ГУМИЛЕВ Лев Николаевич [1912, Ресей, Петербург губ. Царское с. — 18.6.1992, Ресей, Петербург (қазіргі Санкт-Петербург)] — белгілі этнограф-тарихшы, Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғыл. академиясының акад., география және тарих ғыл. докт., ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман, Н.С.Гумилев пен А.А. Ахматованың ұлы. 1934 ж. Г. Ленинград ун-тінің тарих ф-тіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихы жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VІ-VІІІ вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының араласуымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Г. қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. ГУЛАГ кезеңінің тәртібімен қуғындалып, Петропавлдың түрмесінде бірнеше күн болады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945 — 48 ж. ун-тті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты канд. дисс. қорғады. 1949 ж. қайта қамалып, НКВД айрықша жиналысының үкімі бойынша 10 жыл бас бостандығынан айырылады; 1956 ж. босатылып, А.Фадеевтің көмегімен ақталады. 1961 ж. Г. «Древние тюрки VІ-VІІ вв.» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Г. ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60 — 70 жылдарда Г-тің ғыл. еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Г-тің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Г-тің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя русь и Великая степь» (М., Мысль, 1989) еңбегі болды. Онда ІX-XІІ ғ-лардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы евроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Г. тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. Өз жұмыстарында Г. Есіл жағалауы тарихынан бірнеше мысалдар келтірген.