Археология

4 Желтоқсан 2012, 11:41

  Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.  Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі  18 м. Кейбір обалардың биіктігі  20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады. Археология  (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині  біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық  зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий  Радлов, Николай Веселовский,  Петр Лерх, Василий  Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр  Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. 1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай  мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның  Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.

 

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.  Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі  18 м. Кейбір обалардың биіктігі  20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Археология  (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині  біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық  зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий  Радлов, Николай Веселовский,  Петр Лерх, Василий  Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр  Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.

1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай  мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның  Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.

Бөлісу: