Кәффарат түрлері. Қателесіп, әдейі немесе біреудің зорлауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолдарының әрбіріне - «кәффарат» делінеді. Бұл - әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фикһта бес түрлі кәффарат бар.
Ораза кәффараты.
Кімде-кім Рамазанда әдейілеп, ешқандай себепсіз Оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құдды немесе күнді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан Ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жок-жітікті тамақтандыруы. Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар» («Мұхаммед», 33-аят). Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті (кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан Оразасынан тыс Оразаларға тек қана қаза керек.
Қателесіп мұсылманды өлтірудің кәффараты.
Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» (құн) өтеу - уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеуі тиіс. Ол - бір құдды азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай бойы үзбей Ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға мұсылманды өлтіру - жараспайтын іс-әрекет. Бірақ қатедесіп өлтірсе, бір мұсылман құдды азат етуі, әрі өлген адамның несіне құнын төлеуі тиіс» (Ниса, 4/92), - делінеді.
Зиһар кәффараты.
Зиһар - Исламнан бұрынғы дәуірле араб әлемінде әйелдерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың» дейтін. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында да бір сахаба әйеліне ашумен осылай айтады. Кейіннен Пайғамбарымызға (с.а.у.) мән-жайды түсіндіріп, өзінің кәрі әрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол кезде бұл істің үкімін сұрап, Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі: «Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуінің сөйлескендерін де естиді. Аллаһ - толық естуші және толық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс, әрі жалған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ - аса кешірімді, әрі рақымды. Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, әйелінен қосылудан бұрын бір құл азат етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді. Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба алмаса, әйеліне қосылудан бұрын тұтас екі ай Ораза ұстасын. Оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаһқа және Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ, осы Аллаһтың тектері. Қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар» (Мүжаделе, 58/1-4). Бірақ бір ер кісі әйеліне «Сен маған анам секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның ниетіне байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы келсе, оған ешнәрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса, зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда «байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті жоқ болса, бұл сөз айтылмағандай болып қала береді.
Қажылықта ихрам кезінде шаш алдырудың кәффараты.
Құранда қажылықта ихрам киген адамдар үшін белгілі тыйымдар қойылған. Міне, ихрам кезінде уақыттан бұрын шаш алдырмау - осы тыйымдардың бірі. Сондықтан ихрам кезінде бір адам басының төрттен бірін немесе одан көбін немесе сақалының төрттен бірін алдырса, жаза ретінде бір құрбан шалуы керек. Төрттен бірінен азын алдырса, садақа беру керек.
Ант кәффараты.
Аллаһ атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл - бір құдды азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар Ораза ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта басынан ұстау керек. Құранда: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра берген анттарыңнан жауапкер етер (Ант бұзсаңдар), оның төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлыны тамақтандыру, не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау» («Майда», 89-аят), - делінген. Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар бір кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат берсін» (Муслим, Иман, 15-16).