КӘМПЕСКЕЛЕУ (лат. confіscatіo – дүние-мүлікті қазынаға тартып алу) – тәркілеу, мүлікті иесінің ықтиярынсыз қазынаға тегін алу, жеке адамдардың, әр түрлі ұйымдардың, қауымдастықтардың меншіктерін мәжбүр ету жолымен, қайтарылмайтын етіп заңға сүйеніп тартып алу. Әр түрлі әлеум. төңкеріс кезінде белгілі бір әлеум. топтың мүддесі үшін жерді, мүлікті, малды тартып алу үшін жүргізіледі. КСРО-да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жеке меншік иелерін жою және большевиктік тәртіпке қарсы әлеум.-саяси топтарды қоғамдық өмірден мүлдем ығыстыру үшін К. ісі қолданылған. Орталық биліктің мақұлдауымен Қазақ АКСР ОАК-і 1928 ж. 27 тамызда ірі байлардың шаруашылықтарын К. туралы заң қабылдады. Бұл заң сол жылдың қыркүйек және қараша айларында зорлық-зомбылықпен жүзеге асырылды. Қазақстан үкіметінің ресми дерегі бойынша, осы науқан барысында 696 шаруашылық тәркіленген. Шын мәнінде, кәмпескеленген шаруашылықтар сандары мыңнан асып кетті. К. туралы заңға сәйкес көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 бас малдары барлар кәмпескеленулері керек еді. Алайда ауқатты шаруалардың көпшілігінде мұндай көлемде мал басының болмауына байланысты бірнеше туыстас қожалықтар бір шаруашылық ретінде күшпен біріктіріліп тәркіленді. К. барысында байлардан тартып алынған 145 мың бас мал (ірі қараға шаққанда) жарлы-жақыбайлар шаруашылықтарын материалдық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да көтеруге қолдау көрсете алмады. Керісінше, К. табиғи ортаға бейімделген дәстүрлі мал шаруашылығының дамуын тежеп, оны қатты күйзеліске ұшыратты. Алайда Кеңес өкіметі Қазақстандағы ірі байларды К. саясатының сәтсіздіктерінен дұрыс қорытынды жасай алмады. К. науқанында қолданылған зорлық-зомбылық әдістері, күштеу саясаты, одан кейінгі шаруашылықтық-саяси науқандарға – күшпен ұжымдастыру, кулактарды тап ретінде жою, көшпелілерді зорлап отырықшыландыру шаралары кезінде одан әрі қатыгездік сипат алды. Мұның өзі халықтың кеңестік саясатқа қарсы стихиялық көтерілістерін туғызды (қ. Адай көтерілісі, Шұбартау көтерілісі, т.б.). Кеңес өкіметі органдарының науқаншыл саясаты қазақ халқының елеулі бөлігінің ата қонысын тастап, шет елдерге үдере көшуіне әкеліп соқтырды. Дәстүрлі көшпелі қоғам заңдылықтарын ескермей, шаруашылықтарды ұрдажық ожарлықпен күштеп ұжымдастыру қазақ даласындағы мал санының жүздеген есе азаюына алып келді. Мұның соңы қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болмаған 1930 – 32 жылдардағы нәубатқа соқтырды; қ. Ашаршылық.
Әдеб.: Омарбеков Т., 20 – 30-жылдардағы Қазақстан қасіреті, А., 1997; Қозыбақова Ф., Қазақ байларын тәркілеу тарихынан, А., 1998.
Т. Омарбеков