Еңбекшіқазақ ауданы

5 Желтоқсан 2012, 05:06

  Еңбекшіқазақ ауданы Еңбекшіқазақ ауданы – Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 9,7 мың км². Тұрғыны 204,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км-ге 21,1 адамнан келеді (2006). Аудан жеріндегі 80 елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданының оңттүстігін Іле Алатауының Қараш, шығысын, оңтістүгін-шығысын Бақай тауы, Сарытау, Сөгеті, Торайғыр таулары, қиыр шығысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік жері оңтүстігін-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз тауы (4241 м). Аудан жері солтүстікке қарай ылдиланып Қапшағай бөгеніне тіреледі. Бұл жазық келген өңірінде Іле ойпаты жатыр. Таулардан Есік, Түрген, Киікбай, Шолақ, Шыбықты, Белшабдар, Қаратұрық, Лаварсаз, Асы және Шілік өзендері бастау алады. Шілік өз-ндегі Бартоғай бөгенінен Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бастау алып, шығыстан батысқа қарай ағып өтеді. Таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (Есік, Жасылкөл, т.б.) кездеседі. Өзендерде бірнеше кішігірім СЭС-тер салынған. Толқын а. тұсында арнайы балық өсіруге арналған Есдәулетсай тоғаны, Түрген шатқалында бахтах (форель) ш. ұйымдастырылған. Аудан аумағында Алматы қорығы, Есік обасы («Алтын адам» мүрдесі табылған), Тянь-Шань шыршасы өсетін Шыңтүрген (Шымтүрген) шыршалығы (889 га) орналасқан. Тау бөктерлерінде Таутүрген, Қорам минералды бұлақтары бар. Шіліккемерде құм мен кесектас өндіріледі. Бұғыты тауларында вольфрам кен орны барланған. Еңбекшіқазақ ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 – 60 см). Қаңтар айының орташа темп-расы –6 – 10°С, кейде темп-ра –28 – 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа темп-расы 20 – 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. жазық өңірде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 550 – 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тауалдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен. Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Тау етегі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көктерек, емен, өрік, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Жануарлардан қоңыр аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жерлерде елік, борсық, суыр, қырғауыл, т.б. мекендейді. Су айдындары балыққа бай. Еңбекшіқазақ ауданында суғармалы және тәлімі (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой ш. бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Ауыл шаруашылығы на жарамды жерінің аум. 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібінің салалары жақсы дамыған. Ірілері: «Филипп – Моррис», «Фудмастер», «Голд продукт», «Есік жүзім зауыты», «Дионис», «Елес» т.б. Өсімдік ш-нда егістің басым бөлігі (80%) астық ш-ның үлесіне келеді. Еңбекшіқазақ ауданы жерінен Алматы – Райымбек, Алматы – Жаркент автомобобиль жолы өтеді. Есік қаласынан облыс орталығы – Талдықорған қ-на дейінгі арақашықтық 340 км.

 

Еңбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы – Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 9,7 мың км². Тұрғыны 204,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км-ге 21,1 адамнан келеді (2006). Аудан жеріндегі 80 елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы – Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданының оңттүстігін Іле Алатауының Қараш, шығысын, оңтістүгін-шығысын Бақай тауы, Сарытау, Сөгеті, Торайғыр таулары, қиыр шығысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік жері оңтүстігін-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз тауы (4241 м). Аудан жері солтүстікке қарай ылдиланып Қапшағай бөгеніне тіреледі. Бұл жазық келген өңірінде Іле ойпаты жатыр. Таулардан Есік, Түрген, Киікбай, Шолақ, Шыбықты, Белшабдар, Қаратұрық, Лаварсаз, Асы және Шілік өзендері бастау алады. Шілік өз-ндегі Бартоғай бөгенінен Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бастау алып, шығыстан батысқа қарай ағып өтеді. Таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (Есік, Жасылкөл, т.б.) кездеседі. Өзендерде бірнеше кішігірім СЭС-тер салынған. Толқын а. тұсында арнайы балық өсіруге арналған Есдәулетсай тоғаны, Түрген шатқалында бахтах (форель) ш. ұйымдастырылған. Аудан аумағында Алматы қорығы, Есік обасы («Алтын адам» мүрдесі табылған), Тянь-Шань шыршасы өсетін Шыңтүрген (Шымтүрген) шыршалығы (889 га) орналасқан. Тау бөктерлерінде Таутүрген, Қорам минералды бұлақтары бар. Шіліккемерде құм мен кесектас өндіріледі. Бұғыты тауларында вольфрам кен орны барланған. Еңбекшіқазақ ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 – 60 см). Қаңтар айының орташа темп-расы –6 – 10°С, кейде темп-ра –28 – 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа темп-расы 20 – 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. жазық өңірде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 550 – 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тауалдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен. Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Тау етегі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көктерек, емен, өрік, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Жануарлардан қоңыр аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жерлерде елік, борсық, суыр, қырғауыл, т.б. мекендейді. Су айдындары балыққа бай. Еңбекшіқазақ ауданында суғармалы және тәлімі (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой ш. бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Ауыл шаруашылығы на жарамды жерінің аум. 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібінің салалары жақсы дамыған. Ірілері: «Филипп – Моррис», «Фудмастер», «Голд продукт», «Есік жүзім зауыты», «Дионис», «Елес» т.б. Өсімдік ш-нда егістің басым бөлігі (80%) астық ш-ның үлесіне келеді. Еңбекшіқазақ ауданы жерінен Алматы – Райымбек, Алматы – Жаркент автомобобиль жолы өтеді. Есік қаласынан облыс орталығы – Талдықорған қ-на дейінгі арақашықтық 340 км.

Бөлісу: