5 Желтоқсан 2012, 02:31
Тиуанако немесе Тайпикала (кейде Тиауанако, Тиуанаку, Тиванако, Үлгі:Lang-ay) — Боливиядағы көне қала орны, Ла-Пастан 72 шақырым жерде Титикака көлінің шығыс жағалауы маңында.
Қазба жұмыстары негізінде анықталғандай бұл қаладығы қоныс б.з.б.12000 жылдан біздің заманымызға дейін болған. II—IX ғасырларда Тиуанако — Орталық Анд аймағында ірі қала болған, — Пукина мемлекеті астанасы болған. Пукина тілінде Тайпикала деп аталған, яғни «әлем орталығы». Бұл уақытта қала 6 шаршы шақырымға жуық ауданды алып жатты, шамамен 40 мың тұрғыны болған. Шамамен 1180 жылы Пукинаны колья (аймара) тайпалары талғандағаннан кейін қала тұрғындары қаладан қашқан.
Тиуанако өркениеті
Тиуанако орталығы болған Пукина мемлекетінің өркениетін белгілеу үшін осы атты пайдаланады.Тиуанако өркениеті тілі белгісіз, ал тілі аты сақталмаған деп жиі айтылып жүр. Дегенмен ежелгі уақыттарда Тиуанако қуатты анд державасының астанасы болып онда пукина тілі кең тараған (қазір жойылған). Қазіргі Тиуанако сөзі — аймара (колья) тіліндегі бұрмаланған орталық тас.
Пукина мемлекеті өзінің гүлдену шағында (700—900 б. з.) Анд таулы аймақтарының басым бөлігінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған. Бұл аймақта қазіргі бірнеше мемлекеттер территориялары кіреді: Боливияның таулы батыс өңірі, Перудың оңтүстігі, Чилидің солтүстігі және солтүстік-батыс Аргентина. Тиуанаконың сауда және мәдени байланыстары Оңтүстік Американың басым бөлігіне тараған. Тиуанако тұрғындары Титикака көлі маңында орасан зор суландыру жүйесін салған.
Тиуанако өркенеитінің төрт дәуірін ажыратады:
Құрылу: 1600 б.з.б.— 800 б.з.б.
Қаласыз: 800 б.з.б.. — 45 б.з.б.
Қлассикалық: 45 — 700 б.з.
Империялық: 700—1180 б.з.
Мемлекет жойылған соң
Тиуанако мәдениетінің жалғастырушысы Мольо болған, артефакттар бойынша өте ұқсас, бірақ олар пирамада салмаған.
Пукина мемлекеті өшкен соң, Тиуанако, оның маңызды орталығы, инктер мифологиясынд амаңызды рөлін жалғастыра берген. Олар Тиуанако олардың алғашқы билеушілері — инктер сапасы Манко Капак пен оның қарындасы әрі жұбайы Мама Окльо шыққан жері деп есептеген. Бұл тарихи инктердің Тиуанако аймағынан шыққандығын куәландырса керек (яғни Тауантинсуйу мемлекеті ақсүйектерімен қандық туыста болғандығы) .
Тиуанако сонымен қатар қазіргі аймаралардың аңыз мен сенімдерінде үлкен орын алады.
Этникалық құрылымы
Тиуанако мен Мольо мәдениеттерінің тілі пукина тілі әбден болуы мүмкін, бұл тілде сөйлегендер XVIII ғасырларда кечуа тілі мен испан тіліне ауысып кетті. Инктер империясы кезінде оны билеушілер өз халқы сөйлейтін кечуа емес, «капак сими» дейтін жасырын тілде (пукина тілі болуы мүмкін) сөйлеген.