4 Желтоқсан 2012, 11:57
Қарқаралы ауданы картаға оралу Аудан 1930 жылы құрылған. Аудан аумағы 35,5 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Қарқаралы каласында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 42,5 мың адамды құрады. Ауданда 23 ауылдық әкімшілік, 71 ауылдық елді мекен, 1 кент, 1 қала бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,9%-ы қазақтар, 2,2%-ы орыстар, 0,4%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,1%-ы белоруcтар, 0,7%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 14,60 өлім – 7,95 табиғи өсім – 6,65 Ауданда 01.01.07 жылға 176 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 1 ірі, 25 орта, 150 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 12 ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 545 шаруа қожалық және 10,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1187,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 152,5 мың га егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 81,4 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 56,8 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,1 мың га. 2006 жылы 38,5 мың тонна дәндер, 1,6 мың тонна картоп, 0,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 11,9 мың тонна ет (тірі салмақта); 26,1 мың тонна сүт, 5565,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 61,2 мың бас; қой мен ешкі – 193,2 мың бас; шошқа – 0,2 мың бас; жылқы – 20,3 мың бас; құс – 48,1 мың басты құрады. Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, темір кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2075,4 млн. теңгені құрады. Ауданда • 55 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 8595 оқушы, • 1 колледжде 322 оқушы және 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 140 оқушы оқиды. Ауданда • 47 кітапхана, • 7 клуб типті мекеме, • 3 мұражай, • 2 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым, • 1 ұлттық парк іс-әрекет етеді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3294 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 22474 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1524,2 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 71,3%-ды құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 74,3 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлеміне 85,5%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 466,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 146,9 млн. теңге.