5 Желтоқсан 2012, 05:24
Ералы хан
Ералы, Ермұхамет баһадүр хан
Қайтыс болғаны: 1749
Мансабы: сұлтан, Кіші жүз ханы
Ералы, Ермүхамедәли баһадүр хан (т.ж.б. — 1749) — сұлтан, Кіші жүз ханы (1791- 94), Әбілқайыр ханның екінші ұлы, А.И.Тевкелев елшілігіне аманатқа берілген. Әкесінің тірі кезінде Орта жүз керейлерінің және Кіші жүз шөмекейлері мен төртқарасьшьщ сұлтаны болды. Кіші жүзде әкесі Әбілқайыр ханның саясатын белсенді түрде жүзеге асырды. Әкесінің Орта Азия хандықтарымен Ресеймен байланысты көптеген маңызды тапсырмаларын орындаған. 1733 ж. Ресей елшісі Тевкелевке қосылып, Кіші жүздің елшілігін бастап, Петербургке барған. 1733 ж. 10 ақпанда Ералы патшайым Анна Иоановнаның қабылдауында болды. Қазақ-орыс Ералы (ортада), Дж. Кэстль суретінен, 18 г. байланыстары, Кіiі жүздің саяси статусы жөнінде орыс ханымымен келіссөз жүргізді. Ералы бастаған дипломат миссияда ұлы жүздің де бірнеше өкілдері болды. Осының нәтижесінде Төле би, Қодар би, Сатай және Қойгелді батырларға арнап орыс үкіметінің грамотасы жіберілді. Сыртқы істер коллегиясы грамотада (лы жүздің Ресей құрамына қабылданғанын жариялады. Алайда аталмыш грамота әр түрлі жағдайлармен Ұлы жүзге жетпеді. Ералы 1740 ж. тамыз айында Орскіде шекаралық комиссияның жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың бастамасымен өткізілген қазақ хандары мен белгілі сұлтандарының съезіне қатысты. Тевкелевпен байырғы таныстығы бірқатар қайшылықтарды келіссөз барысында шешуге мүмкіндік береді. Е. тәжірибелі дипломат ретінде 1742 ж. тамыз айында тағы да Орск бекінісінде өткізілген екінші съезге де белсене қатысты. Кіші жүздің белгілі өкілі ретінде Орта Азия хандықтарымен, әсіресе осы өңірге іргелес орналасқан қарақалпақтармен арадағы қайшылықтарды шеиіуге тікелей ат салысты. 1742 ж. қарақалпақтардың Мамыр мен Құшан бастаған 7000 отбасын әкесінің тапсырмасымен Ресей құрамына қабылдауда ресми өкіл қызме- тін атқарды. Ералы Абылайды Жоңғар тұтқыньшан босатуға аттандырылған майор К.Миллердің елшілігін жоңғар шекерасына дейін аман-есен жеткізуге күш салды. Сорочинская бекінісінде әкесінің аманаты ретінде ұсталған Қожахмет сұлтанның жағдайының біршама жақсаруына себепші болды. 1747 ж. Қожахмет Ералының араласуымен әкесіне қайтарылғанымен, көп кешікпей дүние салды. 1748 ж. тамызда Әбілқайырдың қайғылы жағдайда дүние салуы Кіші жүздегі саяси ахуалды түбірімен өзгертіп жіберді. Ералы ағасы Нұралымен тізе қосып, Кіші жүзге хандыққа таласқан Батыр сұлтанмен күрес жүргізді. Нұралының таққа отыруына барынша көмек жасады. Кіші жүздегі саяси ахуалдың шиеленісуіне қарай Ералы өзінің бар мүмкіндігін Нұралыны патша үкіметінің қастығынан қорғауға тырысты. Алайда Башқүрттардың көтері- лісі (1755) және Еділ қалмақта- ры Жоңғарияға ауа .қашқан ке- зінде (1771) Ералы сұлтан патша үкіметіне елеулі көмек көрсетті. Белгілі батыр, көтеріліс басшысы, Нүралының тақтан тайдырылуына себепкер Сырым Датұлының уақытша болса да губернатор О.Игельстроммен ауыз жаласуына қарсылық білдірді. Оны серіктерімен қамауға алды. II Екатеринаның талабымен ғана босатты. Нұралы ханды тақтан түсіріп, жер аударғанда (1786) оны елге қайтаруды талап еткен сүлтандар мен шонжарлардың күресін басқарды. Хандықты уақытша жойған Игельстроммен күресті. Өзінің жақтастарымен Жайық бойындағы бірнеше бекіністерге қауіп төндірді. 1790 ж. Нұралының Уфада дүние салуы Ералының патша үкіметіне қарсылығын кұшейтгі. II Екатерина халық арасындағы оның беделінің нық екенін ескеріп, хандық билікті қалпына келтіріп, 1791 ж. тамыз айының соңында оны хандыққа көтеруге келісімін берді. Сырым мен оны қолдаушылар Ералыны хан деп мойындамады. Оның устіңе Ералы әбден қартайып қалған Хандыққа келісім берсе де, өзінің мүмкіндігініңқ азайып қалғандығын түсінді. Орынбор губернаторы А.А.Пеутлинг Уфада тұрса да Ералының әрбір қадамын аңдып, оны ығыстырудың жолдарын іздестірді. 1794 ж. жазда Ералы әбден қалжырап дүние салды.