Жіп

5 Желтоқсан 2012, 04:57

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс., мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс., жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңіш-келілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б.). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді. Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері Қолмен жіп иіру неолит дәуірінен белгілі. Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды (қ. Ұршық). Келе-келе адамзат ұршықты доңғалақ арқылы айналдыру тәсілін, бір мезгілде шүйкелейтін және иіретін құралды ойлап тапты. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілетін. Мұндай жіптер таза, жұмсақ, әрі төзімді, созылмалы да әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң қолмен майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-қыбыр, шөп-шаламынан тазарып, ұйысқаны жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады. Жіп. Мұндай жүн созып иіруге, иненің жұмсауынан өткізуге, сымның, біздің, иненің ізімен іркілмей жүргізіп отыруға қолайлы. Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей отырып жеңіл-желпі домалаққа төгеді. Домалақтың ортасында әдейі ызған баудан немесе кез келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортан саусағына іліп алады. Бұл ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің басына) іліп қою үшін де өте қажет. Жіп иірудің құралдары Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі – шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады. Егер оның біраз жері жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны тарқатып қайта иіру қиын. Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта жалғап иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, шәлі жіптері өрмек, шуда жіптері сияқты өте пысық иірілмейді. Өйткені бұлай иірілген жіп тоқуға бөгет жасайды, ал тоқылып шыққан заттар өте дөрекі және тықыр болып шығады. Қолғап пен ұйықты кейде мықты болу үшін екі қабатталған жіппен тоқиды. Бірақ мұндайда екі жіпті қосып, қатты ширатудың қажеті жоқ. Тоқуға арналып иірілген жіп домалақтанып жиналады. Жіп иіруді механикаландыру Жіп иіруді механикаландыру 1770 – 80 жылдары Еуропада басталды. Техниканың кемелдене түсуіне байланысты түту, шүйкелеу, тегістеу процестері де механикаландырыла бастады. Жіп иіру – тоқыма өнеркәсібінің негізгі өндірісінің бірі. Өңделетін талшықтың қасиетіне және алынатын жіп сапасына қарай жіп иірудің әр түрлі жүйелері пайдаланылады. Тарау тәсіліне қарай иірудің негізгі 4 жүйесі бар: 1) кард жүйесінде тарауыш машинада ғана таралған мақта, зығыр, шелқабық талшықтарынан, кейде жүннен төмен және орта нөмірлі жіп алынады; 2)тарақтап иіру жүйесінде тарауыш машина да, тарақтап түту машинасы да пайдаланылады. Ұзынынан тегістелген жүн және ұзын талшықты мақтадан жоғары нөмірлі және аса жоғары сапалы жіп алынады; 3) түту жүйесінде талшық таралмайды, тек қылшықтан ажыратылады. Жүннің, зығырдың, жібек қалдығының ең ұзын талшығын өңдеу үшін қолданылады; 4)аппаратты жүйеде тегістеу кареткамен жалғастырылған 2 – 3 тарауыш машина бірден қолданылады да, төмен нөмірлі үлпілдек жіп алынады. Талшық түріне қарай жіп иіру мақта иіру, жүн иіру, жібек иіру, зығыр иіру, т. б. болып бөлінеді. Әр алуан талшықты жіп иіру үшін өңделетін талшықтың қасиетіне қарай әр түрлі машиналармен өңдеудің түрлі тәсілдері пайдаланылады.[1][2]

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс., мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс., жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңіш-келілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б.). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді.

Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері

Қолмен жіп иіру неолит дәуірінен белгілі. Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды (қ. Ұршық). Келе-келе адамзат ұршықты доңғалақ арқылы айналдыру тәсілін, бір мезгілде шүйкелейтін және иіретін құралды ойлап тапты. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілетін. Мұндай жіптер таза, жұмсақ, әрі төзімді, созылмалы да әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң қолмен майдалап түтеді. Түтілген жүн қыл-қыбыр, шөп-шаламынан тазарып, ұйысқаны жазылып, жұп-жұмсақ үлпілдеп тұрады.

Жіп.

Мұндай жүн созып иіруге, иненің жұмсауынан өткізуге, сымның, біздің, иненің ізімен іркілмей жүргізіп отыруға қолайлы. Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйкелей отырып жеңіл-желпі домалаққа төгеді. Домалақтың ортасында әдейі ызған баудан немесе кез келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортан саусағына іліп алады. Бұл ілмек шүйкені қыл-қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің басына) іліп қою үшін де өте қажет.

Жіп иірудің құралдары

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі – шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады. Егер оның біраз жері жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны тарқатып қайта иіру қиын. Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта жалғап иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, шәлі жіптері өрмек, шуда жіптері сияқты өте пысық иірілмейді. Өйткені бұлай иірілген жіп тоқуға бөгет жасайды, ал тоқылып шыққан заттар өте дөрекі және тықыр болып шығады. Қолғап пен ұйықты кейде мықты болу үшін екі қабатталған жіппен тоқиды. Бірақ мұндайда екі жіпті қосып, қатты ширатудың қажеті жоқ. Тоқуға арналып иірілген жіп домалақтанып жиналады.

Жіп иіруді механикаландыру

Жіп иіруді механикаландыру 1770 – 80 жылдары Еуропада басталды. Техниканың кемелдене түсуіне байланысты түту, шүйкелеу, тегістеу процестері де механикаландырыла бастады. Жіп иіру – тоқыма өнеркәсібінің негізгі өндірісінің бірі. Өңделетін талшықтың қасиетіне және алынатын жіп сапасына қарай жіп иірудің әр түрлі жүйелері пайдаланылады. Тарау тәсіліне қарай иірудің негізгі 4 жүйесі бар: 1) кард жүйесінде тарауыш машинада ғана таралған мақта, зығыр, шелқабық талшықтарынан, кейде жүннен төмен және орта нөмірлі жіп алынады; 2)тарақтап иіру жүйесінде тарауыш машина да, тарақтап түту машинасы да пайдаланылады. Ұзынынан тегістелген жүн және ұзын талшықты мақтадан жоғары нөмірлі және аса жоғары сапалы жіп алынады; 3) түту жүйесінде талшық таралмайды, тек қылшықтан ажыратылады. Жүннің, зығырдың, жібек қалдығының ең ұзын талшығын өңдеу үшін қолданылады; 4)аппаратты жүйеде тегістеу кареткамен жалғастырылған 2 – 3 тарауыш машина бірден қолданылады да, төмен нөмірлі үлпілдек жіп алынады. Талшық түріне қарай жіп иіру мақта иіру, жүн иіру, жібек иіру, зығыр иіру, т. б. болып бөлінеді. Әр алуан талшықты жіп иіру үшін өңделетін талшықтың қасиетіне қарай әр түрлі машиналармен өңдеудің түрлі тәсілдері пайдаланылады.[1][2]

Бөлісу: