Кен байлықтары. Триас кезеңінде ірі газ кен орындары Алжир Сахарасында, Канаданың арктик. бөлігінде, ал мұнай шоғырлары Тиман-Печора ойпатында, Вилюй өз. алабында, Австралия мен Аляскада түзілді; Солт. Қазақстандағы мору қыртысында каолин саздары қалыптасты. Осы кезеңде қалыптасқан шөгінді уран кендері де экон. жағынан үлкен маңызға ие. Мыс, никель, кобальт, темір және графит кендерінің түзілуіне Орта Сібірдегі трапп формациялары өз әсерін тигізді. Алтын, күміс, қорғасын, мырыш, мыс, қалайы кен орындары Австралияның шығыс жағалауында жиі кездеседі. Көмір жиналу көлемі бойынша юра кезеңі соңғы палеозой мен соңғы бор, палеогеннен кейінгі үшінші орынды иемденеді. Юра түзілімдерінде көмірдің дүниежүз. қорының 16%-ы шоғырланған. Көмірлі қат-қабаттар әлемнің барлық жерінде кездеседі. Мыс., Қазақстанның барлық аймақтарында көмір кен орындары бар. Олардың арасынан Майкөбен, Обаған, Шұбаркөл, т.б. ірі алаптарды атауға болады. Жер шарының көптеген алқаптарында бұл кезде мұнайлы-газды [Сауд Арабиясы (Гхавар мен Мезелидж), Кавказ маңы, Орта Азия, Маңғыстау, Солт. Каспий төңірегі, Бат. Сібір, Солт. теңіз маңы], газды және газды-конденсатты (Баренцев т.) кен орындары түзілді. Жерорта т. мен Тынық мұхит қозғалмалы белдеулерінде қалайы, молибден, вольфрам, алтын, күміс және полиметалл кен орындары қалыптасқан. Бор кезеңіндегі құрлық түзілімдерінде көмірдің дүниежүз. қорының 20%-нан астамы шоғырланған. Олардың ең ірілеріне Лена, Зырянов, Солт. Америка (батысында) көмір алаптары жатады. Біршама ірі боксит кен орындары Торғай ойысында, Енисей бұйратында, Оңт. Оралда, Украина қалқанында және Жерорта т. алабында (Франция, Грекия, Испания, Түркия, Иран) орналасқан. Оолитті темір кендері Бат. Сібірдің оңт.-шығысында көп шоғырланған. Фосфорит қабаттары, өте ірі фосфорит шоғырлары Шығыс Еуропа платформасы аумағынан көп ұшырысады. Сондай-ақ осы кезеңде түзілген жер шарындағы өте ірі фосфорит белдеулерінің бірі Мароккодан Сирияға дейін созылып жатыр. Түрікменстан мен Солт. Америка тұз шоғырлары лагуна түзілімдерінен қалыптасты. Жазба бордың ірі қорлары Солт. Америка мен Шығ. Еуропа платформаларынан барланған. Бат. Сібірде, Орт. Азияның батысында, Ливияда, Кувейтте, Нигерияда, Габонда, Канада, Мексика шығанағында мұнайлы және газды горизонттар орналасқан. Тынық мұхит белдеуінің полиметалл және алтын кен орындары осындағы қышқылды интрузиялармен байланыста дамыды. Бордың кимберлит түтікшелерінде Оңт. Африка мен Үндістанның алмасты кен орындары шоғырланған.
Әдеб.: Хаин В.Е., Региональная геотектоника, М., 1971; Хаин В.Е., Короновский Н.В., Ясаманов Н.А., Историческая геология, М., 1997.
Ә. Байбатша