Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

5 Желтоқсан 2012, 04:12

  Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтікинфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді». Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғиқор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (≪ғылымды көп қажет ету≫ факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор). Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді. Тұрмыстық қызмет көрсету 1. Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халықыа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында. Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, үн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяк киім және тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірек ақша жүмсайды. Сауданың негізгі белігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда «сересі» болып табылады. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған. Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз. Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медидиналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына аудандық поликлиникалар, шағын фельдшерлік пункттер қызмет керсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан. Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Балабақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн-нан астам адам білім алуда. Еліміздің тұрғындарының 1/3 оқу партасында деп есептеуге болады. Бұл «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы» - мектеп оқушылары, сендер 3 млн- нан асасыңдар. Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру - «нағыз калалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оку орындарының 66-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады. Халықтың демалысын ұйымдастыру 2. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол - адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық- курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде (окудың да!) жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру. Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді. Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2) рекреациялық қор және; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады. Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік келік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. 1990 жылдардын, басында иесіз қалған демалыс базаларының кебі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонак үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды. Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихиқорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бөрі Отанымыздың мәдени мурасын құрайды. Рекреациялық корлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылужағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар - рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары (С.Р. Ердәулетов және т.б.). Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай. Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, өлі толық зерттеліп біткен жоқ . Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады. Шығыста бұл - Мұзтау, Көккөл (Қазакстандағы ең биік 50 метрлік саркырама) жәнe Маркакөл («Алтайдың көл жанары»). Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің мәдени астанасы - Семей каласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») жәнө ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі - жаңа аспалы көпір. Алматы облысымен шеқарада Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор. Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері - елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері - атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар баскан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар ұстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар Іле Алатауының] етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық - Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» - Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады. Қай нысаны екендігін естеріңе түсіріңдер. Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке — Қарқаралы таулы-орман сілемдері ұлттық парк болып жарияланған. Оның солтүстігінде емдік балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге етене таныс Балқаш көлі орналасқан (Балқаш регатасы). Еліміздің солтүстігі - тұңғыш ұлттық парк пен тұңғыш курорттың отаны. Ол казір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Шучье-Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-ы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көл суы), балшьщпен жөне карағайлы орманның таза ауасымен емдейді. Ал Мойылды курорты (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған. Астана қаласы да маңызды туризм орталығына айналып келеді. Жастығына қарамастан онда езіндік ерекшелігі бар туристік рәміздер пайда болды - «Бәйтерек» (ол сенің кітабыңның мұқабасында бейнеленген), «Қазақстанның Атамекен картасы» («Кішірейтілген Қазақстан») және өлемдегі ең «құрлық» океанариумы. Батыста да қызық ты табиғи нысандар аз емес (Ақтөбе облысындағы метеорит кратері, Қарақия ойысы, Үстірт ескерткіштері) және жақсы демалыс орындары - Орал, Шалқар түзды көлі, Каспий теңізі бар. Әзірге Каспий туризмге лайықталмаған. Бірақ болашақта көршілес Ресей мен Өзірбайжандағыдай көпке танымал орын болады. Қазақ шығанағында казірдің өзінде демалыс зонасы бар. Оның қасындағы «320 әулие жерінде» (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды) жер асты мешіттері (Бекет ата және т.б.) мен елкенің орта ғасырдағы астанасының қалдықтары сақталған. Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байлықтын, тек бір кішкене бөлігі ғана. Олар - қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге саны 2007 ж. 6 млн-нан асқан туристердің де тамашалайтын ғажайып жерлері. Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

 

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтікинфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді».

Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғиқор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (≪ғылымды көп қажет ету≫ факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор).

Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.

Тұрмыстық қызмет көрсету

1. Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халықыа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.

Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, үн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяк киім және тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірек ақша жүмсайды. Сауданың негізгі белігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда «сересі» болып табылады.

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.

Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.

Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медидиналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына аудандық поликлиникалар, шағын фельдшерлік пункттер қызмет керсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары Алматыда (дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, Қарағанды мен Семейде орналасқан.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Балабақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн-нан астам адам білім алуда. Еліміздің тұрғындарының 1/3 оқу партасында деп есептеуге болады. Бұл «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы» - мектеп оқушылары, сендер 3 млн- нан асасыңдар.

Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру - «нағыз калалық» сала. Еліміздің ең студенттік қаласы Алматы (181 жоғары оку орындарының 66-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, Тараз қалалары да ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университет (Алматы), Гумилев атындағы Еуразия университеті (Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау «ұстаханасы» болып саналады.

Халықтың демалысын ұйымдастыру

2. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -

адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық- курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде (окудың да!) жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.

Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді.

Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:

1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;

2) рекреациялық қор және;

3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.

Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік келік және т.б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. 1990 жылдардын, басында иесіз қалған демалыс базаларының кебі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонак үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды.

Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихиқорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бөрі Отанымыздың мәдени мурасын құрайды.

Рекреациялық корлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылужағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай). Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар - рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары (С.Р. Ердәулетов және т.б.). Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай. Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, өлі толық зерттеліп біткен жоқ .

Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.

Шығыста бұл - Мұзтау, Көккөл (Қазакстандағы ең биік 50 метрлік саркырама) жәнe Маркакөл («Алтайдың көл жанары»). Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтің елі. Өлкенің мәдени астанасы - Семей каласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») жәнө ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі - жаңа аспалы көпір. Алматы облысымен шеқарада Алакөл созылып жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор.

Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері - елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері - атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар баскан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар ұстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар Іле Алатауының] етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық - Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» - Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады. Қай нысаны екендігін естеріңе түсіріңдер.

Қазақстанның Орталығындағы ертегідегідей әсем өлке — Қарқаралы таулы-орман сілемдері ұлттық парк болып жарияланған. Оның солтүстігінде емдік балшықтың еліміздегі ең үлкен қоры бар Қарасор көлі орналасқан. Ал, Алматы облысымен шекаралас оңтүстігінде балық аулауды, суға шомылуды сүйетіндерге етене таныс Балқаш көлі орналасқан (Балқаш регатасы).

Еліміздің солтүстігі - тұңғыш ұлттық парк пен тұңғыш курорттың отаны. Ол казір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Тек Шучье-Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-ы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көл суы), балшьщпен жөне карағайлы орманның таза ауасымен емдейді.

Ал Мойылды курорты (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған. Астана қаласы да маңызды туризм орталығына айналып келеді. Жастығына қарамастан онда езіндік ерекшелігі бар туристік рәміздер пайда болды - «Бәйтерек» (ол сенің кітабыңның мұқабасында бейнеленген), «Қазақстанның Атамекен картасы» («Кішірейтілген Қазақстан») және өлемдегі ең «құрлық» океанариумы. Батыста да қызық ты табиғи нысандар аз емес (Ақтөбе облысындағы метеорит кратері, Қарақия ойысы, Үстірт ескерткіштері) және жақсы демалыс орындары - Орал, Шалқар түзды көлі, Каспий теңізі бар. Әзірге Каспий туризмге лайықталмаған. Бірақ болашақта көршілес Ресей мен Өзірбайжандағыдай көпке танымал орын болады. Қазақ шығанағында казірдің өзінде демалыс зонасы бар. Оның қасындағы «320 әулие жерінде» (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды) жер асты мешіттері (Бекет ата және т.б.) мен елкенің орта ғасырдағы астанасының қалдықтары сақталған.

Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байлықтын, тек бір кішкене бөлігі ғана. Олар - қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге саны 2007 ж. 6 млн-нан асқан туристердің де тамашалайтын ғажайып жерлері.

Сонымен, әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

Бөлісу: