген ау көзінің мөлшерін қазақ балықшылары үш, төрт, алты елі деген немесе төртінші, бесінші, алтыншы (оның мәні 4,2; 5,2; 6,2 мм болып келетін стандарттарға сай айтылған) сияқты миллиметрлік өлшеммен атау қалыптасқан. Осыған байланысты аудың қандай балықты ұстауға қолайлы екендігі балықшылар тілінде «алты елі ауға табан балық, үш елі ауға торта түседі» деген тұрақты сөз орамында сақталған.

 

Ау (Жылым) - балықты тобымен аулап ұстау үшін кендірден, жібек жіптен, тіптен ертеде түйе жүнінен, аттың қылынан тоқылып жасалатын құрылғы, тор. Халық тілінде аудың үлкен түрін жылым деп атау дағдыға айналған. Жылым атауының төркіні судың қатпай жатқан ау салатын бөлігінің атауымен байланысты, екінші болжамда қазақ жеріне қоныс аударған шығыс славяндары мен Дунай бойы балықшыларының тіліндегі ау атауының қазақыланған нұсқасы дейді. Сондай-ақ Балтық бойы халықтарының тіліндегі аудың ерекше бір түрінің атауы (вентерис-вентеръ-бөнтір) қазақ тіліне аудың бір түрінің атауы ретінде еніп бөнтір болып қалыптасқан. Сонымен бірге аудың самала, қода, құрма, шөміш т.б. бір-бірінен өзіндік құрылымдық айырмашылығы бар көптеген түрін қолданғаны туралы тілдік және этнографиялық мәліметтер бар. Қазақтардын байырғы дэстүрлі түсінігінде жылымды (ауды) жеті қазынаның біріне жатқызады. Ертеректе балық аулайтын құрылғыларды ағаш, шілік немесе қамыстан тоқып жасаған. Мұндай құрылғылардың тор көздерінің мөлшері аулайтын балықтың айқұлағынан ілінетіндей және балықтың басы өтпейтіндей мөлшерде етіп жасаған. Сондай бір құрылғы түрі - қода. Ау түрлерін пішіні, құрылымы, көлемі және қолданыстық ерекшелегіне қарай негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады:

Сүзгі ay үлкен сулардан балық аулауға құрылатын ортасы сүйретілген, ұзынша етіп тоқылған, тор көзінен үлкен балықтар өтіп кете алмайтындай етіп тоқылған жабдық. Сүзгі төрт бұрышына тағылған арқан арқылы ауға түскен балық сүзіліп алынады. Сүзгі аудың ақап ау, аламан ay, майшабақ ay тәрізді түрлері бар.

Құрма ау - жалпақ тоқылып суға кесе көлденең керілетін ау түрі. Тоқылуы сүзгі ауымен ұқсас. Мұны қыста мұз астында, жазда суға екі жағына екі қада орнатып, астыңғы жағының әр жеріне тас байлап, құрып қояды. Одан өтпек болған балық желбезегінен тор көздеріне кептеліп, оралып қалады. Каспий балықшылары салатын өте үлкен теңіз аудың ұзындығы бірнеше жүз құлаш болады және ұзын бойынан бірнеше жерге ағаш орнатылады. Мұндай үлкен аулар бірнеше бөліктен тұрады: балық шоғырланатын қазан мен аудың әрбір негізгі бөлегінің ортасында көл деп аталатын су алаңы болады. Балықтар аудың ұзын бойын жағалап отырып, аудың көліне, одан кейін қазанына енеді.

Шөміш ау - көлемі шағын, тордың түп жағы қанар тәрізді ұзынша болып келген ау түрі. Тоқылуы сүзгі ау мен құрма ауға ұқсайды. Алдымен ұзын сырыққа ағаштан иіп, сап орнатады да, жасалған саптың басына тоқылған ауды жіппен жіпселейді. Көбінесе түнге қарай құрылатын шөміш аудың түрлері көп: қол қауға, тоспай, қара ау, қабадан ау, бөгеу ау т.б. Ал бөгеу ау құрылған жерінде бір-екі ай тұрады.

Балық бір кірсе, қайтып шыға алмайтын тордың бір түрі қалта аталады. Ол шалбар тәріздес балақтан тұрады да, екеуінің түйіскен жері ау деп аталады. Аудың бұл түрі де түнге қарай құрылады.

Ал ағынды суларда әрқайысысы 15-20 құлаш болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап өзенге көлденеңнен құратын ығызбай (ағызбай) ауы қолданылады. Оның үстіңгі арқалығына қалтқы,астыңғы табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы балықшы ұстап отырады. Аудың мөлшері әртүрлі, ұзындығы бір жарымнан 8-20 құлашқа дейін барады. Басқа халықтардан сауда-саттық жолымен келген ау көзінің мөлшерін қазақ балықшылары үш, төрт, алты елі деген немесе төртінші, бесінші, алтыншы (оның мәні 4,2; 5,2; 6,2 мм болып келетін стандарттарға сай айтылған) сияқты миллиметрлік өлшеммен атау қалыптасқан. Осыған байланысты аудың қандай балықты ұстауға қолайлы екендігі балықшылар тілінде «алты елі ауға табан балық, үш елі ауға торта түседі» деген тұрақты сөз орамында сақталған.

Бөлісу: