Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы

4 Желтоқсан 2012, 12:04

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды. Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды. Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялықпринциптері қарастырылды. Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді. Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды. Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанғапланетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясыТүркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады. Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы менЕуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты. 1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев атап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлінВенгриядағы елшілік атқарды». Қазақстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды. Кәсіби парламенттің қалыптасуы 1994 жылы 7 наурызда республика парламентіне сайлау болып өтті. Бірақ кейбір жерлерде заңсыздық орын алып, сол себепті 1995 жылғы 6 наурыздағы Конституциялық сот қаулы қабылдап, сайлау заңсыз деп танылды. Осыған байланысты 1995 жылғы 11 наурызда республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Конституциялық соттан төмендегідей сұрақтар бойынша түсініктеме беруді ресми талап етті. Қабылданған қаулыны, 1994 жылғы 7 наурыздағы Жоғарғы Кеңес сайлауының, сондай-ақ сайланған парламент мүшелерінің өкілеттілігін конституциялық емес деп түсіну керек пе? Егер Жоғарғы Кеңес депутаттарының өкілеттілігі конституцияға жат болса, онда заңды шешімді қабылдауға кім құқықты? Конституциялық сот Мемлекет басшысының ресми сұрауын осы соттың шешімін орындауға міндетті тұлға ретінде, сол күнгі реттеуші (басқарушы) мәжілісте қарап, өзінің 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысын түсіндіру мақсатымен қосымша ереже қабылдады. Онда, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының 131-бабына сәйкес Конституциялық соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысының тармағында керсетілген Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ соларға негізделген Орталық және басқа да комиссияларының актілерін конституциялықемес деп мойындап, олардың күші Республика аумағында жойылсын деп көрсетілді. Конституциялық сот Республиканың барлық жерлерінде негізгі заңымыздың бұзылғанын және бұл барлық сайлаушы азаматтардың құқығына бірдей шамада әсер еткенін мойындады. Бұл қаулының құқықтық нәтижесі 1994 жылғы 7 наурыз да сайланған Жоғарғы Кеңестің, сондай-ақ 1995 жылғы 22 каңтарда қосымша сайланғандардың өкілеттілігі конституцияға сай болмай шықты. 1994 жылғы 19 сәуірден бастап, заңды түрде сайланған Жоғарғы Кеңестің жоқ мерзімінде жаңа парламент сайланғанға дейін Президентке заңдық сипаттағы шешімдер қабылдау және басқа өкілеттік құқығы берілген болатын. Мұндай мүмкіндік «Республика Президентіне және жергілікті әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттік беру» заңына негізделген-ді. 1995 жылы қазанда жаңа Парламент сайланғанға дейін Республика Президенті экономика мен әлеуметтік саясаттың т. б. түрлі жақтарын қамтыған бірқатар маңызды жарлықтар шығарды. 1995 жылы күзде Қазақстанның екі палаталы Парламентіне жаңа сайлау болып өтті. 1996 жылғы 30 қаңтарда Алматыда жаңадан сайланған екі палаталы Парламент өз жұмысын бастады. 1995 жылы тағы бір референдум өткізілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясы үндеуін ескере отырып және Президенттің 1995 жылғы 29 сәуірдегі Жарлығына байланысты өткізілген республикалық референдумға бір ғана сұрақ шығарылды. «1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» Қазақстандықтардың басым көпшілігі референдум кезінде Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуды жақтап дауыс берді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа Конституцияны Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамыздағы Республикалық референдумда қабылдады. Жаңа Конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Елдегі мемлекеттік биліктің бір ғана негізгі қайнар көзі халық болып саналады. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік жарияланды. Меншік проблемалары да жаңаша тұрғыдан қаралды - жерге жеке меншік енгізілді. Конституцияда: «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп көрсетілді. Қазақстанның геосаяси жағдайы Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді. 1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты. Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш державаретіндегі рөлін мойындаудың көрінісі еді. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 кыркүйегінде болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті съезде сөйлеген сөзінде: «Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады. Олардың бастылары - руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың телтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді» деп атап көрсетті. Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі қарсаңында, бірінші съезде туындаған ғимарат салу идеясы іске асты. Бейбітшілік және келісім сарайы салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсімінде Н.Ә.Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениеті мен стилінің үйлесімі біздің жас астанамыздың келбетімен керемет жарасым тапқанын» атап өтті. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» мәселесі болды. Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкіл қатысты. Құрметті қонақ ретінде көрнекті саясат және қоғам қайраткерлері шақырылды, олардың ішінде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т. б. болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды. Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді. Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді.  

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.

Осының бәрі республикаға, оның азаматтарына және ел басшысының жүргізіп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биік халықаралық беделіне көрсетілген құрмет еді. 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан мемлекеттілігін құрудың қиын жолына түсті. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негізгі ұстанымына жақсы көршілік қатынас пен өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, тең құқылық, туындаған мәселелердің бәрін бейбіт жолмен шешуге ұмтылыс принциптері алынды. Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. Теңіз мұнай алабын шетел фирмаларымен бірлесіп барлау басталды, жаңа мұнай кеніштерін игеруге «Бритиш петролеум», «Бритиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. ірі компаниялар тартылды.

Аймақтық достастықтың жаңа түрлерін қарастыру тәуелсіз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялықпринциптері қарастырылды.

Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді.

Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.

Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанғапланетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясыТүркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы менЕуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.

1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев атап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлінВенгриядағы елшілік атқарды». Қазақстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты.

Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

Кәсіби парламенттің қалыптасуы

1994 жылы 7 наурызда республика парламентіне сайлау болып өтті. Бірақ кейбір жерлерде заңсыздық орын алып, сол себепті 1995 жылғы 6 наурыздағы Конституциялық сот қаулы қабылдап, сайлау заңсыз деп танылды.

Осыған байланысты 1995 жылғы 11 наурызда республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Конституциялық соттан төмендегідей сұрақтар бойынша түсініктеме беруді ресми талап етті.
Қабылданған қаулыны, 1994 жылғы 7 наурыздағы Жоғарғы Кеңес сайлауының, сондай-ақ сайланған парламент мүшелерінің өкілеттілігін конституциялық емес деп түсіну керек пе?

Егер Жоғарғы Кеңес депутаттарының өкілеттілігі конституцияға жат болса, онда заңды шешімді қабылдауға кім құқықты?

Конституциялық сот Мемлекет басшысының ресми сұрауын осы соттың шешімін орындауға міндетті тұлға ретінде, сол күнгі реттеуші (басқарушы) мәжілісте қарап, өзінің 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысын түсіндіру мақсатымен қосымша ереже қабылдады. Онда, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының 131-бабына сәйкес Конституциялық соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысының тармағында керсетілген Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ соларға негізделген Орталық және басқа да комиссияларының актілерін конституциялықемес деп мойындап, олардың күші Республика аумағында жойылсын деп көрсетілді. Конституциялық сот Республиканың барлық жерлерінде негізгі заңымыздың бұзылғанын және бұл барлық сайлаушы азаматтардың құқығына бірдей шамада әсер еткенін мойындады.

Бұл қаулының құқықтық нәтижесі 1994 жылғы 7 наурыз да сайланған Жоғарғы Кеңестің, сондай-ақ 1995 жылғы 22 каңтарда қосымша сайланғандардың өкілеттілігі конституцияға сай болмай шықты. 1994 жылғы 19 сәуірден бастап, заңды түрде сайланған Жоғарғы Кеңестің жоқ мерзімінде жаңа парламент сайланғанға дейін Президентке заңдық сипаттағы шешімдер қабылдау және басқа өкілеттік құқығы берілген болатын. Мұндай мүмкіндік «Республика Президентіне және жергілікті әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттік беру» заңына негізделген-ді. 1995 жылы қазанда жаңа Парламент сайланғанға дейін Республика Президенті экономика мен әлеуметтік саясаттың т. б. түрлі жақтарын қамтыған бірқатар маңызды жарлықтар шығарды. 1995 жылы күзде Қазақстанның екі палаталы Парламентіне жаңа сайлау болып өтті. 1996 жылғы 30 қаңтарда Алматыда жаңадан сайланған екі палаталы Парламент өз жұмысын бастады.

1995 жылы тағы бір референдум өткізілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясы үндеуін ескере отырып және Президенттің 1995 жылғы 29 сәуірдегі Жарлығына байланысты өткізілген республикалық референдумға бір ғана сұрақ шығарылды. «1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?»

Қазақстандықтардың басым көпшілігі референдум кезінде Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуды жақтап дауыс берді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған жаңа Конституцияны Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамыздағы Республикалық референдумда қабылдады. Жаңа Конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Елдегі мемлекеттік биліктің бір ғана негізгі қайнар көзі халық болып саналады. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік жарияланды. Меншік проблемалары да жаңаша тұрғыдан қаралды - жерге жеке меншік енгізілді. Конституцияда: «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп көрсетілді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы

Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді.

1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты.

Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткізудің орталығына айналды. 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Бұл Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш державаретіндегі рөлін мойындаудың көрінісі еді. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 кыркүйегінде болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті съезде сөйлеген сөзінде: «Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады.

Олардың бастылары - руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың телтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді» деп атап көрсетті.

Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі қарсаңында, бірінші съезде туындаған ғимарат салу идеясы іске асты. Бейбітшілік және келісім сарайы салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсімінде Н.Ә.Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениеті мен стилінің үйлесімі біздің жас астанамыздың келбетімен керемет жарасым тапқанын» атап өтті.

2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» мәселесі болды. Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкіл қатысты. Құрметті қонақ ретінде көрнекті саясат және қоғам қайраткерлері шақырылды, олардың ішінде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т. б. болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды.

Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді.

Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді.
 

Бөлісу: