Автопойыз - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопойыз), не болмаса ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопойыз) тұратын құрамалы автокөлік құралы.
Автопойыз түрлері
Белсенді автопойыз - белсенді тіркемеден немесе жартылай тіркемеден тұратын автопойыз.
Жүкті автопойыз - жүк тасымалдауға арналған автопойыз.
Екі буынды автопойыз - екі буыннан тұратын автопойыз: сүйрейтін автомобильден және тіркемеден немесе жартылай тіркемеден тұрады.
Ұзын жүктерге арналған автопойыз - ұзын жүктерді(48метрге дейін) (құбырлар, құрылыс бөлшектер) сүйрейтін автомобильде немесе тіркемеде орналасқан арнайы қондырғыларды тасымалдауға арналған автопойыз: доңғалағы мен тіркеме, көбінесе басқармалы, ал ұзындығы реттелінеді.
Аса ауыр жүктерге арналған автопойыз - массасы 25 тоннадан 600-1000 тоннаға дейін аса ауыр, габариттік өлшемдерді үлкен жүктерді көп өсті тіркемеде, кейде платформасы темен орналасқан жартылай тіркемеде тасымалдау үшін арналған автопойыз: доңғалақтары мен тіркеме, көбінесе басқармалы кейбір жағдайда екі-үш балластық сүйремелер, активті тіркемелер, ауа жастықтағы тіркемелер немесе жартылай тіркемелер, өздігінен жүретін екі-үш буынды кабиналы платформалар қолданылады.
Құрылыстық конструкцияларға арналған автопойыз - тіркемесі немесе жартылай тіркемесі арнайы құрылыстық конструкцияларды (балкалар, блоктар, фермалар, панельдер, плиталар, сен-техкабиналар) тасымалдау үшін арналған.
Көп буынды автопойыз -төрттен көп буыннан тұратын автопойыз.
Тағайындамасы жалпы автопойыз - кемерлік платформалы, тағайындамасы жалпы шанағы бар жүк автопойыз.
Жолаушылар автопойызы - жолаушыларға арналған тіркемеден және автобустан тұратын автопойыз.
Енжар автопойыз - тіркеменің немесе жартылай тіркеменің доңғалақтары жетекші емес автопойыз.
Тіркемелі автопойыз - сүйрейтін автомобильден және тіркемеден тұратын автопойыз.
Қосалқы автопойыз - отырмалы сүйрейтін автомобильден, тіркемеден және жартылай тіркемеден тұратын үш буынды автопойыз.
Отырмалы автогіойыз - отырмалы сүйрейтін автомобильден және жартылай тіркемеден тұратын екі буынды автопойыз.
Аралас автопойыз - адамдарды тасымалдау үшін арналған сүйрейтін автомобильден және жүкті тасымалдауға арналған тіркемеден тұратын автопойыз.
Арнайы автопойыз - арнайы шанақпен (цистерна, жабық қорапты шанақ) жабдықталған автопойыз.
Балка тасымалдайтын автопойыз - балка тәріздес конструкцияларды (балкалар, плиталар, фундаменттік блоктар) тасымалдау үшін арналған: кейде жылжымалы немесе жиналатын рамалы жартылай тіркеме платформасы бар автопойыз тасымалданатын конструкциялар тіректі ағаш брустарға салынады.
Битум тасымалдайтын автопойыз - жартылай тіркемесі, битум тасымалдайтын автомобиль шанағына ұксас, 200°с дейінгі температурадағы битумды тасымалдауға арналған цистерналы арнайы автопойыз.
Контейнер тасымалдаушы автопойыз - орташа және үлкен (10 және 20 тонналық) контейнерлерді тасымалдайтын автопойыз кейде көтеріп-түсіретін қондырғысы болады.
Жем-бидай тасымалдайтын автопойыз - жем-бидайды тасымалдауға арналған цистерналы жартылай тіркемесі және бидайды көлбеу тәріздес пневматикалық бункер арқылы түсіретін қондырғысы бар автопойыз.
Ағаш тасымалдаушы автопойыз - сүйрейтін автомобильде және жылжымалы тіркемеде жүктерді көлбеулер арқылы бекіте алатын, ұзын жүктерді тасымалдайтын автопойыз.
Панель тасымалдайтын автопойыз - панель тәріздес жүктерді тасымалдайтын автопойыз; көбінесе ферменті (касталы немесе аралас) панель тасымалдайтын жартылай тіркемемен және панельдерді вертикальды түрде тасымалдайтын рамалы конструкциямен жабдықталады.
Автопойыз тоңазытқыш - тіркеме (жартылай тіркеме) жабық қорап секілді орындалған өзінің тоңазытқышы бар автопойыз.
Жүкті өзіне тией алатын, өзіне-өзі тиейтін автопойыз - тіркемеде немесе жартылай тіркемеде орналасқан жүкті өзіне тией алатын қондырғысы бар автопойыз.
Санитарлық кабиналарды тасымалдайтын автопойыз - санитарлық кабиналарды бекітілген түрде тасымалдау үшін және көлемі үлкен құрылыстың конструкцияларды тасымалдауға үшін арналған автопойыз.
Жанармай құюшы автопойыз - цистернасы бар арнайы жүк автопойыз; берілген мөлшерді есептеп, сүзіп тұратын автомобильдерге механикалық жанармай құюға үшін арналған.
Құбыр тасымалдайтын автопойыз - сүйрейтін автомобильде және тіркемеде көп белдікті, газ, мұнай кұбырларын салып бекітуге арналған ершігі бар, кұбыр тасымалдайтын, кейде көтеріп түсіру қондырғысы бар автопойыз.
Ферма тасымалдайтын автопойыз - құрылыстық конструкцияларға (фермаларды вертикальды түрде тасымалдау үшін) арналған, көбінесе ұзын жартылай тіркемемен жабдықталған автопойыз.
Жабық қорапты автопойыз - жартылай тіркемеде жабық қорап іспетті шанағы бар арнайы автопойыз.
Цемент тасымалдайтын автопойыз - тасымалдайтын цементті пневматикалық түсіретін қондырғысы бар жартылай тіркемесінде артқа еңкейген цистернасы бар автопойыз.
Автопойыз-цистерна - сұйықтарды, сұйықтаган газдарды, құмды және сұйық қоспаларды тасымалдауға арналған жартылай тіркеме-цистернасы бар автопойыз.