Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді. Монополияларда сұранымды зерттеу, оны қанағаттандыру, нақты сатып алушылар рыногін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер көп. Қазіргі жағдайда жетілдірілген таза бәсеке, абс.-таза бәсеке, монополистік бәсеке, монопсония (тек бір ғана сатушы), кемсітуші монополия (түрлі сатып алушыларға түрліше баға белгілеу), дуополия (бір мезгілде тек екі фирма ғана), олигополия (аз ғана ірі фирмалар) тұрпатындағы бәсекеде М.п. табуға болады. Нарықтық экономикада сала бойынша пайданың орта мөлшерінен асып түсетін пайда тек монопол. фирмалардың ғана қолында. Монополияның қоғам өміріндегі орны мен рөлі пайданың нақ осы шамасымен айқындалады.
Еур. Одақ елдері нарықтық экономиканың барлық жақтарының монополиялануына қарсы күресуде. Шаруашылық құқық нормалары мен бәсекелік ортаны қолдау шаралары (монополияға қарсы заңдар, өндіріс көлемі мен сату көлемінің шекті деңгейін белгілеу, арнаулы экон. шаралар, импорт үшін кедергілерді азайту, рынокқа жаңа қатысушылардың кіруін көтермелеу, т.б.) қолданылуда. М. п. трансұлттық корпорациялар, өнеркәсібі дамыған елдердегі ұлттық компаниялар, өтпелі экономика кезеңіндегі мемлекеттердің компаниялары алатын пайда түрлеріне бөлінеді. Бірақ нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында М. п-ның сипаты мен нақты көлеміне әдетте экономиканың қитұр-қылығы, капиталдың жылыс-тауы, сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика басқа да айла-шарғылар ықпал етеді. М. п. алу жағдайларын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі жан-жақты ескерілгенде ғана оған талдау жасауға болады. Мемлекеттің рөлі оның екі атқарымында: әкімш.-құқықтық (заң шығарушылық қызмет, әкімш. басқару, экон. нормаларды, рәсімдерді, заңдарды қорғау) және экон. субъектінің өз атқарымында (бағаны, жалақыны, валюта бағамын реттеу, ақша шығару, мемл. секторды, мемл. акциялар капиталын басқару, салықтардың, баждардың, жәрдем қаржының, демеу қаржының, мемл. тапсырыстың, т.б. көмегімен қаржы тасқынын қайта бөлу) көрініс табады.
С.Аханов