Бірлік

4 Желтоқсан 2012, 12:31

  Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (2005). Ауыл 1977 – 1996 жылы аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды. Бірлік – Сарыағаш ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км жерде. Құркелес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 2,7 мың адам (2003). 1964 жылдан «Бірлік» қаракөл кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Бірлік – Түркістан қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Қарашық ауылдық округ құрамында. Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде, Арыс – Түркістан каналының оң жағалауында. Тұрғыны 4,6 мың адам (2003). 1954 ж. құрылған «Победа» мақта ұжымшарының құрамында болып келді. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Бірлік арқылы Түркістан – Кентау т. ж. өтеді. Бірлік — Жаңақала ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр, сортанды және cop топырақты, құрғақ далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың адам (1999). Іргесі 1963 ж. асыл тұқымды қой өсіретін ≪Бірлік≫ кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Бірлікте және әкімшілік округтегі Ақбалшық, Үшкемпір аудандарында ≪Бірлік≫ акционерлік қоғамы мен 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдарда 1 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік және 2 медициналық пункт қызмет етеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Бірлік - зират. Павлодар облысы, Баянауыл ауылының маңында. 1988 - 1992 ж. Солтүстік Қазақстан археол. экспед. (жетекш. А.Бейсенов) зерттеді. Құрамында қола дәуірінің соңғы кезеңіне, ерте темір дәуіріне және ішінара орта ғасырларға жататын 40-тан аса ескерткіштер тобы бар. Оның 29-ы зерттелді. Екеуі орта ғасырларға, қалғандары ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетіне (б.з.б. 7-1 ғасырлар жатады. Мұның 10 обасы мәдениеттің ерте сатысына, қалған 17 оба Қорғантас кезеңіне жатады. Алғашқылары толық зерттелген. Екі кезеңнің обалары да тас пен топырақтан дөңгелене үйіліп жасалған. Мүрделер қарапайым шұңқыр қабірлермен қатар 2 - 3 м тереңдікте орнатылған жәшік тәрізді тас қабірлерге де жерленген. Ерте кезеңге (б.з.б. 7 - 4 ғасырлар) жататын 15-, 16-обалардан табылған жұптасқан үлкен тас жәшіктердің ұзындығы 3 м, ені 2 м. Ортасы тас қабырғамен бөлінген бұл жәшіктерге балалы әйелдер жерленген. Қорғантас кезеңінің (б.з.б. 3-1 ғ-лар) обаларынан алынған деректер мәдениеттің соңғы сатысына қарай орын алған өзгерістерден хабар береді. Бұл кезеңде жерлеу ғұрпында біраз жаңалықтар пайда болды, темірден жасалған бұйымдар көбейді. Бірлік зиратынан қоладан, темірден, тастан жасалған бірнеше заттар табылды. Сонымен бірге обалардың құрылысы мен жерлеу ғұрпы және жерленген адамдардың антропол. сипаты туралы құндығыл. деректер алынды. Бірлік зиратынан алынған бас сүйектерді зерттеу Тасмола мәдениеті түсындағы жергілікті тұрғындардың шығыстық (Орта Азиялық) белгілері бар еуропалық үлкен нәсілге жататынын көрсетті. Мұндай белгілер Қорғантас сатысына қарай жақындаған сайын көбейе түскен.  

 

Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (2005). Ауыл 1977 – 1996 жылы аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды.
Бірлік – Сарыағаш ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км жерде. Құркелес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 2,7 мың адам (2003). 1964 жылдан «Бірлік» қаракөл кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар.
Бірлік – Түркістан қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Қарашық ауылдық округ құрамында. Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде, Арыс – Түркістан каналының оң жағалауында. Тұрғыны 4,6 мың адам (2003). 1954 ж. құрылған «Победа» мақта ұжымшарының құрамында болып келді. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Бірлік арқылы Түркістан – Кентау т. ж. өтеді.
Бірлік — Жаңақала ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр, сортанды және cop топырақты, құрғақ далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың адам (1999). Іргесі 1963 ж. асыл тұқымды қой өсіретін ≪Бірлік≫ кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Бірлікте және әкімшілік округтегі Ақбалшық, Үшкемпір аудандарында ≪Бірлік≫ акционерлік қоғамы мен 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдарда 1 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік және 2 медициналық пункт қызмет етеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Бірлік - зират. Павлодар облысы, Баянауыл ауылының маңында. 1988 - 1992 ж. Солтүстік Қазақстан археол. экспед. (жетекш. А.Бейсенов) зерттеді. Құрамында қола дәуірінің соңғы кезеңіне, ерте темір дәуіріне және ішінара орта ғасырларға жататын 40-тан аса ескерткіштер тобы бар. Оның 29-ы зерттелді. Екеуі орта ғасырларға, қалғандары ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетіне (б.з.б. 7-1 ғасырлар жатады. Мұның 10 обасы мәдениеттің ерте сатысына, қалған 17 оба Қорғантас кезеңіне жатады. Алғашқылары толық зерттелген. Екі кезеңнің обалары да тас пен топырақтан дөңгелене үйіліп жасалған. Мүрделер қарапайым шұңқыр қабірлермен қатар 2 - 3 м тереңдікте орнатылған жәшік тәрізді тас қабірлерге де жерленген. Ерте кезеңге (б.з.б. 7 - 4 ғасырлар) жататын 15-, 16-обалардан табылған жұптасқан үлкен тас жәшіктердің ұзындығы 3 м, ені 2 м. Ортасы тас қабырғамен бөлінген бұл жәшіктерге балалы әйелдер жерленген. Қорғантас кезеңінің (б.з.б. 3-1 ғ-лар) обаларынан алынған деректер мәдениеттің соңғы сатысына қарай орын алған өзгерістерден хабар береді. Бұл кезеңде жерлеу ғұрпында біраз жаңалықтар пайда болды, темірден жасалған бұйымдар көбейді. Бірлік зиратынан қоладан, темірден, тастан жасалған бірнеше заттар табылды. Сонымен бірге обалардың құрылысы мен жерлеу ғұрпы және жерленген адамдардың антропол. сипаты туралы құндығыл. деректер алынды. Бірлік зиратынан алынған бас сүйектерді зерттеу Тасмола мәдениеті түсындағы жергілікті тұрғындардың шығыстық (Орта Азиялық) белгілері бар еуропалық үлкен нәсілге жататынын көрсетті. Мұндай белгілер Қорғантас сатысына қарай жақындаған сайын көбейе түскен.
 
Бөлісу: