Адайлардың көш жолдары - Маңғыстау қазақтарының Үстірттен солтүстікке ендікпен бойлай көшу бағыты. Тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған жергілікті тұрғындар ерте көктемде жайлауға қарай көшкен. Көш солтүстікке бағыт алып, Ембі, Сағыз, Ойыл және Қобда өзендері бойындағы жайлауларға барып тұрақтаған. Үстірт қазақтарының солтүстікке қарай көшу жолы «Адай жолы» деп аталады. Ол «Табын жолымен» қатар жатыр. Ақтөбе - Бесшыңырау - Тайжан жігіт - Сам құмы - Керқұдық - Каранғұлбұлақ - Шатырлы құмы - Мыңсуалмас - Желтау тауы - Қандарал (Ембі езені бойы) – Қарасақал.
Адай жылқыларын картаға алғаш рет осы өңірге экспедиция жасаған зерттеушілер М.Ищенко, И.Козыбеков, И.Ларин, Щелоков түсірген. Көшпелілер ертеде жайлауға шығар жолдарында негізгі нысана ретінде су көздерін басшылыққа алып, түстіктен теріскейге қарай 900-ден 1100 км-ге дейін жол жүрген. Жазда Ембі өзенінің бойын жайлаған Үстірт адайлары қыстауға қайтар бағытты қосқанда 2200 км-ге таяу жол жүріп өткен. Адайлар солтүстіктегі жайлауды 2-3 ай жайлап, күз басталарда кері көшіп, Закаспий облысы, Хиуа хандығы жерлеріне дейін келген. Маңғыстаулық көшпелілер көшудің бойлық (мерадианалъды) және стационарлық бағыттарын ұстанды. Зерттеуші Ф.Фиельструптың айтуы бойынша, адайлар көшу бағыттарына қарай төрт топқа бөлінген: біріншісі - Маңғыстаудан Ойыл өзені арқылы Қобда бойына жететіндер; екіншісі - Үстірттен Жем өзенінің оң жақ бетіне көшетіндер; үшіншісі - Маңғыстау өңірінде көшіп-қонатындар; төртіншісі Бозащы түбегінде көшіп-қонатындар. Ал, Маңғыстау түбегі көшпелілерінің Ембіге қарай көшу жолдарының бағыты Александровск форты – Ханға баба - Түбеджік - Теңгезек - Үдек Тарталы - Үлан - Жангелдір - Тұщыбек - Шепе - Ажар - Күркіреуті - Өтес (Үстіртте) - Ішкеқырған - Қатиза - Тайте - Қосқұлақ - Мәніш - Күекел (Үстірт жотасында) - Алакұлаш (Қарақұм кұмында), Азнағул, Қарашұнғыл, Ембі өзені Боқашы шатқалы болды. Адайлардың Александровск фортынан Орал губер ниясына дейінгі көшу жолы: Александровск форты - Хангабаба - Қышқайық - Үдек - Таушек Торыш - Қарашыңырау - Ақмыс - Жармыс - Саура - Тамды - Жәңгіреспе - Манат - Буғырұслан - Өтес - Ішкеқырған - Байынты - Уэли - Танке Қожақамау - Бесболат - Тұздыорпа - Шабайорпа.
Ә.Бөкейхановтың 1925 ж. жазған дерегі бойынша, адайлардың жайлауға көшу ұзақтығы 700-900 шақырымды кұраған. Бұл мәлімет XX ғ.-дың бас кезінде жайылымдық жерлердің тарыла бастағанын байқатады. Оның үстіне 1904-1905 жж. жұттан малдарының жартысына жуығы қырылды, әрі мал санының күрт азаюы да кошу бағытының тарылуына себеп болды. Маңғыстаулық көшпелілер Қаратау, Ақтау таулары етегінде, Сеңгірқұм, Аққұм, Сарыөзек құмдарында, Үстіртте қыстады. Қыстаудан ерте көктемде көтеріліп, көршілес жатқан Гурьев және Темір уезіндегі мерзімдік жайылымдарға көшті. Маңғыстаулық адайлардың солтүстікке қарай кошу бағыты Үстірттегі адайлармен бір болып, табындармен шендес түрде, бірақ қарама-қарсы бағытта жүріп отырған. Маңғыстаулықтар Үстірттегі Сам және Самматай құмдарында көктеу, күзеуді оөткеріп, жайлауға Орал облысы жеріндегі Ембі бойына көтерілді. Солтүстікке қарай кошу бағыты «Ембі жолы» деп аталды. Маңғыстаулық көшпелілердің қосынында түйе мен қой малы басым болғандықтан, жай жүріп отырған.
Маңғыстау жерінде Ханға баба, Ұланақ, Тамды, Қаратай, Бүгірстан, Ермак, Қарақұдық, Есеншағыл, Түйден сияқты елді мекендердегі құдықтар жол бағытын жалғап жатты. Қыс кезінде малы коп адайлар малдарын Хиуа хандығы жеріне қарай айдаған және кошу жолдары Александровск фортынан Хиуа хандығы жеріне Александровск форты - Хангабаба - Кыштан Бүрліген - Беке - Бесқұдық - Борлы - Ащыербас - Сұмса - Селек - Бесақты Сұмқию-Босаға - Қарақұм - Байлар - Қитар - Ұзын - Қипыр Айбөгір бағытымен өтті. Адайлар Хиуа хандығының жерлерін қысқы жайылымға пайдаланғаны үшін 1 түйеге 10 тиын, бір жылқыға - 5 тиын, бір қой үшін - 2 тиын салық төлеп отырды. Маңғыстау қазақтарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы ішінара 1930 жылдың аяғына дейін жалғасты. Батыста қаусыра салынған орыс бекіністері, қоныстанушылар легінің ағылуы жергілікті халықты солтүстік батыстағы жаздық жайылымдық жерлерінен айырды.