Атмосфера

5 Желтоқсан 2012, 05:02

  Атмосфера — Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол гректің atmos – бу және sphaіra – шар деген екі сөзінің қосылуынан шыққан. Атмосфера газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15Һ1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфераның қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Температураның өзгеруіне қарай атмосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына ажырайды. Атмосфера шашыранды Күн радиациясын жартылай өзіне сіңіріп, өзінен ұзын толқынды инфрақызыл сәуле бөліп шығарады, сонымен қатар жер бетінің ұзын толқынды сәулесінің 3/4-ін қайта сіңіреді. Жер беті мен атмосфера арасында жылу және ылғал тұрақты түрде болып тұрады. Атмосфераның қабаттарында оның жалпы айналым әрекеттерімен қатар, физикалық процестер де жүріп жатады. Атмосферадағы газдың көлемдік құрамының массасы негізінен метаннан (СН4), көміртек тотығынан (СО), күкіртті газдан (SO2), азоттың шала тотығынан (N2О), күкірттің қос тотығынан (NО2), радионнан (Rn) және иодтан (J2) құралады. Атмосферадағы айналым – Жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Жердің тәуліктік айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа райы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады. Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді.

 

Атмосфера — Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол гректің atmos – бу және sphaіra – шар деген екі сөзінің қосылуынан шыққан. Атмосфера газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15Һ1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфераның қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Температураның өзгеруіне қарай атмосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына ажырайды. Атмосфера шашыранды Күн радиациясын жартылай өзіне сіңіріп, өзінен ұзын толқынды инфрақызыл сәуле бөліп шығарады, сонымен қатар жер бетінің ұзын толқынды сәулесінің 3/4-ін қайта сіңіреді. Жер беті мен атмосфера арасында жылу және ылғал тұрақты түрде болып тұрады. Атмосфераның қабаттарында оның жалпы айналым әрекеттерімен қатар, физикалық процестер де жүріп жатады. Атмосферадағы газдың көлемдік құрамының массасы негізінен метаннан (СН4), көміртек тотығынан (СО), күкіртті газдан (SO2), азоттың шала тотығынан (N2О), күкірттің қос тотығынан (NО2), радионнан (Rn) және иодтан (J2) құралады.

Атмосферадағы айналым – Жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы. Жердің тәуліктік айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа райы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады. Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді.

Бөлісу: