Карелин Григорий Силыч

4 Желтоқсан 2012, 11:43

КАРЕЛИН Григорий Силыч (1801, Ресей, бұрынғы Петербург губ. – 29.12.1872, Қазақстан, Атырау қ.) – орыс ғалымы, саяхатшы. Санкт-Петербургтегі 1-кадет корпусын бітіргеннен кейін (1817), Ресей империясы армиясының Орынбор гарнизонына жіберілген. Мұнда Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалымдармен танысып, Каспий маңы мен Орынбор өлкесін зерттеумен шұғылданды. 1826 – 27 ж. Эверсманмен бірге Қшкі (Бөкей) Ордада болып, Жәңгір ханмен танысты. Орал қ-нан Үлкен (Қара) және Бала (Сары) өзендерінің сағасына, онан әрі Еділге дейін барады. Бөкей ордасының тұңғыш топогр. картасын жасайды. 1829 ж. Ресей Сыртқы істер мин-нің Азия департаментіне қызметке ауысты. Бірнеше жыл (1832, 1834, 1836 ж.) бойы порт құрылысын салу мақсатында Каспийдің шығыс жағалауында зерттеулер жүргізді. Қайдақ соры жағасынан бекініс салуға орын белгілейді. Кейін 1834 ж. онда Александровск форты салынды. 1832 ж. Орынбор губернаторы Сухтеленнің тапсырмасы бойынша К. Каспий т-нің солт.-шығыс жағалауына экспедицияға шығып, Өлі қолтық, Қашақ шығанақтарын, Бозащы түбегін, Үстірттің солт.-батысын зерттейді. Каспий т-нің солт.-шығыс бөлігінің және оған іргелес аудандардың картасын жасайды, жануарлар мен өсімдіктер жайында, жалпы қазақ халқына қатысты түрлі этногр., т.б. бай материалдар жинайды. 1836 ж. Каспий т-нің шығыс жағалауын толық зерттеп, картаға түсіреді. Қарабұғазкөл шығанағының тұңғыш геогр. сипаттамасын жасайды. 1840 – 45 ж. Мәскеу натуралистері қоғамының тапсырмасымен К. Шығ. Қазақстанға саяхат жасады. Семей, Ертіс, Алтай, Тарбағатай, Нарым, Жетісу Алатауын аралады. 1841 ж. Алатаудың қарлы жотасы мен Жетісу өңірінде болды. 1842 ж. Баянауыл, Қарқаралыны аралап, Алтайдың шығыс бөлігінде зерттеулер жүргізді. 1843 ж. Көкпекті округі арқылы Зайсан-Нар өз-не жетіп, сол өзеннен Өскеменге дейінгі 400 шақырымға ағып жатқан Қара (Жоғарғы) Ертісті сипаттап жазып, маңызды мағлұматтар келтірді. 1844 ж. Бұқтырма өз-нде зерттеу жүргізді.  Осы өңірдегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаңа түрлерін зерттеп, 1127 түрден тұратын 38 мың дана ботан. коллекция жасады. К. өмірінің соңғы 20 жылында (1849 – 72) Атырауда тұрып, жаратылыстану, география саласында, сондай-ақ, тарихи материалдар жинаумен шұғылданды. Бірақ ол еңбегін аяқтап үлгермеді. Өкінішке орай, К-нің Қазақстан табиғаты жайында жинаған бай ғыл. материалдары Атырауда өртеніп кетті. Тек шағын бөлігі ғана 1883 ж. Орыс география қоғамының жазбаларында жарияланды. К-нің ұзақ жылдар бойғы еңбегінің нәтижесін көрсететін кейбір ботан., зоол. қыруар коллекциялары Санкт-Петербург, Мәскеу мұражайларына табыс етілді. Шығ.: Путешествия по Каспийскому морю, “Записки Русского географического общества”, 1883, т. 10. Ж. Шалғынбай, Ә. Бірмағамбетов  

КАРЕЛИН Григорий Силыч (1801, Ресей, бұрынғы Петербург губ. – 29.12.1872, Қазақстан, Атырау қ.) – орыс ғалымы, саяхатшы. Санкт-Петербургтегі 1-кадет корпусын бітіргеннен кейін (1817), Ресей империясы армиясының Орынбор гарнизонына жіберілген. Мұнда Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалымдармен танысып, Каспий маңы мен Орынбор өлкесін зерттеумен шұғылданды. 1826 – 27 ж. Эверсманмен бірге Қшкі (Бөкей) Ордада болып, Жәңгір ханмен танысты. Орал қ-нан Үлкен (Қара) және Бала (Сары) өзендерінің сағасына, онан әрі Еділге дейін барады. Бөкей ордасының тұңғыш топогр. картасын жасайды. 1829 ж. Ресей Сыртқы істер мин-нің Азия департаментіне қызметке ауысты. Бірнеше жыл (1832, 1834, 1836 ж.) бойы порт құрылысын салу мақсатында Каспийдің шығыс жағалауында зерттеулер жүргізді. Қайдақ соры жағасынан бекініс салуға орын белгілейді. Кейін 1834 ж. онда Александровск форты салынды. 1832 ж. Орынбор губернаторы Сухтеленнің тапсырмасы бойынша К. Каспий т-нің солт.-шығыс жағалауына экспедицияға шығып, Өлі қолтық, Қашақ шығанақтарын, Бозащы түбегін, Үстірттің солт.-батысын зерттейді. Каспий т-нің солт.-шығыс бөлігінің және оған іргелес аудандардың картасын жасайды, жануарлар мен өсімдіктер жайында, жалпы қазақ халқына қатысты түрлі этногр., т.б. бай материалдар жинайды. 1836 ж. Каспий т-нің шығыс жағалауын толық зерттеп, картаға түсіреді. Қарабұғазкөл шығанағының тұңғыш геогр. сипаттамасын жасайды. 1840 – 45 ж. Мәскеу натуралистері қоғамының тапсырмасымен К. Шығ. Қазақстанға саяхат жасады. Семей, Ертіс, Алтай, Тарбағатай, Нарым, Жетісу Алатауын аралады. 1841 ж. Алатаудың қарлы жотасы мен Жетісу өңірінде болды. 1842 ж. Баянауыл, Қарқаралыны аралап, Алтайдың шығыс бөлігінде зерттеулер жүргізді. 1843 ж. Көкпекті округі арқылы Зайсан-Нар өз-не жетіп, сол өзеннен Өскеменге дейінгі 400 шақырымға ағып жатқан Қара (Жоғарғы) Ертісті сипаттап жазып, маңызды мағлұматтар келтірді. 1844 ж. Бұқтырма өз-нде зерттеу жүргізді. 

Осы өңірдегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаңа түрлерін зерттеп, 1127 түрден тұратын 38 мың дана ботан. коллекция жасады. К. өмірінің соңғы 20 жылында (1849 – 72) Атырауда тұрып, жаратылыстану, география саласында, сондай-ақ, тарихи материалдар жинаумен шұғылданды. Бірақ ол еңбегін аяқтап үлгермеді. Өкінішке орай, К-нің Қазақстан табиғаты жайында жинаған бай ғыл. материалдары Атырауда өртеніп кетті. Тек шағын бөлігі ғана 1883 ж. Орыс география қоғамының жазбаларында жарияланды. К-нің ұзақ жылдар бойғы еңбегінің нәтижесін көрсететін кейбір ботан., зоол. қыруар коллекциялары Санкт-Петербург, Мәскеу мұражайларына табыс етілді.
Шығ.: Путешествия по Каспийскому морю, “Записки Русского географического общества”, 1883, т. 10.
Ж. Шалғынбай, Ә. Бірмағамбетов
 
Бөлісу: