Австралия

5 Желтоқсан 2012, 03:32

  Австралия, Австралия Одағы – Оңтүстік жарты шардағы Австралия құрлығында орналасқан мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км2. Халқы 18,7 млн. Астанасы – Канберра қаласы. Әкімшілік тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы ІІ Елизавета болып есептеледі, оның өкілі жергілікті генерал-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Заң шығарушы органы – өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент. Тұрғындарының негізгі бөлігі – христиандар. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Жерінің басым көпшілігі жазық болып келген. Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20ӘС және қыста 12 – 20ӘС аралығында. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірі суы мол өзендері – Муррей, Дарлинг. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер. Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. 1788 ж. Австралияға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғасырдың ортасына дейін олардың саны 5 – 6 есе азайып кетті. Құрлықты алғаш ашқан голландықтар (17 ғасырдың басы) болды. Алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғасырдың басында ғана аяқтады. Австралияда 19 ғасырдың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. 1901 ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британия армиясының құрамында 1-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 2-дүниежүзілік соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт (1972 жылғы желтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық) коалициясы болды. Австралияның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. Австралия аумағында Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1972 ж. билікке лейбористер келген соң, Австралия бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Лейбористер партиясы жеңіске жетіп, 1984, 1987, 1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды. Осы партия тұсында жалақыны көбейту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды. Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полиграфиялық, ағаш кесу және жиһаз өнеркәсіптері, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Ауыл шаруашылығында ерекше сала – қой шаруашылығы. Ол ауыл шаруашылығының 60 – 70%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ын жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді.    

 

Австралия, Австралия Одағы – Оңтүстік жарты шардағы Австралия құрлығында орналасқан мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км2. Халқы 18,7 млн. Астанасы – Канберра қаласы. Әкімшілік тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы ІІ Елизавета болып есептеледі, оның өкілі жергілікті генерал-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Заң шығарушы органы – өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент. Тұрғындарының негізгі бөлігі – христиандар. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.

Жерінің басым көпшілігі жазық болып келген. Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20ӘС және қыста 12 – 20ӘС аралығында. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірі суы мол өзендері – Муррей, Дарлинг. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер.

Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. 1788 ж. Австралияға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғасырдың ортасына дейін олардың саны 5 – 6 есе азайып кетті.

Құрлықты алғаш ашқан голландықтар (17 ғасырдың басы) болды. Алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғасырдың басында ғана аяқтады.

Австралияда 19 ғасырдың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. 1901 ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британия армиясының құрамында 1-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 2-дүниежүзілік соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт (1972 жылғы желтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық) коалициясы болды. Австралияның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. Австралия аумағында Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1972 ж. билікке лейбористер келген соң, Австралия бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Лейбористер партиясы жеңіске жетіп, 1984, 1987, 1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды. Осы партия тұсында жалақыны көбейту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды.

Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полиграфиялық, ағаш кесу және жиһаз өнеркәсіптері, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Ауыл шаруашылығында ерекше сала – қой шаруашылығы. Ол ауыл шаруашылығының 60 – 70%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ын жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді.

 

 

Бөлісу: