Архаикалық мәдениет

4 Желтоқсан 2012, 11:37

  Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік. Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды. Ориньяк кезі (30—19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің («Венераларының») 150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің эр елдерінде, оның ішінде Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті — әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты. Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40—30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воронеж) Венерасы»— деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады. Бұл өнер туындылары — аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі болған алғашқы нұсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастапқы бейнелері болғандықтан аса құнды мәдени ескерткіштер болып саналады. Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады. Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті. Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мадлен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы Альтамир үңгірі — алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы» деген атаққа ие болды. Бұл үңгірлердегі өнер туындыларының ішінде адамның өз қаруымен мерт еткен жанталас үстіндегі аңның бейнесі, адамзат баласының келешекте жеңетіндігін мойындап, болжап білгендей әсер қалдырары сөзсіз. Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Адамзат баласының бұл алғашқы екі ошағының арасында байланыстар басталып, нәсілдік, техникалық, шаруашылық түрлерінің өзгешеліктеріне қарамастан алғашқы мәдени байланыстардың іргетасы қалана бастады. Кейінгі палеолит дәуірінде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта Қара теңіз төңірегінде — негроиттік, ал шығыстағы Азияда — монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Жер бетін мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да — сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек. Сол кездің өзіндеақ тілдің, нанымсенімдердің, өнердің, жанұялық неке қарымқатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады. Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі — аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтығанын жоққа шығара алмаймыз. Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Аңшының бойындағы шыдамдылық, жігерлілік, батылдық сияқты тек қана осы кәсіп иелеріне тән қасиеттер оларды басқа кәсіп иелерінен ерекше етіп көрсетті. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігіне кәміл сенді. Сиқыршылықтың басты мақсаты — адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамыңды айналдырып алу және тағы басқалары болды. Сиқыршы тек өз күшіне, өз қабілетіне ғана сенді. Осы тұрғыдан алып қарағанда сиқыршылықтың діннен айтарлықтай айырмашылығы бар, өйткені дін адамнан асқан құдіретті күш-құдайдың көмегіне сүйенеді, ал аңшылық сиқыр болса олжаның пайда болуы мен иемденуді және тағы басқалары қамтамасыз ету керек болды. Магияның (сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен (сонымен бірге табиғат күштері мен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып қарастырылатын кездер де болған) тығыз байланыста қарастыруы. Кейінгі палеолит мәдениеті жөніндегі мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері мен этнография ғылымының тұжырымдарына негізделген. Біздің заманымызда кейінгі палеолит дәуіріне ұқсас тіршілік еткен халықтар болды. Олар — Австралияның байырғы тұрғын халықтары. Австралия — тотемизм мен сиқырлаудың] (магияның) классикалық елі. Олар еуропалықтармен алғаш кездескен уақытта кейінгі палеолит дәуірінің соңғы кезеңін бастан кешіріп жатқан болатын. Демек, еуропалықтар келгенге дейін Австра-лияның байырғы тұрғындары палеолиттен мезолитке көшкен еді. Австралия аборигендеріне қарағанда көне замандағы Еуропа үңгірлерін мекендеген алғашқы адамдардың тотемизмі бұлардан әлдеқайда қарапайым болған. Палеолит дәуіріндегі үңгірлер қабырғаларына салынған жануарлар бейнесінің қисапсыз көп болуы — сол заманда сиқырлаудың шарықтап, гүлденгенінің басты айғағы болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады. Олай болса үңгір қабырғаларының көрінген жеріне салынған, бір-бірімен байланыссыз, ешқандай өрнек құрамайтын сан-алуан сызықтар мен шимайлар бейнелеу өнерінің ортақ композициясын құрамаса да, олардың әрқайсысын жеке алып қарастырғанда алғашқы адамдардың дүние танымдық көзқарастарының хабар беретін тырнақалды өнер туындылары деп бағалаймыз, өйткені үңгір суретшілері белгілі бір сюжеттер құруды мақсат еткен жоқ, олардың басты назары сиқыршылыққа ауған болатын. Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы — тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальдықтардың дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің алғашқы сатысына көшті. Алғашқы адамдардың қараңғы үңгірлерде түруы дыбыс белгілерін жетілдіруді қажет етті. Өмірдің қиын-қыстау жагдайлары мен қауіп-қатерлерден сақтандыру және тіршілік жағдайларынан туындайтын түрлі сәттер тілдің қалыптасып-даму процесін жеделдете түсті. Кейінгі палеолит дәуірінің аңшыларында бүйрық беру тілі қалыптасты, өйткені аң аулау кездерінде түсінікті дыбыс белгілерін беру олар үшін ауадай қажет болатын. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөздік атауларды жануарлар алғанға ұқсайды, ал басқа заттардың атаулары кейіннен пайда болған. Алғашқы қауым адамдарының бұл заңды талпынысы адамзат дамуының келесі сатысында, мезолит дәуірінде өз жалғасын тапты. Бұл кезеңде туындаған мәселелер де қоғам дамуының барысында өз шешімін тауып жатты. Көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасындағы өтпелі дәуір мезолит (мезо — орта, лит — тас деген мағына береді) кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланысты адамдардың тұрмыстіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі — адам баласының өміріндегі жаңа қарудың — садақ пен оның жебесінің пайда болуы. Мұндай қарудың пайда болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар балықшылық кәсіпті игеріп қана қоймай, оны одан әрі жетілдіріп, қайық ойлап тапты және балық аулаумен шұғылданудың адам өмірі үшін онша қауіпті емес екеңдігін алғашқы адамдар түсіне де білді. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері — мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі. Ол енді жалқыға емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас үйірге, кездейсоқ табылған дақылға немесе жеміске емес, өзі пайдалануға тиіс тұтас жер учаскелеріне назар аударады да, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, көз аясындағы дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең, әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Дүниені жаңаша қабылдаудан туындаған бұл өзгерістерге мезолит дәуірінде көп кескінді композициялық өнердің туындауына және ондағы басты рөлді адамның атқаруына әкелді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде осы дәуірдің қоныстарының орнында ұзындығы 300 м., биіктігі 3 м.-ге дейін жететін желінген тамақтардың (сүйектердің) үйінділері табылған. Әсіресе, Дания жерінде мұндай үлкен үйінділер көп кездеседі. Олар негізінен бұқалардың, иттердің, бұғылардың, балықтардың, бұландардың сүйектерінен құралады. Ерекше атап өтетін бір жайт, осылардың ішіндегі ең көп кездесетіні, моллюск қабыршақтары. Жеуге жарамды моллюск қабыршақтары сондай дәмді болмаса да шағын көлдерде көп кездесетіндіктен оларды қорек ретінде пайдаланған. Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игерді. Әлі де кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың үшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу — дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса, екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болды. Осылай әйелдер өнері — ою-өрнек пайда болды. Бұрынғыдай қолайлы жағдайлар мен қажеттілік болмағандықтан тас дәуірінің адамдары жартастарға құдіретті андардың бейнелерін енді салмайтын болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі — неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек, керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған «керамика ғасыры» деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді. Өйткені, бұған дейін адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланса, ендігі жерде табиғатта белгісіз материалдар жасап, табиғаттың құлынан қожасына айналу жолында алғашқы қадамдар жасады. Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл ұлы жаңалықтың барысында адам бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді, яғни шытырман өрнектер мен әшекейлерден басталған бұл талпыныс барған сайын күрделіленіп, бояулар мен сызықтар ырғағымен, геометриялық сымбатымен ерекшеленетін өнер туындыларына айнала бастады. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын құдіретті күштің алғашқы белгілері қалыптаса бастады. Осы орайда мезолит пен неолит бейнелеу өнері (мезолит пен палеолиттердің арасы секілді бұлардың арасын да дәл жіктеп ажырата білудің оңайға соқпайтындығын ескерте кеткенді жөн көрдік) көп кескінді көріністер бейнелеуден басқа қандай жаңалықтар әкелді!? Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және тағы басқалары жерлерден кездестіруге болады. Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде андардың бейнесін салудың сапасы жақсарды. Ең бастысы — аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Үйлесімділік пен динамизм белгілері айқындала бастаған испандық және африкалық циклдердің суреттерінде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп, нанымды етіп көрсетілген. Жартастағы бұл графикада алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады. Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырып көрелікші. Бұл әйелдің тұла бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған балауса да, сүңғақ денесінен ее тандырар сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай үшқан араның қоршауында. Біздің алдымызда тасқа бояумен салынған адам сұлулығын табиғатпен байланыетырған шын поэтикалық сурет түр. Кейінгі неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері жай ғана белгілерге айналып кеткен, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыс суретшілерінің нені бейнелегісі келгендігін ажырату оңайлыққа түспейді. Қазіргі заманда шөлге айналған Алжир территориясындағы Сахара мен Феццанның шекарасында орналасқан Тассили — Аджар деген таулы жерде жалаң жартастар жотасы бар. Осы жартастардың табанындағы үңгірлерден және жартастардың өзінен неше түрлі суреттер мен бейнелеу өнерінің туындылары (біздің заманымаздан бұрынғы төртінші мың жылдықтан біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдығына дейін жасалған 15 мың бейнелеу өнерінің фрагменттері) табылды. Бұл мол мәдени олжа арқылы кезінде табиғаты әсем болған кең байтақ өлкені мекендеген бақташылар тайпасының көркемдік шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алдық. Тассили — Аджар өнерінен гүлденген, ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Енді бір сәт осы бір суреттер мазмұнына үңіліп көрелікші. Жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген. Салтанатты әсем мүйіздер, алып бұқалар, сұлу антилопалар, сәнді киім киген бикеш кескіндерімен қатар өзара шайқасқан, аңшылардан қашқан немесе жайылып жүрген жирафтар бейнеленген неше түрлі көріністер өзінің табиғилығымен таң қалдырады. Билеп жүрген биші әйелдердің бейнелерінен ерекше бір сымбаттылық пен нәзіктікті аңғарсақ, аңшылардың сүсты өңдері сол бір сындарлы заманның жаршысы тәріздес. Көне заман суретшісінің қыл қаламынан туындаған африкалық шөлдің алып жартастарындағы осы бір «еурет галлереясы» — тарихқа дейінгі өнердің дүние жүзіндегі ең үлкен музейі десек қателеспеген болар едік. Неолиттік өнер біздің заманымызда да африкалық тайпалар арасында ұзаққ уақыт сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары — бушмендер еуропалық отаршылар келгенге дейін ежелгі рулық құрылыс жағдайында өмір сүрген болатын. Олардың жартастағы тамаша бейнелеу өнері өзінің стилі жағынан неолитке жатады. Бушмендердің барлығы бірдей суретші болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана айналысқан. Суретшілер суретті салудан антилопаның қылынан жасалып (кейін жылқының қылынан дайындалған) тарамыспен байланған қатты қаламдар қолданған. Сурет салуға қажетті бояуды ерітілген майға езген, бояулар кішкентай құмыраларға құйылған, сондықтан да олар қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланған. Өкінішке орай, «тас ғасырының» ақырғы тұрғындарын — ағылшындар мен бурлар қатыгездікпен жойып жіберді. Неолит дәуірі — рулық құрылыс пен тас өндірісінің шарықтаған кезі. Дәл осы кезеңде үлкен шеберлікпен өңделіп жасалған тас балталардың көмегімен тас ғасырының адамдары ағаштарды кесіп одан үй тұрғызып, жоғарыда көрсеткеніміздей балық аулауға арналған қайықтар жасады. Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге белуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып табылады. Экономиканың бұл түрі кей жерлерде, әсіресе еуропалықтар келгенге дейін солтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауында өзінің гүлдену шағын бастан кешіріп жатқан болатын. Бұл жердің теңіздері балыққа бай болғандықтан жергілікті үндістер тюлень, қамшат, қызыл балықтармен қатар алып киттерді де аулайтын-ды, орманды жерлерде тау қой-ешкілерін, бұғыларды ұстауды кәсіп ететін. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, бірақ қызыл қарағайдан сапалы, әрі мықты қайықтар жасауды меңгерген. Қыс кезінде ағаштан жасалған үлкен үйлерде тұрған, бұл үйлердің терезелері болмағандықтан төбесіне тұтін шығатын тесік жасаған. Тағы қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш — плащтар тіккен. Өзара тайпалық қақтығыстар кезінде ағаштан жасалған маска л ар киген. Қолға түскен тұтқындарды құлдарға айналдырған, о л ар көбінесе қауымдық ұжымның меншігі болып есептелген. Олар бір-бірімен балық, балық майымен, тас пен сүйектен жасалған әшекей бұйымдармен, құлдармен сауда-саттық жасаған. Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауын мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық» деп аталатын ғұрып етек алған. Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп-нығайтқан (көп жағдайларда таратылған дүние-мүлік қарсы сыйлық немесе қызмет түрінде қайтарылатын болған). Бұл жерлердің тұрғылықты халықтары ағаш пен сүйекті ойып безендіруді тамаша меңгерген. Олардың тұрған қоныстарының басты белгісі қызыл қарағайдан (самырсыннан) жасалынған биіктігі 20 метрге дейін жететін бағаналар болған және олар тотемдік ата тегіндегілер мен түрлі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерімен безендірілген. Мұндай қасиетті бағаналарды орнату үлкен уақиға болып саналган, өйткені бұл дөстүр қожайынның атын мәңгілік қалдыруға бағытталғандықтан, оның мерейін тасытқан. Мұндай тойлардың аяғы көп жағдайларда құрбандыққа адам шалумен аяқталған. Үндістердің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырып көрелік: бұл туындыньщ ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бұркіт бейнеленген. Бұл «спорттық пирамиданың» мән-мағынасын түсіну онша қиындыққа соқпайтын сияқты. Ол — қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді. Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалаула рындағы жерлердің құнарлығы соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ бұл көсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы — көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады. Әрине, жер шарында құнарлы жерлер көп емес, олар адамзат баласы мекендеген жер аумағының бір-ақ процентін құрайды. Сондықтан да ну ормандар мен шөлейт жерлерді игеру — жерді өңдеу, пайдалану технологиясын, қолданылатын құралсаймандарды жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда адамдардың отырықшылдыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда болды. Неолит дәуірінің егіншілері мен малшылары — шаруалар болды. Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері — аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндері — анимизм болды. Анимизм — рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша — табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері — рух пен жан болып саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салтдөстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады. Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш енгізген атақты ғалым Тайлор болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, алғашқы қауым адамдары сиқыршылықты да жиі қолдады, бірақ аңшылық сиқыршылығына қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. ПӀаруаның тұрмыс-тіршілігі жердің құнарлылығына тығыз байланысты. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналды. Сондықтан да бол ар, егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар (салт-жоралар) маусымдық сипатта болды, яғни егіс жұмыстарының басталуымен және шыққан егіннің өнімін жинаумен тығыз байланысты. Үлы құдай — аналар — Иштар, Кибела, Деметра, Церера әрі дархан, әрі балажан болғандықтан өздеріне жан-тәнімен табынуды талап етеді. Сондықтан да болар, осы құдайлардың құрметіне байланысты өткізілетін әдет-ғұрыптарда мен салт-жораларда эротикалық сәттер де аз болмаған. Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты рольді атқарған. Жын-перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осыңдай қиын сәтте оған көмекке анасы немесе әйелі мен қарындасы келеді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сөйтіп құдай қайта тіріледі. Өліп-тірілген құдайлардың құрметіне байланысты салт-дәстүрлер, әдетте егін шаруашылығы маусымдарының ауысқан кездерінде өткізілетін болған. Ерекше атап өтетін бір жайт, осындай салт-жораларды өткізген кездерде түрлі маскалар, мүсіндер, жартастағы кескіндер, жерге салынған суреттер кеңінен пайдаланылған және әндер айтылып, билер биленіп, театрландырылған көріністер қойылатын болған. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі — фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып саналады. Фетишизм — табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну. Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы өзінің шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен (тотеммен) байланыстырған. Олар адамның жануарға айналатыны туралы «мифке» сенген, олай болса алғашқы адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деп есептеген. Осы айтылғандардың (тотемизм, фетишизм, анимизм) барлығы дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт-дәстүрлерінде кеңінен көрініс тауып отыр. Қорыта келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры — адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа форма л арға ие болды, металл өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет» саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамашa өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала берді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құры-лыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар — адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды.

 

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.

Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.

Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.

Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

Ориньяк кезі (30—19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің («Венераларының») 150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің эр елдерінде, оның ішінде Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті — әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты.

Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40—30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воронеж) Венерасы»— деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады. Бұл өнер туындылары — аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі болған алғашқы нұсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастапқы бейнелері болғандықтан аса құнды мәдени ескерткіштер болып саналады.

Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады.

Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.

Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мадлен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы Альтамир үңгірі — алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы» деген атаққа ие болды. Бұл үңгірлердегі өнер туындыларының ішінде адамның өз қаруымен мерт еткен жанталас үстіндегі аңның бейнесі, адамзат баласының келешекте жеңетіндігін мойындап, болжап білгендей әсер қалдырары сөзсіз.

Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Адамзат баласының бұл алғашқы екі ошағының арасында байланыстар басталып, нәсілдік, техникалық, шаруашылық түрлерінің өзгешеліктеріне қарамастан алғашқы мәдени байланыстардың іргетасы қалана бастады. Кейінгі палеолит дәуірінде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта Қара теңіз төңірегінде — негроиттік, ал шығыстағы Азияда — монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Жер бетін мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да — сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек. Сол кездің өзіндеақ тілдің, нанымсенімдердің, өнердің, жанұялық неке қарымқатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады.

Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі — аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтығанын жоққа шығара алмаймыз.

Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Аңшының бойындағы шыдамдылық, жігерлілік, батылдық сияқты тек қана осы кәсіп иелеріне тән қасиеттер оларды басқа кәсіп иелерінен ерекше етіп көрсетті. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігіне кәміл сенді. Сиқыршылықтың басты мақсаты — адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамыңды айналдырып алу және тағы басқалары болды. Сиқыршы тек өз күшіне, өз қабілетіне ғана сенді. Осы тұрғыдан алып қарағанда сиқыршылықтың діннен айтарлықтай айырмашылығы бар, өйткені дін адамнан асқан құдіретті күш-құдайдың көмегіне сүйенеді, ал аңшылық сиқыр болса олжаның пайда болуы мен иемденуді және тағы басқалары қамтамасыз ету керек болды.

Магияның (сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың өздерінің ата-тегін жануарлармен, жануарлар дүниесімен (сонымен бірге табиғат күштері мен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып қарастырылатын кездер де болған) тығыз байланыста қарастыруы. Кейінгі палеолит мәдениеті жөніндегі мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері мен этнография ғылымының тұжырымдарына негізделген. Біздің заманымызда кейінгі палеолит дәуіріне ұқсас тіршілік еткен халықтар болды. Олар — Австралияның байырғы тұрғын халықтары. Австралия — тотемизм мен сиқырлаудың] (магияның) классикалық елі. Олар еуропалықтармен алғаш кездескен уақытта кейінгі палеолит дәуірінің соңғы кезеңін бастан кешіріп жатқан болатын. Демек, еуропалықтар келгенге дейін Австра-лияның байырғы тұрғындары палеолиттен мезолитке көшкен еді. Австралия аборигендеріне қарағанда көне замандағы Еуропа үңгірлерін мекендеген алғашқы адамдардың тотемизмі бұлардан әлдеқайда қарапайым болған.

Палеолит дәуіріндегі үңгірлер қабырғаларына салынған жануарлар бейнесінің қисапсыз көп болуы — сол заманда сиқырлаудың шарықтап, гүлденгенінің басты айғағы болып табылады.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады. Олай болса үңгір қабырғаларының көрінген жеріне салынған, бір-бірімен байланыссыз, ешқандай өрнек құрамайтын сан-алуан сызықтар мен шимайлар бейнелеу өнерінің ортақ композициясын құрамаса да, олардың әрқайсысын жеке алып қарастырғанда алғашқы адамдардың дүние танымдық көзқарастарының хабар беретін тырнақалды өнер туындылары деп бағалаймыз, өйткені үңгір суретшілері белгілі бір сюжеттер құруды мақсат еткен жоқ, олардың басты назары сиқыршылыққа ауған болатын.

Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы — тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальдықтардың дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің алғашқы сатысына көшті. Алғашқы адамдардың қараңғы үңгірлерде түруы дыбыс белгілерін жетілдіруді қажет етті. Өмірдің қиын-қыстау жагдайлары мен қауіп-қатерлерден сақтандыру және тіршілік жағдайларынан туындайтын түрлі сәттер тілдің қалыптасып-даму процесін жеделдете түсті. Кейінгі палеолит дәуірінің аңшыларында бүйрық беру тілі қалыптасты, өйткені аң аулау кездерінде түсінікті дыбыс белгілерін беру олар үшін ауадай қажет болатын. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөздік атауларды жануарлар алғанға ұқсайды, ал басқа заттардың атаулары кейіннен пайда болған. Алғашқы қауым адамдарының бұл заңды талпынысы адамзат дамуының келесі сатысында, мезолит дәуірінде өз жалғасын тапты. Бұл кезеңде туындаған мәселелер де қоғам дамуының барысында өз шешімін тауып жатты. Көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасындағы өтпелі дәуір мезолит (мезо — орта, лит — тас деген мағына береді) кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланысты адамдардың тұрмыстіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекшелігі — адам баласының өміріндегі жаңа қарудың — садақ пен оның жебесінің пайда болуы. Мұндай қарудың пайда болуы алғашқы адамдардың өмірінде мал шаруашылығының пайда болуына және оның дамуына үлкен әсерін тигізді. Адамдар балықшылық кәсіпті игеріп қана қоймай, оны одан әрі жетілдіріп, қайық ойлап тапты және балық аулаумен шұғылданудың адам өмірі үшін онша қауіпті емес екеңдігін алғашқы адамдар түсіне де білді.

Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері — мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі. Ол енді жалқыға емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас үйірге, кездейсоқ табылған дақылға немесе жеміске емес, өзі пайдалануға тиіс тұтас жер учаскелеріне назар аударады да, ортақ игілік үшін ұжымда еңбек ете отырып, көз аясындағы дүниені рухани сезіммен анағұрлым кең, әрі ұйымшылдықпен қамтыды. Дүниені жаңаша қабылдаудан туындаған бұл өзгерістерге мезолит дәуірінде көп кескінді композициялық өнердің туындауына және ондағы басты рөлді адамның атқаруына әкелді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде осы дәуірдің қоныстарының орнында ұзындығы 300 м., биіктігі 3 м.-ге дейін жететін желінген тамақтардың (сүйектердің) үйінділері табылған. Әсіресе, Дания жерінде мұндай үлкен үйінділер көп кездеседі. Олар негізінен бұқалардың, иттердің, бұғылардың, балықтардың, бұландардың сүйектерінен құралады. Ерекше атап өтетін бір жайт, осылардың ішіндегі ең көп кездесетіні, моллюск қабыршақтары. Жеуге жарамды моллюск қабыршақтары сондай дәмді болмаса да шағын көлдерде көп кездесетіндіктен оларды қорек ретінде пайдаланған.

Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игерді. Әлі де кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың үшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу — дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса, екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болды. Осылай әйелдер өнері — ою-өрнек пайда болды. Бұрынғыдай қолайлы жағдайлар мен қажеттілік болмағандықтан тас дәуірінің адамдары жартастарға құдіретті андардың бейнелерін енді салмайтын болды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі — неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті. Демек, керамиканың пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған «керамика ғасыры» деген атақ берілді. Сонымен бірге бұл өнер табысы адамзат дамуындағы шын мәніндегі ұлы өзгерісті, зор уақиғаны білдіреді. Өйткені, бұған дейін адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланса, ендігі жерде табиғатта белгісіз материалдар жасап, табиғаттың құлынан қожасына айналу жолында алғашқы қадамдар жасады. Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл ұлы жаңалықтың барысында адам бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді, яғни шытырман өрнектер мен әшекейлерден басталған бұл талпыныс барған сайын күрделіленіп, бояулар мен сызықтар ырғағымен, геометриялық сымбатымен ерекшеленетін өнер туындыларына айнала бастады. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын құдіретті күштің алғашқы белгілері қалыптаса бастады.

Осы орайда мезолит пен неолит бейнелеу өнері (мезолит пен палеолиттердің арасы секілді бұлардың арасын да дәл жіктеп ажырата білудің оңайға соқпайтындығын ескерте кеткенді жөн көрдік) көп кескінді көріністер бейнелеуден басқа қандай жаңалықтар әкелді!? Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және тағы басқалары жерлерден кездестіруге болады.

Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде андардың бейнесін салудың сапасы жақсарды. Ең бастысы — аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Үйлесімділік пен динамизм белгілері айқындала бастаған испандық және африкалық циклдердің суреттерінде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп, нанымды етіп көрсетілген. Жартастағы бұл графикада алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады. Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырып көрелікші. Бұл әйелдің тұла бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған балауса да, сүңғақ денесінен ее тандырар сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай үшқан араның қоршауында. Біздің алдымызда тасқа бояумен салынған адам сұлулығын табиғатпен байланыетырған шын поэтикалық сурет түр. Кейінгі неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері жай ғана белгілерге айналып кеткен, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыс суретшілерінің нені бейнелегісі келгендігін ажырату оңайлыққа түспейді.

Қазіргі заманда шөлге айналған Алжир территориясындағы Сахара мен Феццанның шекарасында орналасқан Тассили — Аджар деген таулы жерде жалаң жартастар жотасы бар. Осы жартастардың табанындағы үңгірлерден және жартастардың өзінен неше түрлі суреттер мен бейнелеу өнерінің туындылары (біздің заманымаздан бұрынғы төртінші мың жылдықтан біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдығына дейін жасалған 15 мың бейнелеу өнерінің фрагменттері) табылды. Бұл мол мәдени олжа арқылы кезінде табиғаты әсем болған кең байтақ өлкені мекендеген бақташылар тайпасының көркемдік шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алдық. Тассили — Аджар өнерінен гүлденген, ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Енді бір сәт осы бір суреттер мазмұнына үңіліп көрелікші. Жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген.

Салтанатты әсем мүйіздер, алып бұқалар, сұлу антилопалар, сәнді киім киген бикеш кескіндерімен қатар өзара шайқасқан, аңшылардан қашқан немесе жайылып жүрген жирафтар бейнеленген неше түрлі көріністер өзінің табиғилығымен таң қалдырады. Билеп жүрген биші әйелдердің бейнелерінен ерекше бір сымбаттылық пен нәзіктікті аңғарсақ, аңшылардың сүсты өңдері сол бір сындарлы заманның жаршысы тәріздес. Көне заман суретшісінің қыл қаламынан туындаған африкалық шөлдің алып жартастарындағы осы бір «еурет галлереясы» — тарихқа дейінгі өнердің дүние жүзіндегі ең үлкен музейі десек қателеспеген болар едік.

Неолиттік өнер біздің заманымызда да африкалық тайпалар арасында ұзаққ уақыт сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары — бушмендер еуропалық отаршылар келгенге дейін ежелгі рулық құрылыс жағдайында өмір сүрген болатын. Олардың жартастағы тамаша бейнелеу өнері өзінің стилі жағынан неолитке жатады. Бушмендердің барлығы бірдей суретші болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана айналысқан. Суретшілер суретті салудан антилопаның қылынан жасалып (кейін жылқының қылынан дайындалған) тарамыспен байланған қатты қаламдар қолданған. Сурет салуға қажетті бояуды ерітілген майға езген, бояулар кішкентай құмыраларға құйылған, сондықтан да олар қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланған. Өкінішке орай, «тас ғасырының» ақырғы тұрғындарын — ағылшындар мен бурлар қатыгездікпен жойып жіберді. Неолит дәуірі — рулық құрылыс пен тас өндірісінің шарықтаған кезі. Дәл осы кезеңде үлкен шеберлікпен өңделіп жасалған тас балталардың көмегімен тас ғасырының адамдары ағаштарды кесіп одан үй тұрғызып, жоғарыда көрсеткеніміздей балық аулауға арналған қайықтар жасады.

Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге белуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып табылады. Экономиканың бұл түрі кей жерлерде, әсіресе еуропалықтар келгенге дейін солтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауында өзінің гүлдену шағын бастан кешіріп жатқан болатын. Бұл жердің теңіздері балыққа бай болғандықтан жергілікті үндістер тюлень, қамшат, қызыл балықтармен қатар алып киттерді де аулайтын-ды, орманды жерлерде тау қой-ешкілерін, бұғыларды ұстауды кәсіп ететін. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, бірақ қызыл қарағайдан сапалы, әрі мықты қайықтар жасауды меңгерген. Қыс кезінде ағаштан жасалған үлкен үйлерде тұрған, бұл үйлердің терезелері болмағандықтан төбесіне тұтін шығатын тесік жасаған.

Тағы қозылар мен ешкілердің жүнінен көйлектер мен жамылғыш — плащтар тіккен. Өзара тайпалық қақтығыстар кезінде ағаштан жасалған маска л ар киген. Қолға түскен тұтқындарды құлдарға айналдырған, о л ар көбінесе қауымдық ұжымның меншігі болып есептелген. Олар бір-бірімен балық, балық майымен, тас пен сүйектен жасалған әшекей бұйымдармен, құлдармен сауда-саттық жасаған. Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауын мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық» деп аталатын ғұрып етек алған. Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп-нығайтқан (көп жағдайларда таратылған дүние-мүлік қарсы сыйлық немесе қызмет түрінде қайтарылатын болған).

Бұл жерлердің тұрғылықты халықтары ағаш пен сүйекті ойып безендіруді тамаша меңгерген. Олардың тұрған қоныстарының басты белгісі қызыл қарағайдан (самырсыннан) жасалынған биіктігі 20 метрге дейін жететін бағаналар болған және олар тотемдік ата тегіндегілер мен түрлі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерімен безендірілген. Мұндай қасиетті бағаналарды орнату үлкен уақиға болып саналган, өйткені бұл дөстүр қожайынның атын мәңгілік қалдыруға бағытталғандықтан, оның мерейін тасытқан. Мұндай тойлардың аяғы көп жағдайларда құрбандыққа адам шалумен аяқталған.

Үндістердің ойып жасаған заттарының композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік етіп жасалады. Оған мысал ретінде зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырып көрелік: бұл туындыньщ ең астында кит, оның үстінде ер адам, оның басында түрегеліп тұрған әйел, ал әйелдің басында отырған бұркіт бейнеленген. Бұл «спорттық пирамиданың» мән-мағынасын түсіну онша қиындыққа соқпайтын сияқты. Ол — қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді.

Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалаула рындағы жерлердің құнарлығы соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге қоныс аударып отырған және жерді кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ бұл көсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы — көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады.

Әрине, жер шарында құнарлы жерлер көп емес, олар адамзат баласы мекендеген жер аумағының бір-ақ процентін құрайды. Сондықтан да ну ормандар мен шөлейт жерлерді игеру — жерді өңдеу, пайдалану технологиясын, қолданылатын құралсаймандарды жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда адамдардың отырықшылдыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда болды. Неолит дәуірінің егіншілері мен малшылары — шаруалар болды. Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері — аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндері — анимизм болды. Анимизм — рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша — табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері — рух пен жан болып саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салтдөстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады. Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш енгізген атақты ғалым Тайлор болды.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, алғашқы қауым адамдары сиқыршылықты да жиі қолдады, бірақ аңшылық сиқыршылығына қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. ПӀаруаның тұрмыс-тіршілігі жердің құнарлылығына тығыз байланысты. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналды. Сондықтан да бол ар, егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар (салт-жоралар) маусымдық сипатта болды, яғни егіс жұмыстарының басталуымен және шыққан егіннің өнімін жинаумен тығыз байланысты. Үлы құдай — аналар — Иштар, Кибела, Деметра, Церера әрі дархан, әрі балажан болғандықтан өздеріне жан-тәнімен табынуды талап етеді. Сондықтан да болар, осы құдайлардың құрметіне байланысты өткізілетін әдет-ғұрыптарда мен салт-жораларда эротикалық сәттер де аз болмаған.

Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты рольді атқарған. Жын-перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осыңдай қиын сәтте оған көмекке анасы немесе әйелі мен қарындасы келеді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сөйтіп құдай қайта тіріледі. Өліп-тірілген құдайлардың құрметіне байланысты салт-дәстүрлер, әдетте егін шаруашылығы маусымдарының ауысқан кездерінде өткізілетін болған.

Ерекше атап өтетін бір жайт, осындай салт-жораларды өткізген кездерде түрлі маскалар, мүсіндер, жартастағы кескіндер, жерге салынған суреттер кеңінен пайдаланылған және әндер айтылып, билер биленіп, театрландырылған көріністер қойылатын болған. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі — фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып саналады. Фетишизм — табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.

Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы өзінің шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен (тотеммен) байланыстырған. Олар адамның жануарға айналатыны туралы «мифке» сенген, олай болса алғашқы адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деп есептеген.

Осы айтылғандардың (тотемизм, фетишизм, анимизм) барлығы дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт-дәстүрлерінде кеңінен көрініс тауып отыр.

Қорыта келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры — адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа форма л арға ие болды, металл өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет» саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамашa өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала берді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құры-лыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар — адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды.

Бөлісу: