Түрік қағанаты заманының ескерткіштері

5 Желтоқсан 2012, 03:46

Түрік қағанаты заманының ескерткіштері 522 жылы Түрік қағанаты пайда болып, 603 жылы Шығыс және Батыс қағанат болып екі тәуелсіз мемлекетке айналады. Батыс Түрік қағанатының аймағы Қара т-ге дейін созылған, Маңғыстау түбегі осы мемлекеттің құрамына кірген болуы мүмкін деген болжамдар бар. 6 ғасырдан бастап Шығыс Каспий жағалауында Ұлы Жібек жолының солт. тармағы өтіп, сауда керуендері Хорезм аймағынан Үстірт жазығы мен Маңғыстау түбегіне жеткен, бұл аймақтан Каспий теңізі жағаларына шығып, сауда тауарлары кемелерге жүктеліп теңіз арқылы Шығыс Еуропа мемлекеттеріне қарай алып кетілген. Осындай транзиттік сауданың дамуынан 10 – 11 ғасырларда Маңғыстауда алғашқы қалалар пайда болды. Соның бірі ортағасырлық араб жазба деректерінде айтылатын Сиякух-Манкашлах қаласы. Бүгінде облыс аймағында орта ғасырлармен белгіленетін 10 шақты ескерткіштер сақталған. Олардың ішінде тек Қызылқала ескерткішінде екі маусымдық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қалада 50 га көлемінде 280-дей құрылыс іргетасы сақталған. Қызылқала алғашында балшықтан жасалған кірпіштерден тіктелген қамал-бекініс болып тұрғызылған. Қабырғалардың қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м-ге дейін. Бекініс төртбұрышты, өлшемдері 110-115 м, қабырғаларының аралары мен төрт бұрыштарында мұнаралары болған. Қаланың қақпа-дарбазасы солтүстік-шығыс қабырғада орналасып, екі мұнарамен нығайтқан. Мұнаралардың жалпы саны – 13. Біршама уақыт өткеннен кейін, сол уақыттағы жағдайларға байланысты, бекініс қабырғаларының сыртқы жағы жартылай өңделген сом тастармен қапталып, биіктігі 6 – 7 м-ге дейін көтерілген. Уақыт өте келе қала гүлдене бастағаннан кейін қамал айналасында бірте-бірте кварталдарға бөлінген құрылыстар пайда бола бастаған. Қалада темір мен мыс өндірісінің күрделенген түрі дамыған, ал қамалдың оңтүстік шетінде қыш бұйымдар күйдіретін бірнеше пештер сақталған. Әкімшілік ғимараттардың, діни құрылыстардың, моншалардың сыртқы жағы ою-өрнектер салынған кірпіштер және шыны құйылған арнаулы плиталармен безендірілген. Қала 13 ғасырдың 1-жартысына дейін өмір сүрген. 1219 жылы Шыңғыс хан Орта Азия мемлекеттерін басып алғаннан кейін Қызылқала толық қиратылды.  

Түрік қағанаты заманының ескерткіштері

522 жылы Түрік қағанаты пайда болып, 603 жылы Шығыс және Батыс қағанат болып екі тәуелсіз мемлекетке айналады. Батыс Түрік қағанатының аймағы Қара т-ге дейін созылған, Маңғыстау түбегі осы мемлекеттің құрамына кірген болуы мүмкін деген болжамдар бар. 6 ғасырдан бастап Шығыс Каспий жағалауында Ұлы Жібек жолының солт. тармағы өтіп, сауда керуендері Хорезм аймағынан Үстірт жазығы мен Маңғыстау түбегіне жеткен, бұл аймақтан Каспий теңізі жағаларына шығып, сауда тауарлары кемелерге жүктеліп теңіз арқылы Шығыс Еуропа мемлекеттеріне қарай алып кетілген. Осындай транзиттік сауданың дамуынан 10 – 11 ғасырларда Маңғыстауда алғашқы қалалар пайда болды. Соның бірі ортағасырлық араб жазба деректерінде айтылатын Сиякух-Манкашлах қаласы. Бүгінде облыс аймағында орта ғасырлармен белгіленетін 10 шақты ескерткіштер сақталған. Олардың ішінде тек Қызылқала ескерткішінде екі маусымдық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қалада 50 га көлемінде 280-дей құрылыс іргетасы сақталған. Қызылқала алғашында балшықтан жасалған кірпіштерден тіктелген қамал-бекініс болып тұрғызылған. Қабырғалардың қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м-ге дейін. Бекініс төртбұрышты, өлшемдері 110-115 м, қабырғаларының аралары мен төрт бұрыштарында мұнаралары болған. Қаланың қақпа-дарбазасы солтүстік-шығыс қабырғада орналасып, екі мұнарамен нығайтқан. Мұнаралардың жалпы саны – 13. Біршама уақыт өткеннен кейін, сол уақыттағы жағдайларға байланысты, бекініс қабырғаларының сыртқы жағы жартылай өңделген сом тастармен қапталып, биіктігі 6 – 7 м-ге дейін көтерілген. Уақыт өте келе қала гүлдене бастағаннан кейін қамал айналасында бірте-бірте кварталдарға бөлінген құрылыстар пайда бола бастаған. Қалада темір мен мыс өндірісінің күрделенген түрі дамыған, ал қамалдың оңтүстік шетінде қыш бұйымдар күйдіретін бірнеше пештер сақталған. Әкімшілік ғимараттардың, діни құрылыстардың, моншалардың сыртқы жағы ою-өрнектер салынған кірпіштер және шыны құйылған арнаулы плиталармен безендірілген. Қала 13 ғасырдың 1-жартысына дейін өмір сүрген. 1219 жылы Шыңғыс хан Орта Азия мемлекеттерін басып алғаннан кейін Қызылқала толық қиратылды.
 

Бөлісу: