5 Желтоқсан 2012, 05:22
Атырау мұнай және газ институты (АтМГИ) - Атырау қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында мамандар даярлайтын мамандандырылған мемлекеттік ЖОО-ы болып табылады.
Атырау мұнай және газ институтының даму кезеңдері
• 1980 ж. — ҚазПТИ-ның жалпытехникалық факультеті
• 1988 ж. — ҚазПТИ-ның ғылыми-ағарту орталығы
• 1990 ж. — ҚазПТИ-ның Атыраулық филиалы
• 1996 ж. — Атырау университетінің мұнай және газ институты
• 1998 ж. — Атырау мұнай және газ институты
1999 жылы Қазақстанда алғаш рет мамандардың даярлық деңгейін арттыру және ғылыми-техникалық потенциалдың мұнай-газ саласындағы көкейкесті мәселелерді шешуге шоғырландыру мақсатымен ЖОО (Атырау мұнай және газ институты) мен ғылыми-зерттеу институты (мұнай және табиғи тұздар химиясы институты) біріктіріліп, Атырау мұнай және газ институты құрылды (ҚР Үкіметінің 1999 ж. 28 маусымдағы № 869 қаулысы). ЖОО ең алғаш құрылғаннан бастап, 2011 ж. 21 шілдесіне дейін институтты химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академиясының академигі және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі - Серіков Төлеуіш Пәуеденұлы басқарды.
АтМГИ-ның ғылыми-ағартушылық құрылымы
5 мамандырылған факультет:
• Мұнай факультеті
• Технология факультеті
• Экономика, басқару және ақпараттық жүйелер факультеті
• Инженерлі-механикалық факультет
• Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті;
15 мамандырылған және 11 жалпыкәсіптік кафедралар;
• Мұнай химиясы мамандығына докторлық және кандидаттық қорғаулар бойынша диссертациялық кеңес;
• 4 ғылыми және оқу орталықтары;
• 9 ғылыми-зерттеу зертханалары.
Факультеттер
Мұнай факультеті
• Мұнай-газ геологиясы және геофизика кафедрасы;
• Мұнай және газ кен орындарын игеру кафедрасы;
• "Мұнай-газ өндірісіндегі машиналар мен қондырғылар" кафедрасы;
• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кафедрасы;
• Жалпы физика кафедрасы;
Технология факультеті
• Мұнай және газ өңдеу технологиясы кафедрасы;
• Стандарттау, сертификаттау және инженерлік сараптау кафедрасы;
• Химиялық сараптама және материалдар технологиясы кафедрасы;
• Мұнай-химиялық синтез кафедрасы;
• Қолданбалы экология және балық шаруашылығы кафедрасы;
• Мұнай және газ өндірісін электрмен қамтамасыз ету кафедрасы;
• Ақпараттық компьютерлік жүйелер және автоматтандыру кафедрасы;
Экономика факультеті
• Мұнай-газ өндірісі экономикасы мен менеджменті кафедрасы;
• Мұнай-газ өндірісі есеп мен менеджменті кафедрасы;
Инженерлі-механикалық факультет
• Тасымалдауды ұйымдастыру және транспорт кафедрасы;
• Мұнай және газ кен орындарының құрылысы және орналастыру кафедрасы;
• Электр жетегі және байланыс кафедрасы;
• Қолданбалы механика кафедрасы;
• Сызба геометрия және машина графикасы кафедрасы;
Жалпы инженерлік пәндер және сырттай оқу факультеті
• Жоғары математика кафедрасы;
• Қолданбалы математика кафедрасы;
• Қазақ және орыс тілдері кафедрасы;
• Шет тілдер кафедрасы;
• Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;
• Әскери дайындық және спорт кафедрасы;