Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов

5 Желтоқсан 2012, 04:26

    Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жарқын ауылы– 1937) – қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист. Омбы гимназиясын (1917) бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетінде (1922– 23), Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы халық ш. институтында (1923– 24) оқыған. Жас кезінде Омбы қаласында құрылған «Бірлік», «Жас азамат» қазақ жастарының ұйымдарына қатысқан. 1919 – 22 жылдары Ресей коммунистік жастар одағы Сібір бюросы жанындағы қазақтатар секциясының хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, Ақмола жалпы білім комитетінің алқа мүшесі, 1922 – 23 жылдары Ташкентте шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923 – 24 жылдары КСРО ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарды. 1924 – 26 жылдары БК(б)П ОК баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926 – 28 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 – 32 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1935 – 36 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936 – 37 жылдары Қазақ КСР ХКК жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1937 жылдары репрессияға ұшыраған. Абай туралы еңбектері Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі - «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол - сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді.  

 

 
Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жарқын ауылы– 1937) – қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист. Омбы гимназиясын (1917) бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетінде (1922– 23), Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы халық ш. институтында (1923– 24) оқыған. Жас кезінде Омбы қаласында құрылған «Бірлік», «Жас азамат» қазақ жастарының ұйымдарына қатысқан. 1919 – 22 жылдары Ресей коммунистік жастар одағы Сібір бюросы жанындағы қазақтатар секциясының хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, Ақмола жалпы білім комитетінің алқа мүшесі, 1922 – 23 жылдары Ташкентте шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923 – 24 жылдары КСРО ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарды. 1924 – 26 жылдары БК(б)П ОК баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926 – 28 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 – 32 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1935 – 36 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936 – 37 жылдары Қазақ КСР ХКК жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1937 жылдары репрессияға ұшыраған.
Абай туралы еңбектері
Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі - «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол - сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді.
 
Бөлісу: