Кеңестік тіл білімі орыс. советское языкознание — Кеңес өкіметі жылдарында калыптаскан тіл білімі. Кеңестік тіл білімі революциядан бұрынғы орыс тіл білімі дәстүрін жалғастырды. Әр түрлі мектептер мен бағыттар болғанымен, Кеңестік тіл білімі бірыңғай методологияға — маркстік философияға (диалектикалык материализм) негізделді. Кеңестік тіл білімі тілдің әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, тілді қарым-қатынас кұралы, сананын шындық өмірдегі көрінісі деп таныды.
Тарихы
Кеңестік тіл білімі бастапкы кезден актіл теориясын тіл кұрылысының практикасымен тығыс байланыстырылып карады. Кенес өкіметінін алғашкы жылдарында бүкіл халыкпен бірлесе отырып, елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жаткан оку орындарына кажетті окулыктар жазу, өзіндік жазуы жок 50-дей ұсак халықтардың өз тілдерінін дыбыстық жүйелеріне лайыкты Жазулары болуына, емлесінін, жазу тілінін калыптасуына жәрдемдесті. 20 ғ. 30-шы жылдарында Кенестік жана тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны калыптастырушылардын басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кенестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
1930 жж. Н.Я.Марр бастаған "Тіл туралы жана ілім" өз кадамын революциядан бұрынғы үндіеуропалык тіл білімін Кенестік дәуір талабы тұрғысынан қайта карап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі кайшылыкгардың, токыраушылыктардыц біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттын буржуазиялык елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялык, нәсілдік сипатта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардын тілдерін кемсітіп, карайтындықтарын ашык айтты. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінін пайдалы жағынан бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясынын орталык органы "Правда" газеті бетінде 1950 ж. ұйымдастырылған айтыстан кейін "Тіл туралы жаңа ілімнін" кателіктері, онынтигізген зиянды зардаптары жан-жакты ашып көрсетілді (К- " Тіл туралы жаңа ілім ").Кеңестік тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдык зерттеулер іске асырылды. Олар негізінен мынадай салаларға катысты: Көп көніл бөлінген күрделі теориялық мәселелердін бірі ұлттык және әдеби тілдердін қалыптасыпдамуын зерттеуге байланысты. Кеңесғалымдары (И. К.Белодед, Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Ф.П.Филин, В.Н.Ярцева және ұлттық республикалардағы ғалымдар) тарихи жағдайлармен байланысты КСРО-дағы ұлт тілдерінін және ұлтгык әдеби тілдерінін тарихи даму зандылығын ашты. мүның өзінде халык тілі мен ұлт тілінін аракатынасын, жалпыхалыктык тіл мен ондағы жергілікті диалектілердін аракатынасын, әдеби тілдер калыптасуынын алғашкы кезінде диалектілік базаның мәнін айкындау мәселесіне көніл аударылды. КСРО-дағы тіл кұрылысынын күрделі мәселелерін шешуде ұлттык әдеби тіл теориясын калыптастырудың маңызы өте жоғары болды - Тілдің типологиялык проблемаларын зерттеу жұмысы И.И.Мещаниновтын, сонымен бірге М.М.Гухман, С.Д.Кацнельсон, В.3.Панфилов, В.И.Солнцевт.б. енбектерінде кенейтілді. Типологиянын негізгі үғымдары және басқа пәндерге катысы аныкталды. Бұрын дәстүрлі типологиялыктоптастыру тек морфологияға негізделсе, енді синтаксистік және семантикадык топтастырулар жасау жұмысы қолға алынды.
1930—50 жж. Н. Я. Маррдын "Тіл туралы жана ілімі" үстем болып түрған кезенде тоқтап калған салыстырмалы - тарихи тіл білімі 1950 жылдан бастап қайта дами бастады. салыстырмалы-тарихи тұрғыда көптеген тілдер зерттелді (Б А Серебренников, А.В.Десницкая т.б.). Тілдерарасындағы аса күрделі карым-катынастарды зерттеу аркылы тілдер семьясынын даму дәрежесі біркелкі және тура калыпта болмайтыны айкындалды. Зерттелу дәстүрі бай үндіеуропа және орал тіл білімдерімен коса, КСРО-да түркі, монғол, картвел, афразия тіл білімдері жете дамыды.Этимологиялык зерттеулер ерекше бағыт ретінде дами бастады (В.А.Абаев, Э.В.Севортян, О.Н.Трубачев, А.С.Мельничук). Көне тіл құрылымын жанғыртудын сырткы және ішкі әдістәсілдерін жетілдіруге мән берілді.
Тілдік география жұмыстарынын күшеюіне байланысты аймақтық тіл біліміне ынталылық артты (Н.3.Гаджиева, А.В.Десницкая т.б.); тіл құбылыстарын картаға түсіру кен қолданылып лингвистикалық атластар жасала бастады (Р.И.Аванесов, М.А.Бородина т.б.). Зерттеу нысанына айналған тілдер аясы кенейтілді.
1960—80 жылдары салғастырмалы тіл білімі каркынды дамыды. КСРО-нын көп үлтты жағдайында орыс тілімен және кейбір Батыс Еуропа тілдерімен ұлттық тілдерді салғастырып оқыту тәжірибесі халык мәдениетін, тіл мәдениетін арттырудың тиімді жолы ретінде қарастырылды. Жалпы бағыттардын бірі ретінде лексикологиялык зерттеулер елеулі жетістіктерге жетті. Әр түрлі тілдерге катысты атау теориясы, онын негізгі принциптері, сөз мағынасынын түрлері зерттелді (О.С.Ахманова, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов т.б.). Сөзжасам мен фразеология теориясынын қалыптасуында Кеңестік тіл білімі жетекші рөл аткарды (В.В.Виноградов, Е.А.Земская, Г.О.Винокур т.б.).
Грамматика теориясы морфологиялык,синтаксистік категорияларды функционалды-семантикалық мәнділігіне карай жүйелеп зерттеуге негізделді. Әр түрлі тілдердін функционалды грамматикасын жасау келешегі бар бағыттардын бірі болып есептелді. Синтаксистік зерттеулердегі негізгі мәселе—сөйлем мен сөз тіркесі болды. Сөйлем мүшелерін өзектілігіне қарап талдау принциптері, стилистика және мәтін теориясы дамытылды. Морфология саласында сөздін морфологиялық кұрылымын, грамматикалык категориялардын мәнін, сөзтантарындағы сәзтүрлендіргіш парадигмалардын кұрылымын т.б. зерітеу тілдердін типологиялык ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді.
Фонетика мен фонология — тілдін дыбыстык кұрылысынын екі саласы ретінде қарастырылды. Фонология теориясы Л.В.Щерба, Ш.Ф.Яковлев, Р.И.Лванесов, С.И.Берн - штейн т.б. енбектерінде дамытылды. Кеңестік тіл білімі фонологиялык жүйе принииптерін айкындауда психологизмнен бас тартты. Фонема¬нын танымалдық-айырымдық қызмет атқаратынына байланысты тіл жүйесін жасауға қатысты екені айкындалды.
20 г. 2-жартысында структурализм бағыты дами бастады. Тілдін танбалыкжүйесіне негізделген, тіл элементгерінін кұрылымын сипаттап зерттеуде математикалык тәсілдерді колдануға тырысатын бұл бағыт В. Г. Гак, В.А.Звегинцев, Ю.С.Стегіанов т.б. енбектерінде дамытылды Дегенмен, 1970 жж. бастап Кеңестік тіл білімінде структурализмнін ерекше ғылыми көзкарастар жүйесі ретіндегі мәні әлсіреп, жалпы тіл теориясынын құрамында қалатыны анықтала бастады.
Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика) Кеңестік тіл білімінде тілдің коғамдык кызметінін зандылыктары туралы ғылым ретінде пайда болды (В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Р.О.Шор, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев т.б.). Ол — тілдің нормалык теориясын калыптастыру, жазуды ретіне келтіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көптілділік мәселесін, әлеуметтік факторлардын тілге әсерін, тілдің коғамдағы рөлін т.б. зерттеумен шұғылданды.
Сөйлеу процесінің психофизиологиялык механизмін зерттейтін психологиялык тіл білімі бөлініп шыкты (А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, И.Н.Горелов т.б.).
1950 ж. бері халык шаруашылығындағы маныздылығына байланысты қолданбалы тіл білімін дамытуға зор мән берілді. Математиктермен, кибернетиктермен бірлесе отырып, ғылым мен техниканың әр саласында акпараттық бағдарламалар жасау, хабарларды өндеудін автомат жүйесін, машиналык кор калыптастыру жүмыстары іске асырылды (Ю. Д. Апресян, Ю. Н. Караулов, А. Н. Колмогоров, 10. Н. Марчук т.б.). Сөйтіп, Кеңестік тіл білімінде кен көлемде теориялык, практикалык зерттеулер жүргізіліп, жоғары маман кадрлар даярланды. Бірақ жоғарыда талданған салаларға байланысты теориялык тұжырымдардын бәрін бірдей тек Кеңестік тіл білімінін жаналығы деп, соған теліп коюға болмайды. Олардын көпшілігі Батыс Еуропа, Америка тіл білімдерінде бұрыннан белгілі. Кеңестік тіл білімінде бұл салалар көп ұлтты КСР0 жағдайында жанаматериалдармен байытылып,дамытылып отырды.