Гуманистік манифест - "Гуманистік Манифест 2000: жаңа планетарлық гуманизмге үндеу" - халықаралық гуманистік ұйымдардың әлемдік қауымдастыққа жолдаған үндеуі. 1933 жылы Еуропа мен АҚШ-тың бір топ ғалымдары мен қоғам қайраткерлері демократия принциптері мен әлеуметтік бағытталған экономикаға негізделген құндылықтар жүйесінің қайта құрылуын талап еткен "I Гуманистік Манифестке" қол қойды. 1973 жылы "II Гуманистік Манифест" жарық көрді. Ол "Адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды қорғады ма? Тоталитаризмді сынға алды ма? Нәсілшілдікті ше?" деген сауалдарға жауап іздеді. Діни және таптық қарама-қарсылықтардың орнына II Манифесте этика, қандай да бір теологиялық, саяси және идеологиялық санкциялардан еркін жалпы адами құндылықтар алдыңғы орынға шығарылды. Манифест 2000 әлемнің бүгінгі және болашақтағы қауіпсіздігі мен жақсы жағдайын қамтамасыз ететін жаңа планеталық гуманизмнің рөлін арттырады. Оның іске асуы Құқықтар мен міндеттемелер жайлы Жер шары Биллінде көрсетілген міндеттемелерді орындаумен байланысты. XXI ғасырдың басты мәселесі - шынайы жаһандық әзекті мәселелерді шешумен айналысатын арнайы ғаламдық институттар ашу. Өкінішке орай, Б¥¥, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сияқты институттардың мүмкіндіктері мен халықаралық қауымдастық мүқтаждықтарының арасында алшақтық кәп. Б¥¥ егеменді мемлекеттер ассамблеясынан егеменді халықтар ассамблеясына өзгертіп, тиімділігін арттыру керек. Егер біз жалпы ғаламдық мәселелерді шешуге ұмтылсақ, онда жекелеген мемлекеттер трансұлттық билік пайдасына өз үлттық егемендігінің бір бөлігінен бас тартуы қажет. Трансұлттық билік жүйесін қүру үшін гуманистер келесідей реформалар жасауды үсынады:
• Біріншіден, бүкіл Жер шарының халқы сайлаған, солардың Үкіметінің емес, адамдардың өздерінің мүдделерін қорғайтын Бүкіләлемдік Парламент құруға элем мұқтаж.
• Екіншіден, халықаралық қақтығыстарды реттеуге қабілетті қауіпсіздіктің тиімді жүйесіне элем мұқтаж. "Үлкен бестікке" тиесілі вето құқы жойылуы керек.
• Үшіншіден, өз қарарларын орындатуға құзырлы, тиімді, арнайы өкілеттілігі бар Бүкіләлемдік сот пен сот орындарының Халықаралық жүйесін қалыптастыруымыз керек.
• Төртіншіден, қоршаған орта мәселелерімен айналысатын жер шарылық агенттік ашу қажеттілігі туындап отыр.
• Бесіншіден, артта, дамымай қалған елдердің нарықтық қатынастармен реттелмейтін әлеуметтік мұқтаждықтарын өтеу, жәрдем беру үшін халықаралық салық жүйесі қажет.
• Алтыншыдан, ғаламдық институттар жүйесінің дамуы халықаралық корпорациялар мен мемлекеттік монополиялар қызметтерін бақылап, реттеуге мүмкіндік тудырады.
• Жетіншіден, біз идеялармен еркін алмасу, әркелкі пікірлерді сыйлау және өзгеше ойлау қүқын әдетке айналдыруымыз керек.