Аршалы ауданы

4 Желтоқсан 2012, 11:54

  Аршалы ауданы — облыстың оңт.-шығысындағы әкімш. аудан. Аудан солт-нде және батысында Целиноград, солт.-шығысында Ерейментау аудандарымен, оңт.-шығысында және оңт-нде Қарағанды обл-мен шектеседі. Жерінің аум. 5,8 мың км2. Тұрғыны 27,5 мың адам (2008). Тұрғындардың орташа тығызд. 1 км2-ге 5,6 адамнан келеді. Аудан халқының этник. құрамы: қазақтар — 7206, орыстар — 11729, украиндар — 1903, немістер — 1683, беларусьтер — 707, татарлар — 410, поляктар — 131, молдовандар — 149, ингуштар — 156, шешендер — 99, кәрістер — 19, басқа ұлт өкілдері — 424 адамды құрайды. Аудан 11 ауылдық, 1 кенттік әкімшілік округке бөлінген. Орт. — Аршалы кенті. Аудан 1928 ж. құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды обл-ның құрамында болды. 1928 ж. Коммунист, 1935 ж. Вишневка ауд., 1997 жылдан А. а. болып аталады. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абс. биікт. 400 — 600 м-ден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңт. сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар. Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа темп-расы — қаңтарда 17° С, шілдеде 20° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 — 350 мм. Аудан жерінен шаруашылық үшін маңызы зор Есіл өз. және оның салалары — Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б. Аудан жерінде негізінен сортаң қарақоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, садақбоз, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен: қасқыр, түлкі, борсық, аққоян, суыр, ақтышқан, саршұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде: ондатр; қамысты жерде: жабайы шошқа; құстардан: шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде: алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, аққайран, т.б. бар. Аршалыда құрылыс материалдары мен құралымдар комб., темір-бетон шпалдары, қиыршық тас және асфальт з-ттары, тамақ комб., май, нан з-ттары, тұрмыстық комб., баспахана, құрылыс пен автокөлік кәсіпорындары, Анарда кірпіш, Константиновкада май з-ттары бар. Ауданда Астана қ-н астықпен, етпен, сүт, картоп, көкөніспен қамтамасыз ететін 12 кеңшар мен ұжымдық ш-тар, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. А. ш-на пайдаланылатын жері 537,7 мың га, оның 266,5 мың га-сы егістік, 4,0 мың га-сы шабындық, 266,5 мың га-сы жайылымдық жерлер. Орман 7,9 мың га. А. а-нда 15 орта, 13 базалық, 8 бастауыш мектеп, музыка және спорт мектептері, 34 мектепке дейінгі балалар мекемесі, мәдениет үйі, 33 клуб, 41 кітапхана, 1 кинотеатр, 44 киноқондырғы, кәсіптік-тех. уч-ще, 35 емдеу- сауықтыру мекемесі, 27 фельдш. пункт бар (1997). Аудан жері арқылы респ. маңызы бар Астана — Алматы, Астана — Павлодар т.ж., Астана — Қарағанды автомоб. жолы өтеді.  

Бөлісу: