Даналық

5 Желтоқсан 2012, 05:22

  Даналық – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті,тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі қүнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи интелектінің (құраушы) бір жағы. Ол болып жатқан окиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады. Толығырақ Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығар-нда ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады. Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол. Қазақ ойшылы Абай да «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді. Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді. Абай үшін даналық өлшемі Абай үшін даналық өлшемі - адам мен уақыт, енер мен қабілет - кесіп мүмкіндігі, түсінік пен іс-әрекет бірлестігі. Даналық жекеден жалпыны тапты, жалпыдан жалқыны танытты, жалқының ортақ және ерекше себептерін көрсетті. Ол халық шығармашылығымен сабақтас. Абайдың да, қазақ халқының да даналығы табиғаттанудағы, адамтанудағы, енер табудағы, ағартушылықты жетілдірудегі ойшылдықтан, талпыныстан құралды, тірлік пен рухқа сүйенерлік сенімде жалғасын тапты. Табиғаттану Абай шығармасында үлкен орын алады. Абай үшін туған жер мен туған ел ұқсас ұғымдар. Осы мекен ортаны адам мақсатына сай түсіну, талқылау және бағалау қабілетінен даналық қалыптасты. Табиғаттағы бірлестік пен әр түрліліктің үйлесімін таба білгендер, олардың мазмұны мен мағынасын түсіндіре алғандар, табиғат көрінісімен жарасымды қатынаста болғандар және оның қорын дұрыс пайдаланып үйренгендер даналықтың әр түрлі салалары мен сәттерін қалыптастырды. Туған жерді қадірлей білген тәнтілік, ысырапқа ұшыратпаған шаруалық қашанда болмасын өрелі де, өтімді еді. Осы қажеттілікпен шұғылдану немесе адамды жақсы бастаманың ыңғайына орай тәрбиелеу - табиғаттанудың басты проблемасы. Табиғаттану - сезімді бейімдеу және тәжірибелік қабылдау, бастысы, табиғи құбылыстың түп тамырын табу, салыстыру арқылы оны тірлікке тірек ете білу. Табиғат ғажабына сай әрекет жасай білу - адамның дайындығын лайықты ескерту деген сөз. Табиғаттану мен адамтану арасындағы қатынас Д-тың мазмұнын қалыптастырады, адам тұлғасында өзіне сену, адал іске және төзімдік қабілетке арқа сүйеуі артады. Абай «берекелі болса ел - жағасы жайлау ол бір көл» деп, көңілде түйген тұжырым әлденеше жетістікке ұйытқы болатынына кәміл сенді. Тіпті «жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен?» (23-сөз) деген күдігіне «тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса» деп уәжін айтады. Даналық - адамгершілікті танудағы құрал Даналық - адамгершілікті танудағы, табудағы, табыстырудағы құбылыс, қасиет, құрал. Даналықтың тәні «талап, еңбек, терең ой, ар-намыс, ынсап, сабыр ғой», жаны - туралық пен әділетте, сезімі - рух, ыстық жүрек, өң-шырайда, тегі - ынсап пен рахаттану да, адалдық үшін күресте. Соңдықтан Абай адамтану тағлымы, біріншіден, тән, жан, сезім, тектілік үйлесімділігінде, екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте, үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда - дейді. Оның жетілу жолдары: кеп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау; шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам үдесі мен халық үмітін ақтау. Адамтану - есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны, сонымен қатар теңсіздіктің тетігі мен түбірін табу. Одан «ары бар, ұяты бар, ақылы бар» демекші, әркімнің езі іздеген құндылық табылар. Өйткені адам «дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайық», өзін ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт мүмкіндікті іздестіреді (27-28-сөз). Даналықтың тарихи бастауы Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ой-толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген.   

 

Даналық – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті,тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі қүнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи интелектінің (құраушы) бір жағы. Ол болып жатқан окиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады.
Толығырақ
Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығар-нда ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.
Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол.
Қазақ ойшылы Абай да «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді.
Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді.
Абай үшін даналық өлшемі
Абай үшін даналық өлшемі - адам мен уақыт, енер мен қабілет - кесіп мүмкіндігі, түсінік пен іс-әрекет бірлестігі. Даналық жекеден жалпыны тапты, жалпыдан жалқыны танытты, жалқының ортақ және ерекше себептерін көрсетті. Ол халық шығармашылығымен сабақтас. Абайдың да, қазақ халқының да даналығы табиғаттанудағы, адамтанудағы, енер табудағы, ағартушылықты жетілдірудегі ойшылдықтан, талпыныстан құралды, тірлік пен рухқа сүйенерлік сенімде жалғасын тапты. Табиғаттану Абай шығармасында үлкен орын алады. Абай үшін туған жер мен туған ел ұқсас ұғымдар. Осы мекен ортаны адам мақсатына сай түсіну, талқылау және бағалау қабілетінен даналық қалыптасты. Табиғаттағы бірлестік пен әр түрліліктің үйлесімін таба білгендер, олардың мазмұны мен мағынасын түсіндіре алғандар, табиғат көрінісімен жарасымды қатынаста болғандар және оның қорын дұрыс пайдаланып үйренгендер даналықтың әр түрлі салалары мен сәттерін қалыптастырды. Туған жерді қадірлей білген тәнтілік, ысырапқа ұшыратпаған шаруалық қашанда болмасын өрелі де, өтімді еді. Осы қажеттілікпен шұғылдану немесе адамды жақсы бастаманың ыңғайына орай тәрбиелеу - табиғаттанудың басты проблемасы. Табиғаттану - сезімді бейімдеу және тәжірибелік қабылдау, бастысы, табиғи құбылыстың түп тамырын табу, салыстыру арқылы оны тірлікке тірек ете білу. Табиғат ғажабына сай әрекет жасай білу - адамның дайындығын лайықты ескерту деген сөз. Табиғаттану мен адамтану арасындағы қатынас Д-тың мазмұнын қалыптастырады, адам тұлғасында өзіне сену, адал іске және төзімдік қабілетке арқа сүйеуі артады. Абай «берекелі болса ел - жағасы жайлау ол бір көл» деп, көңілде түйген тұжырым әлденеше жетістікке ұйытқы болатынына кәміл сенді. Тіпті «жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен?» (23-сөз) деген күдігіне «тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса» деп уәжін айтады.
Даналық - адамгершілікті танудағы құрал
Даналық - адамгершілікті танудағы, табудағы, табыстырудағы құбылыс, қасиет, құрал. Даналықтың тәні «талап, еңбек, терең ой, ар-намыс, ынсап, сабыр ғой», жаны - туралық пен әділетте, сезімі - рух, ыстық жүрек, өң-шырайда, тегі - ынсап пен рахаттану да, адалдық үшін күресте. Соңдықтан Абай адамтану тағлымы, біріншіден, тән, жан, сезім, тектілік үйлесімділігінде, екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте, үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда - дейді. Оның жетілу жолдары: кеп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау; шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам үдесі мен халық үмітін ақтау. Адамтану - есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны, сонымен қатар теңсіздіктің тетігі мен түбірін табу. Одан «ары бар, ұяты бар, ақылы бар» демекші, әркімнің езі іздеген құндылық табылар. Өйткені адам «дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайық», өзін ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт мүмкіндікті іздестіреді (27-28-сөз).
Даналықтың тарихи бастауы
Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ой-толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген. 
 
Бөлісу: