Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттары

5 Желтоқсан 2012, 04:36

Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттары Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің бағыттауымен) теңестірілді. Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады. Қарабайырлық «Қарабайырлыққа» келсек, бұл теңеу, сөз жоқ, өзінің шарттылығы жағынан байырғы алып аумақта мыңдаған жыл бойғы ерекше тәжірибені игеру әлемі болып табылатын, өзіндік тарихи эволюциялық даму формасына қолданыла қояр ма екен. Шынында да, өте қолайсыз табиғи ортаға бейімделудің тиімді әлеуметтік тетігімен және дамыған мәдени дәстүрлерімен қоса, өзінің жеке өркениетін қалыптастырған шаруашылық жүйесін «күйкі» жүйе деп есептеу дұрыс бола қоймас. Көшпелілердің жалпыға бірдей танылған, айтарлықтай жоғары әртараптандырылған (күрделі) технологиялық дағдыларына мұндай таным сәйкес келмейді. Ежелгі далалықтар өндірісті ұйымдастырудың таңғаларлықтай таразыланған принциптерін меңгерді, табиғи ортадағы өзгерістерді тез және байыппен зерделеп, осыдан келіп туындайтын қайшылықтарды уақытына және кеңістігіне орай топтасқан қорларды кәдеге жарату арқылы шешуді үйренді. Олар мал тұқымын жақсарту, табынды бақташылық пен оның құрылымын жетілдіру әдістерін терең меңгерді, олардың малдың этологиясы (дағдысы) және фенологиясы саласындағы танымы өте жоғары болды. Осы бүкіл тәжірибе ғасырлар бойы дамытылып, жетілдіріле түсті, жаңа сипатпен ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Осының өзі мал өсіру мәдениеті серпінділігінің шартты түрдегі басты көздерінің бірі саналады. Дамыған бейімделу-бейімдеу (мекен еткен ортасына бейімделу және сонымен бірге оны өзінің мүдделеріне бейімдеу) тетігі мен өзін-өзі ұйымдастырудың айтарлықтай қуатты әлеуетін меңгере отырып, көшпелілік құрылым шөлейтті экожүйеге кірігуге қабілетті болып шықты. Оның үстіне бұл үрдіс сондай икемді жүргізілді, тіпті мал өсіретін шаруашылықтардың өзі уақыт өте келе белгілі бір экологиялық қызметті (дәлелденгендей, жайылымдық жерлердің дұрыс пайдаланылмауы шөп шығымын төмендетеді, азот айналымын азайтады және айналып келгенде өсімдіктің өсуін нашарлатады) атқарушыға айналды.[1]. Көшпелілік кешенінің қоршаған ортаға қосылуынын тиімділігіне мына жайттар дәлел, соның аясында өзінің дамуы үшін ол кәдімгі-табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінділік тепе-теңдігін сақтауға қажеті алғышарттарды қалыптастырды. Мұндай эквилибрум (тепе-теңдік| идеясы бүкіл шаруашылық-ғұрыптық дәстүрдің кенеттен қозғалысқа түсуінен туындады. Осынын арқасында табиғи қорларды пайдаланушы және табиғатты сақтаушы қызмет кырларының арасында шартты түрде ойластырылған теңдікке қол жеткізілді, ал ол табиғатқа қатысты кереғар әрекетті болдырмауға, тиісінше әрекет етуші «қоғам — табиғат» жүйесінде үйлесімсіз байланыстар тудыруы мүмкін теріс салдарларын барынша жеңілдетуге мүмкіндік берді. Нақ соңғы тіркес бойынша Даладағы жұт және індет сияқты жан шошырлық құбылыстардың себебін түсіне аламыз. Жекелеген зерттеушілер, мәселен, Ф. Шахматов, оларды тренда — ғасырлар бойғы статистика шегінде қарастыра отырып, бұл арада қайсыбір қатаң кайталанып отыратын жиілік кезеңдерін бағамдауға тырысқан. Бұл 12 жылдық дағдарысты кезең - мүшелге бөлінетін халықтық ғұрыпқа да тән. Біздің ойымызша жұт - «қоғам» тарапынан оған шектен тыс қысым көрсетілгенде «табиғат» жүйесінің соған қарсы өзін-өзі қорғайтын рефлексі (айнадағыдай бейнеленуі). Малдың сан жағынан тез көбейіп кетуі жайылымға тиісінше қиындық тудырады. Табиғи орта одан құтылу мақсатында өзінің реттеуші тетігін, оның ішінде жұт, індет сияқты тетіктерін іске қосады. Жер Ғарыштың бір бөлшегі ретінде онымен зат алмасуы және қуат арқылы тұрақты байланысып тұратынын естен шығармаған жөн. Демек, табиғи антропогендік тепе-теңдік бұзылған жағдайда іс-әрекетті қалпына келтіретін кері энергиялық байланыстын туындайтыны сөзсіз (Ш. Фурьенін, Э. Леруаның, П. Тейяр де Шарденнің, В. Вернадскийдің, А. Чижевскийдін космосоциологиялық ілімдерін қараңыз). Жұттың жиілігіне және олардың аралық уақыттарға сәйкес келуіне тоқталсақ, олар сол кезең ішінде малдардың саны өзінің өнімдік дағдарыстық шегіне жететін уақытша циклдар жүйесі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, табиғи жағдай ескерілмегені үшін табиғат мықтап кек алады (табиғи реттейді). Жоғарыда айтылғаннан мал өсіруші шаруашылықтар өңірдің мейлінше қатал табиғи-климаттық сипатына соған бара-бар кері жауап берді деген қорытынды шығаруға болады. Әйтпесе, басқаша болуы мүмкін емес, өйткені шаруашылық-мәдени қызметтің белгіленген үлгісі өзінің қазіргі күйіне қайсыбір «бастапқы консервативтілігімен және артта қалушылық» ескілігімен емес, экожүйенің жағдайларымен түзетілген объективті эволюциясымен тығыз байланысты. Экстремалды ортаның айын көрінісі болып табылатын шөлейтті кеңістік бейімделудің мүлдем ерекше формасын талап етті. Және мұндай форма жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығында іске асырылды, ол тек осындай жағдайда ғана тұрақты экологиялық зардаптарға шартты тиімділікпен қарсы тұра алатын, тіпті кейде оны біраз жеңілдете де алатын еді. Егер осы арада көрсетілген объективті оқшаулануды шолып өтсек, онда логикалық пайым шамамен былай болып шығады. Қазақстанның аумағы өзінің мәндік сипаттамасы бойынша қуаншылығы басым кеңістік. Алайда оны бұзбай-жармай тұтас қарастырсақ, ол шөлейтті экожүйе ретінде әрекет етеді. Тиісінше, ол сонымен бірге шөлейтті экологиялық қалтарыс ретінде ұғылады. Экологиялық аксиома ілімінің іргелі қағидаларының бірі - қалыпты экологиялық ортаның болуы тұрғысынан қарастырсақ, Қазақстанның аумағында да қолайлы экологиялық орта керек деген тұжырымға келуге болады. Алайда әңгіме нақ шөлейтті экологиялық орта туралы болғандықтан, оған шаруашылық-мәдени қызметтің тек мал шаруашылығы үлгісі ғана кіріге алады. Сонымен бірге ол жай мал шаруашылықты емес, жайылымдық-көшпелі, өйткені мүлдем ерекше экологиялық тұрғыдан баламалық номадтық (көшпелі) өндірістік әдіс арқылы ғана шаруашылық жүргізуші субъектіге кең жазира жер бедерлерін кәдеге жаратады, яғни аумақты әлеуметтік жағынан бейімдей алады. Демек, экожүйелік шектеулердің объективті салдарынан және өндіргіш күштің объективті түрде қалыптасқан деңгейіне орай, жартылай шөлейтті Қазақстан тұрғындары өндірістің жайылымдық мал шаруашылығынан басқа түрімен айналыса алмады. Тек осы шаруашылық жүйесімен ғана шөлейтті экожүйемен кірігуге, сөйтіп «экономикалық тіршілікті» азды-көпті қамтамасыз етуге болатын еді. Және әрекет үстіндегі экологиялық ортаға (индустрияланғанға дейінгі өндіргіш күш аясына) бейімдеу арқылы ғана бақташы өз жұмысын айтарлықтай ұтымды жалғастыра алды, сонымен қатар жоғары және бәсекеге кабілетті (сол кездегі баламалылығы мүмкін шаруашылық жүйесіне қатысты) әлеуетін айқын көрсетті. Алайда экологиялық ұтымдылық экономикалық мақсатпен жиі қайшылыққа түседі, көп жағдайда соңғысы басшылыққа алынады. Куаңшылық факторы жағдайында мұндай түйіннің болашағы аз, өйткені эко-жүйеге қабілеттілік ретінде қосылу, онын экономикалық тұрғыда тиімді игеру мүмкіндігін де білдіреді. Баламасыз шаруашылықтың табиғи ортаға кері әсері күтілген экономикалық мақсатты қатты әлсіретті (бұл бірден болды ма немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін болды ма, әңгіме онда емес). Табиғи-тарихи үрдістердің логикасы осындай және оған айтарлықтай дамыған өндіргіш күшке мықты тірек болғанда ғана енуге болады, бірак объективті ақиқаттан алшақтап, төңкерістік-қайта құрушы құдіретті күшке деген жалаң сеніммен қарамау керек.  

Күштеп отырықшыландыру. Көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің экономикалық және саяси мақсаттары
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.
Седентаризация (отырықшыландыру) идеясы, сондай-ақ ауылды жаппай ұжымдастырудың болашағы шаруашылық-мәдени үлгілердің ауысуымен тығыз байланыстырылды. Басқаша айтқанда, қазақ шаруа шаруашылығының даму жолдары мал өсіретін шаруашылықтардың егіншілікпен айналысатын немесе тұрақтап мал өсіретін шаруашылықтарға ауысуымен (мемлекеттің бағыттауымен) теңестірілді.
Мұндай ұғымның шенеуніктік-әкімшілік санаға берік орныққаны сонша, ол абсолютті шындық ретінде қабылданды. Алайда жаңа революциялық ойлау кеңістігімен проблемаларды бұлайша қабылдау қате болар еді, өйткені бұл арада дамыған дәрежедегі түсініктің дәстүрлі факторлары әлдеқайда басымдық рөл атқарады. Оның арнасында көшпелілер құрылымының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дағдылары тәжірибелік өркениеттермен және мәдениеттермен бітіспес жанжалға түсетін ескі-артта қалған дәстүр ретінде қарастырылады. Әрине, қалаған жағдайда сол кезде мал өсірушілердің Қазақстанда қанат жайған жайылымдық-көшпелі жүйесін барынша ұтымды және қарапайым жүйе ретінде сипаттауға болар еді. Алайда ол тек, аталған феноменді оған жағдай жасайтын кешеннен бөліп алып, индустриалды қоғамның ұғымына сүйене отырып, тап сол «ұтымды» экономикалық логиканың аясында қарастырған, өндірісті кеңейту мен табысты өсіруді мақсат тұтқанда ғана әділетті болады. Оның үстіне дәстүрлі шаруашылықтың дәлелі сапалық тұрғыдан өзге міндетке — биологиялық және әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған және осы мақсатқа икемделуде ол айтарлықтай ұтымды болып шығады.
Қарабайырлық
«Қарабайырлыққа» келсек, бұл теңеу, сөз жоқ, өзінің шарттылығы жағынан байырғы алып аумақта мыңдаған жыл бойғы ерекше тәжірибені игеру әлемі болып табылатын, өзіндік тарихи эволюциялық даму формасына қолданыла қояр ма екен. Шынында да, өте қолайсыз табиғи ортаға бейімделудің тиімді әлеуметтік тетігімен және дамыған мәдени дәстүрлерімен қоса, өзінің жеке өркениетін қалыптастырған шаруашылық жүйесін «күйкі» жүйе деп есептеу дұрыс бола қоймас.
Көшпелілердің жалпыға бірдей танылған, айтарлықтай жоғары әртараптандырылған (күрделі) технологиялық дағдыларына мұндай таным сәйкес келмейді. Ежелгі далалықтар өндірісті ұйымдастырудың таңғаларлықтай таразыланған принциптерін меңгерді, табиғи ортадағы өзгерістерді тез және байыппен зерделеп, осыдан келіп туындайтын қайшылықтарды уақытына және кеңістігіне орай топтасқан қорларды кәдеге жарату арқылы шешуді үйренді. Олар мал тұқымын жақсарту, табынды бақташылық пен оның құрылымын жетілдіру әдістерін терең меңгерді, олардың малдың этологиясы (дағдысы) және фенологиясы саласындағы танымы өте жоғары болды. Осы бүкіл тәжірибе ғасырлар бойы дамытылып, жетілдіріле түсті, жаңа сипатпен ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Осының өзі мал өсіру мәдениеті серпінділігінің шартты түрдегі басты көздерінің бірі саналады.
Дамыған бейімделу-бейімдеу (мекен еткен ортасына бейімделу және сонымен бірге оны өзінің мүдделеріне бейімдеу) тетігі мен өзін-өзі ұйымдастырудың айтарлықтай қуатты әлеуетін меңгере отырып, көшпелілік құрылым шөлейтті экожүйеге кірігуге қабілетті болып шықты. Оның үстіне бұл үрдіс сондай икемді жүргізілді, тіпті мал өсіретін шаруашылықтардың өзі уақыт өте келе белгілі бір экологиялық қызметті (дәлелденгендей, жайылымдық жерлердің дұрыс пайдаланылмауы шөп шығымын төмендетеді, азот айналымын азайтады және айналып келгенде өсімдіктің өсуін нашарлатады) атқарушыға айналды.[1].
Көшпелілік кешенінің қоршаған ортаға қосылуынын тиімділігіне мына жайттар дәлел, соның аясында өзінің дамуы үшін ол кәдімгі-табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінділік тепе-теңдігін сақтауға қажеті алғышарттарды қалыптастырды. Мұндай эквилибрум (тепе-теңдік| идеясы бүкіл шаруашылық-ғұрыптық дәстүрдің кенеттен қозғалысқа түсуінен туындады. Осынын арқасында табиғи қорларды пайдаланушы және табиғатты сақтаушы қызмет кырларының арасында шартты түрде ойластырылған теңдікке қол жеткізілді, ал ол табиғатқа қатысты кереғар әрекетті болдырмауға, тиісінше әрекет етуші «қоғам — табиғат» жүйесінде үйлесімсіз байланыстар тудыруы мүмкін теріс салдарларын барынша жеңілдетуге мүмкіндік берді. Нақ соңғы тіркес бойынша Даладағы жұт және індет сияқты жан шошырлық құбылыстардың себебін түсіне аламыз. Жекелеген зерттеушілер, мәселен, Ф. Шахматов, оларды тренда — ғасырлар бойғы статистика шегінде қарастыра отырып, бұл арада қайсыбір қатаң кайталанып отыратын жиілік кезеңдерін бағамдауға тырысқан. Бұл 12 жылдық дағдарысты кезең - мүшелге бөлінетін халықтық ғұрыпқа да тән. Біздің ойымызша жұт - «қоғам» тарапынан оған шектен тыс қысым көрсетілгенде «табиғат» жүйесінің соған қарсы өзін-өзі қорғайтын рефлексі (айнадағыдай бейнеленуі). Малдың сан жағынан тез көбейіп кетуі жайылымға тиісінше қиындық тудырады. Табиғи орта одан құтылу мақсатында өзінің реттеуші тетігін, оның ішінде жұт, індет сияқты тетіктерін іске қосады. Жер Ғарыштың бір бөлшегі ретінде онымен зат алмасуы және қуат арқылы тұрақты байланысып тұратынын естен шығармаған жөн. Демек, табиғи антропогендік тепе-теңдік бұзылған жағдайда іс-әрекетті қалпына келтіретін кері энергиялық байланыстын туындайтыны сөзсіз (Ш. Фурьенін, Э. Леруаның, П. Тейяр де Шарденнің, В. Вернадскийдің, А. Чижевскийдін космосоциологиялық ілімдерін қараңыз). Жұттың жиілігіне және олардың аралық уақыттарға сәйкес келуіне тоқталсақ, олар сол кезең ішінде малдардың саны өзінің өнімдік дағдарыстық шегіне жететін уақытша циклдар жүйесі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, табиғи жағдай ескерілмегені үшін табиғат мықтап кек алады (табиғи реттейді).
Жоғарыда айтылғаннан мал өсіруші шаруашылықтар өңірдің мейлінше қатал табиғи-климаттық сипатына соған бара-бар кері жауап берді деген қорытынды шығаруға болады. Әйтпесе, басқаша болуы мүмкін емес, өйткені шаруашылық-мәдени қызметтің белгіленген үлгісі өзінің қазіргі күйіне қайсыбір «бастапқы консервативтілігімен және артта қалушылық» ескілігімен емес, экожүйенің жағдайларымен түзетілген объективті эволюциясымен тығыз байланысты. Экстремалды ортаның айын көрінісі болып табылатын шөлейтті кеңістік бейімделудің мүлдем ерекше формасын талап етті. Және мұндай форма жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығында іске асырылды, ол тек осындай жағдайда ғана тұрақты экологиялық зардаптарға шартты тиімділікпен қарсы тұра алатын, тіпті кейде оны біраз жеңілдете де алатын еді.
Егер осы арада көрсетілген объективті оқшаулануды шолып өтсек, онда логикалық пайым шамамен былай болып шығады. Қазақстанның аумағы өзінің мәндік сипаттамасы бойынша қуаншылығы басым кеңістік. Алайда оны бұзбай-жармай тұтас қарастырсақ, ол шөлейтті экожүйе ретінде әрекет етеді. Тиісінше, ол сонымен бірге шөлейтті экологиялық қалтарыс ретінде ұғылады. Экологиялық аксиома ілімінің іргелі қағидаларының бірі - қалыпты экологиялық ортаның болуы тұрғысынан қарастырсақ, Қазақстанның аумағында да қолайлы экологиялық орта керек деген тұжырымға келуге болады. Алайда әңгіме нақ шөлейтті экологиялық орта туралы болғандықтан, оған шаруашылық-мәдени қызметтің тек мал шаруашылығы үлгісі ғана кіріге алады. Сонымен бірге ол жай мал шаруашылықты емес, жайылымдық-көшпелі, өйткені мүлдем ерекше экологиялық тұрғыдан баламалық номадтық (көшпелі) өндірістік әдіс арқылы ғана шаруашылық жүргізуші субъектіге кең жазира жер бедерлерін кәдеге жаратады, яғни аумақты әлеуметтік жағынан бейімдей алады.
Демек, экожүйелік шектеулердің объективті салдарынан және өндіргіш күштің объективті түрде қалыптасқан деңгейіне орай, жартылай шөлейтті Қазақстан тұрғындары өндірістің жайылымдық мал шаруашылығынан басқа түрімен айналыса алмады. Тек осы шаруашылық жүйесімен ғана шөлейтті экожүйемен кірігуге, сөйтіп «экономикалық тіршілікті» азды-көпті қамтамасыз етуге болатын еді. Және әрекет үстіндегі экологиялық ортаға (индустрияланғанға дейінгі өндіргіш күш аясына) бейімдеу арқылы ғана бақташы өз жұмысын айтарлықтай ұтымды жалғастыра алды, сонымен қатар жоғары және бәсекеге кабілетті (сол кездегі баламалылығы мүмкін шаруашылық жүйесіне қатысты) әлеуетін айқын көрсетті.
Алайда экологиялық ұтымдылық экономикалық мақсатпен жиі қайшылыққа түседі, көп жағдайда соңғысы басшылыққа алынады. Куаңшылық факторы жағдайында мұндай түйіннің болашағы аз, өйткені эко-жүйеге қабілеттілік ретінде қосылу, онын экономикалық тұрғыда тиімді игеру мүмкіндігін де білдіреді. Баламасыз шаруашылықтың табиғи ортаға кері әсері күтілген экономикалық мақсатты қатты әлсіретті (бұл бірден болды ма немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін болды ма, әңгіме онда емес). Табиғи-тарихи үрдістердің логикасы осындай және оған айтарлықтай дамыған өндіргіш күшке мықты тірек болғанда ғана енуге болады, бірак объективті ақиқаттан алшақтап, төңкерістік-қайта құрушы құдіретті күшке деген жалаң сеніммен қарамау керек.


 

Бөлісу: