Армения телевизиясының тарихы

4 Желтоқсан 2012, 11:22

Армения телевизиясының тарихы (1950 ж) — КСРО Министірлік Кеңесі одақтас республикаларда 27 бағдарламалық орталық және 5 таратушы станция жасау туралы шешім қабылдаған 1955 жылы 5 қыркүйектен басталады. Таратушы станцияның құрылысы Ереван қаласында басталды, ал Арменияның телевизия жөніндегі комитетінің бірінші директоры Каграманов Нерсес болды. 1956 жылдың 29 қарашасында Шлепчан Нара Армения телевизиясының алғашқы әуе толқынын ашты. Онда бейнефильм және Мәскеудегі Армения өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертіне арналған сюжет көрсетілді. 1956 жылы 31 желтоқсанға дейін көгілдір экранда фильмдер көрсетіліп, сонымен бірте жекеменшік бағдарлама жасау бойынша да жұмыстар атқарылды. 1956 жылы 31 желтоқсанда Жаңа жылдық бағдарлама, ал Жаңа жылдың 2 қаңтарында балаларға арналған мерекелік хабар көрсетілді. Армения телевизиясының ресми ашылуы 1957 жылы 9 ақпан болып саналады. Осы күннен бастап аптасына 4 рет, тұрақты бағдарламалар көрсету басталды. 1957 жылы ақпан айы мәдени бағдарламаларға толы болды. Олар: "Актер Нерсисян Грачьяның творчествосы", "Пушкиннің поэзиясы", Кочарян Суреннің "Бір актердің театры" және т.б. Алайда көп кешікпей-ақ, "Венецияндық егіздер" (Пароян атындағы комедия театрының спектаклі), Чапектің "Ақ елес", Дос Нардың "Мен және Әйел", Чарнц Энглиштің "Ленин" және Кхаздяннің "Шепхерд хасрет" сияқты театрлық болжамдары пайда болды. Белгілі актерлер П. Вахрам, Н. Грачья, А. Авет, С. Метакс, М. Бакендердің көмегімен 8 айдың ішінде Сундукянның "Тірі құрбан", Лермонтовтың "Маскарад" спектакльдері телеэкранға шығарылды. 1957 жылы 23 желтоқсанда әдеби драма редакциясы М. Шолоховтың "Адам тағдырын" көрсетті. Ал режиссеры — М. Марат осы әңгіме бойынша әрқайсысы 27 мизансценадан тұратын 58 эпизоды бар сценарий жазды. Бұл көркем әңгімені экранға түсірудегі тұңғыш тәжірибе болатын. Бұдан кейін С. Бондарчуктің осы аттас көркем фильмі жарыққа шықты. Бұл еңбекте сондай-ақ Аветисян Жираир түсірген табиғат кадрлары да болды. Олар студиядан тысқары жерде түсірілген алғашқы кадрлар болатын. Одан кейін де телеэкрандалған бірқатар туындылар пайда болды. Олар: З.Виленнің "Хаты", "Ұят дауысы", Ж.Ананяннің "Такси таксиі". 1957 жылы 2 қаңтарда балаларға арналған концерттердің жобалық бағдарламалары көрсетілді. Ал ақпан айынан бастап бұл бағдарламалар экраннан тұрақты көрсетіле бастады. 1957 жылы 17 ақпанда О. Мелик-Вартанянның күшімен балалар ерекше ұнататын "Гюльназ әженің әңгімелері" көрсетіліп, оның рөлін актриса Г. Хайкуши ойнады. Гюльназ әже әңгімелерін немерелері Хасмики мен Сурикке айтып отырды. Араға жылдар түскеннен кейін бүл бағдарламада армяннан басқа орыс, шығыс және батыс Еуропа әңгімелері де пайда болды. Жастар білімін көтеретін "Өзін жаса", "Шебер қолдар", "Ғылым мен техника", "Барлығын да білгім келеді" және т.б. бағдарламалар да жасалды. 1957 жылы 6 шілдеде жаңалыктарға арналған алғашқы "Апта жаңалықтары" бағдарламасы пайда болып, ол 1958 жылы ақпан айынан бастап, тұрақты көрсетілді. Алғашқы саяси шолушылар Киракосян Джон мен Хакобян Якобтар. Бастапқыда тележурналистикаға баспасөз бен радионың мамандары келді. Алғашқы телевизиялық жаңалықтар радио жаңалықтарды қайталады. Сондықтан алғашқы хабарларда фотография, карталар және кинодан үзінділер көптеп көрсетілді. Жаңалықтардың бағдарламалары: "Апта жаңалықтары", "Соңғы хабарлар", "Телевизиялық жаңалықтар" деп бөлінді. Жаңалықтарды тақырыпқа болу пайда болды да саяси-әлеуметтік тақырыптардың көрініс қатарлары болмады, себебі халықаралық тақырып, акпараттық агенттіктерден келіп түсетін де, оларды дикторлар оқып беретін. Мәдениет жаңалықтары көлемі жағынан өте аз болды, ал спорт тақырыбы футбол туралы ақпаратпен ғана шектелді. 1957 жылы 13 қазанда Армян КСР-інің телерадио хабарлары жөніндегі Мемлекеттік комитеті ұйымдастырылды. 1958 жылдан бастап, бағдарламалар негізінен екі: саяси-әлеуметтік және көркем хабарлар редакцияларында жасалды. Біріншісіне насихат, жаналық, экономика, жастар және спорт бөлімдері, ал екіншісіне әдебиет және драма, музыка және балалар редакциялары кірді. 1958-66 жылдар аралығында 50 әдеби-драмалық спектакль жасалды. Олардың арасында Арзуманян Кимнің "Саят-Новасы", Россинидің "Севиль цюрильнигі" операсы, Пушкиннің "Бас мейманы", В.Сароянның "Сіздің өміріңіздің сағаты" және басқа да көптеген туындылар бар. "Музыка туралы әңгіме", "Музыкалық энциклопедия" деп аталатын музыкалық бағдарламалар эфирден тұрақты беріліп тұрды. 1967 жылы 1 желтоқсанда Мәскеуде болып өткен Бүкілодақтық 2-ші кинофестивальда "Озық фильм" жүлдесіне ие болған В. Закарянның "Бабаджанян Арно Сіздің замандасыңыз" фильмі телеаудиторияға көрсетілді. "Біздің республиканың қалалары және аймақтары", "Телекорермендерге жауап", "Сіздер үшін эйелдер" және басқалары сиякты жаңалық, саяси-әлеуметтік, көркем, музыкалық бағдарламалар телеэкранда көптеп көрсетіле бастады. 1963 жылы 28 мамырда көңіл көтеру бағдарламасының бөлімі ұйымдастырылды. 1964 жылы желтоқсанда Орталық телевизия көрсеткен бағдарлама "Армения ұсынады" деп аталды. Ереван-Рустави тарату жүйесінің салынуы нәтижесінде Орталық телевидение, Ленинград, Тбилиси, Интервидения, Еуровидения бағдарламаларын қабылдауға мүмкіндік туды. Алпысыншы жылдардың хабарлары: "Түңгі ертегі", "Балалық оты", "Өмір жолдары" деген сияқты әртүрлі жанрда болды. Хекекян Эльмираның талапты бала мен жасөспірімдерге арналған "Эстетика туралы әңгіме", "Әсемдік әлемі", "Меридің ойындары","Балалық оты" тақырыптарында жасөспірімдер әлемі ерекше айқын ашылды. 1964 жылы ол "16 жасқа дейінгі балаларға рұқсат" деген фильм түсіріп, осы фильм 1965 жылы Бүкілодақтық кинофестивальдың бірінші сыйлығын, Париж кинофестивалінің дипломын жеңіп алды. 1964 жылы тамыз айында анимациялық кино өмірге келді.1967жылы 8 мамырда Армения телевизиясының тарихында тұңғыш рет "телевизиялық жарыс" жанрында жасалған хабар пайда болды. "Тапқырлар мен көңілділер" сериясынан алғашқы хабар көрсетілді. "Араке" және "Зейтун" командалары телеэкран арқылы 90 минут бойы өздерінің білімдарлығын көрсетті. 1969 жылы ақпанда "Спорт әлемі" деген тақырыппен алғашқы спорттық бағдарлама экранға шықты. 1968 жылы КСРО-да Ереван қаласының 2750 жылдық мерекесі тойланды. Осыған орай, Армян радиосы мен телевизиясы хабарлардың 30 сағаттық бағдарламасын дайындап, олар KCPO-ның барлық республикасына таратылып, қыруар іс тындырылды. Мерекелік хабарлар 1968 жылы мамырда Қазақстанда, содан кейін КСРО-ның басқа республикаларында 10 күн бойы көрсетілді. Қорытынды фестиваль 18-19 қазанда болып өтті. 1965-66 жылдары "Хабарлар бағдарламасы", "Телевизия қыркүйекте", "Телевизия қазанда" деген хабарлар пайда болды. 1967 жылы 4 желтоқсаннан бастап, бұл бағдарламалар "ТВ жаңалықтары" деген атпен көрермендерге танымал бола бастады. 1967 жылы 14 қаңтардан бастап "Кинематографтың тууылуы", 19 желтоқсаннан бастап, көркемдік бағдарламалар редакциясы "Кино әлемінде" деген тақырыппен 30 минуттық бағдарламаларды экранға шығарды.70-жылдардың басында радио мен телевизияның көптеген бөлімдері бірнеше негізгі салаларға біріктірілді. Жаңа жабдықтар мен студиялық кешендер хабар тарату кеңістігін ондаған есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. 1974 жылдың соңында Кавказдағы ең ірі ретрансляциялық станцияның іске қосылуы нәтижесінде, Тукосян мен Амазидің тұрғындары Армян және Орталық телевидениенің бағдарламаларын қабылдай бастады. "Ереван көрсетеді" деп аталатын телевизиялық бағдарламалар газетінің 40-шы саны "Екінші каналға қосылыңыз" деп хабарлады. 1973 жылдың 17 наурызынан бастап, түрлі түсті телевизияға әзірлік жұмыстары басталды. Түрлі түсті телевизияның икемді тарату қондырғыларының инженерлері, телевизиялық өнімдер мен бейне жазу қондырғыларыда пайда бола бастады. Әдебиет, театр және кино туралы бағдарлама "Телевизиялық театр көрсетеді" деген айдармен берілді. 1971 жылы 25 қаңтарында Битютской Тамараның "Кешқұрымнан түске дейін" деп аталатын үш көріністен тұратын пьесасының премьерасы болды. Сол жылдары Ширванзаденің "Алаяқ", Уильямстың "Тілек трамвайы", Ибсеннің "Петр Гюинті" және 40-ка жуық пьеса көрсетілді. 1971 жылы 25 желтоқсанда кино бағдарламалары редакциясы КСРО-да бірінші болып, "Деректі фильм сағаты" циклін іске қосты. Ол 1984 жылы ақпанына дейін айына 1 рет, кейінірек айына 3 рет беріліп тұрды. 1971 жылы алғашқы күндерінде "Хамаян апаткер" деп аталатын жексенбілік жаңа бағдарламаның пайда болуы үлкен күтпеген жаңалық болды. Ол 10 қаңтардан бастап "Телевизиялық жаңалықтар" бағдарламасымен ауыстырылды. Қыркүйектен бастап ол күн сайын беріліп тұрды. Ат 1975 жылы 27 қазанында бағдарламаның аты "Лрабер" деп өзгертілді. Телевизиялық тәуліктің басы мен аяғында 10 минуттық жаңалықтар пайда болды. Телевизиялық жаналықтардың жалпы көлемі 60 минутқа жетті. 1978 жылы 1 сәуірден бастап "Лрабер" түрлі түсті болды. Осы жылы екінші арна іске қосылып, онда спорт жаңалықтары көрсетіле бастады. 1978 жылы 19 қаңтардан бастап, әрбір сейсенбі және жексенбі сайын "Телевизиялық шахмат мектебін" көрсету басталды. 1977 жылы 29 қарашасында биіктігі 311,7 метрлік телевизиялық мұнара іске қосылып, "Орбита-2" ғарыштық Жер серігі жұмысқа кірісті. Ол Мәскеуден Орталық телевизияның екінші арнасын қабылдауға мүмкіндік берді. Хабар таратудың күн сайынғы көлемі 12 сағатқа жетті. Онын 2,5 сағаты түрлі түсті, ал 4 сағат 35 минуты өз күштерімен даярланған бағдарламалар болды. Тұрғындардың 96%-ы бірінші бағдарламаны, 55%-ы екінші бағдарламаны кабылдады. Ал пайыздық салыстырма бойынша жаңалықтардың бағдарламасы 25%ды, саяси-әлеуметтік бағдарламалар 9%-ы, жасөспірімдер хабарлары 4,5%, солдаттарға арналғандары 6%, драма 3,5%, балалар хабарлары 4%, көңіл көтеру бағдарламадары 4%ды иемденді. 1978 жылы Армениядағы телевизорлардың саны 500 мыңнан астам, ал соның 100 мыңы түрлі түсті болды. Бұл көрсеткіш бойынша, Армения КСРО республикаларының арасында екінші орында болды. Телехабар таратудың күн сайынғы ұзақтығы 19 сағатқа жетті. Бағдарламалардың 50%-ы түрлі түсті болды. Телекөрермендердің саны және бағдарламаларды жан басына шаққанда Армения КСРО-да бірінші орынга шықты. 1975 жылы алғашқы телефильмдер сериясы шығарылды. Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясы 60-шы жылдардың ортасынан бастап армяндық би және ән-ұжымдарының операларын, балеттерін, қойылымдарын тұрақты көрсете бастады. Белгілі композиторлар мен әншілердің өмір және шығармашылық жолы жекелеген бағдарламаларға арқау болды. 1977 жылы 25 қарашасында тұңғыш рет көрсетілген "Музыкалық қобдиша" (Шкатулка) бағдарламасы ұлттық және эстрадалық музыканы көпшілікке танытуда үлкен рөл атқарды. 1980 жылдардың басына таман Армения телевизиясы 200-ге жуық драмалық, деректі және көркем бағдарлама жасап, телеэкранға шығарды. 1985 жылы 7 маусымнан бастап, "Кездесу" деген атпен апталық бағдарлама шыға бастады. Мұнда әлемдік киноның таңдаулы шығармалары туралы кино сыншылары мен актерлер көрермендерге әңгімелеп отырды. 1982 жылы төрт даңқты күн атап өтілді: ақпан айында Армян телевизиясының құрылуының 25 жылдығы, бірінші телевизиялық фильмді экранға шығарудың 25 жылдығы, "Ереван" студиясының 10 жылдыгы, тамызда телевизиялық жаңалықтар газеті "Ереванның" алғашқы санының 25 жылдығы. Армения телевизиясы өзінің мерейтойына телевизия еңбеккерлерінің қиын да күрделі жұмыстары туралы "Экранный арт жағында" деген телебағдарламалар жасау мен фестиваль ұйымдастыруды республика бойынша жүргізді. Шолушыларға тікелей эфир жүргізуге мүмкіндік туды. "Шолушының көзқарасы" тектес интерактивтік бағдарламалар пайда болып, мұнда телекөрермендердің сан алуан бағдарламаларға берілген бағасы айтылып, әңгіме барысында әртүрлі пікір білдіруге мүмкіндік берілді. Осы бір кезеңде "Лрабер" жаналықтар бағдарламасында да өзгерістер болды. "Андрадардц", "Хетадардц кап" бағдарламалары әлеуметтік өмір проблемаларына талдау жасап, аудиторияға оларды шешу жолдарын ұсынды. Армян ұлтындағы нағыз бетбұрыс 1988 жылы болды. Бүкіл ел Карабах проблемасының шешілуін күтті. Телевизия бұрынғыдан да көп жұртшылықтың назарында болды. Бұл кұбылыс әсіресе Боровик Генрихтің Артцак оқиғаларына арналған "Пікір" хабарын Орталық телевизияда көрсеткеннен кейін ерекше айқындала түсті. 1988 жылы 7 желтоқсанында Мовисакалян Роберттің басшылығымен ұйымдастырылған "Жаңа толқын" редакциясы пайда болып, онда "15 күн", "Біздің тіліміз біздің сөзіміз" деген ақпаратты-музыкалық бағдарламалар жасалды.  

Армения телевизиясының тарихы (1950 ж) — КСРО Министірлік Кеңесі одақтас республикаларда 27 бағдарламалық орталық және 5 таратушы станция жасау туралы шешім қабылдаған 1955 жылы 5 қыркүйектен басталады.

Таратушы станцияның құрылысы Ереван қаласында басталды, ал Арменияның телевизия жөніндегі комитетінің бірінші директоры Каграманов Нерсес болды. 1956 жылдың 29 қарашасында Шлепчан Нара Армения телевизиясының алғашқы әуе толқынын ашты. Онда бейнефильм және Мәскеудегі Армения өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертіне арналған сюжет көрсетілді.

1956 жылы 31 желтоқсанға дейін көгілдір экранда фильмдер көрсетіліп, сонымен бірте жекеменшік бағдарлама жасау бойынша да жұмыстар атқарылды. 1956 жылы 31 желтоқсанда Жаңа жылдық бағдарлама, ал Жаңа жылдың 2 қаңтарында балаларға арналған мерекелік хабар көрсетілді. Армения телевизиясының ресми ашылуы 1957 жылы 9 ақпан болып саналады. Осы күннен бастап аптасына 4 рет, тұрақты бағдарламалар көрсету басталды. 1957 жылы ақпан айы мәдени бағдарламаларға толы болды. Олар: "Актер Нерсисян Грачьяның творчествосы", "Пушкиннің поэзиясы", Кочарян Суреннің "Бір актердің театры" және т.б. Алайда көп кешікпей-ақ, "Венецияндық егіздер" (Пароян атындағы комедия театрының спектаклі), Чапектің "Ақ елес", Дос Нардың "Мен және Әйел", Чарнц Энглиштің "Ленин" және Кхаздяннің "Шепхерд хасрет" сияқты театрлық болжамдары пайда болды.

Белгілі актерлер П. Вахрам, Н. Грачья, А. Авет, С. Метакс, М. Бакендердің көмегімен 8 айдың ішінде Сундукянның "Тірі құрбан", Лермонтовтың "Маскарад" спектакльдері телеэкранға шығарылды. 1957 жылы 23 желтоқсанда әдеби драма редакциясы М. Шолоховтың "Адам тағдырын" көрсетті. Ал режиссеры — М. Марат осы әңгіме бойынша әрқайсысы 27 мизансценадан тұратын 58 эпизоды бар сценарий жазды. Бұл көркем әңгімені экранға түсірудегі тұңғыш тәжірибе болатын. Бұдан кейін С. Бондарчуктің осы аттас көркем фильмі жарыққа шықты. Бұл еңбекте сондай-ақ Аветисян Жираир түсірген табиғат кадрлары да болды. Олар студиядан тысқары жерде түсірілген алғашқы кадрлар болатын. Одан кейін де телеэкрандалған бірқатар туындылар пайда болды. Олар: З.Виленнің "Хаты", "Ұят дауысы", Ж.Ананяннің "Такси таксиі".

1957 жылы 2 қаңтарда балаларға арналған концерттердің жобалық бағдарламалары көрсетілді. Ал ақпан айынан бастап бұл бағдарламалар экраннан тұрақты көрсетіле бастады. 1957 жылы 17 ақпанда О. Мелик-Вартанянның күшімен балалар ерекше ұнататын "Гюльназ әженің әңгімелері" көрсетіліп, оның рөлін актриса Г. Хайкуши ойнады. Гюльназ әже әңгімелерін немерелері Хасмики мен Сурикке айтып отырды. Араға жылдар түскеннен кейін бүл бағдарламада армяннан басқа орыс, шығыс және батыс Еуропа әңгімелері де пайда болды. Жастар білімін көтеретін "Өзін жаса", "Шебер қолдар", "Ғылым мен техника", "Барлығын да білгім келеді" және т.б. бағдарламалар да жасалды. 1957 жылы 6 шілдеде жаңалыктарға арналған алғашқы "Апта жаңалықтары" бағдарламасы пайда болып, ол 1958 жылы ақпан айынан бастап, тұрақты көрсетілді. Алғашқы саяси шолушылар Киракосян Джон мен Хакобян Якобтар. Бастапқыда тележурналистикаға баспасөз бен радионың мамандары келді. Алғашқы телевизиялық жаңалықтар радио жаңалықтарды қайталады. Сондықтан алғашқы хабарларда фотография, карталар және кинодан үзінділер көптеп көрсетілді. Жаңалықтардың бағдарламалары: "Апта жаңалықтары", "Соңғы хабарлар", "Телевизиялық жаңалықтар" деп бөлінді. Жаңалықтарды тақырыпқа болу пайда болды да саяси-әлеуметтік тақырыптардың көрініс қатарлары болмады, себебі халықаралық тақырып, акпараттық агенттіктерден келіп түсетін де, оларды дикторлар оқып беретін. Мәдениет жаңалықтары көлемі жағынан өте аз болды, ал спорт тақырыбы футбол туралы ақпаратпен ғана шектелді. 1957 жылы 13 қазанда Армян КСР-інің телерадио хабарлары жөніндегі Мемлекеттік комитеті ұйымдастырылды.

1958 жылдан бастап, бағдарламалар негізінен екі: саяси-әлеуметтік және көркем хабарлар редакцияларында жасалды. Біріншісіне насихат, жаналық, экономика, жастар және спорт бөлімдері, ал екіншісіне әдебиет және драма, музыка және балалар редакциялары кірді. 1958-66 жылдар аралығында 50 әдеби-драмалық спектакль жасалды. Олардың арасында Арзуманян Кимнің "Саят-Новасы", Россинидің "Севиль цюрильнигі" операсы, Пушкиннің "Бас мейманы", В.Сароянның "Сіздің өміріңіздің сағаты" және басқа да көптеген туындылар бар. "Музыка туралы әңгіме", "Музыкалық энциклопедия" деп аталатын музыкалық бағдарламалар эфирден тұрақты беріліп тұрды.

1967 жылы 1 желтоқсанда Мәскеуде болып өткен Бүкілодақтық 2-ші кинофестивальда "Озық фильм" жүлдесіне ие болған В. Закарянның "Бабаджанян Арно Сіздің замандасыңыз" фильмі телеаудиторияға көрсетілді. "Біздің республиканың қалалары және аймақтары", "Телекорермендерге жауап", "Сіздер үшін эйелдер" және басқалары сиякты жаңалық, саяси-әлеуметтік, көркем, музыкалық бағдарламалар телеэкранда көптеп көрсетіле бастады. 1963 жылы 28 мамырда көңіл көтеру бағдарламасының бөлімі ұйымдастырылды. 1964 жылы желтоқсанда Орталық телевизия көрсеткен бағдарлама "Армения ұсынады" деп аталды. Ереван-Рустави тарату жүйесінің салынуы нәтижесінде Орталық телевидение, Ленинград, Тбилиси, Интервидения, Еуровидения бағдарламаларын қабылдауға мүмкіндік туды. Алпысыншы жылдардың хабарлары: "Түңгі ертегі", "Балалық оты", "Өмір жолдары" деген сияқты әртүрлі жанрда болды. Хекекян Эльмираның талапты бала мен жасөспірімдерге арналған "Эстетика туралы әңгіме", "Әсемдік әлемі", "Меридің ойындары","Балалық оты" тақырыптарында жасөспірімдер әлемі ерекше айқын ашылды. 1964 жылы ол "16 жасқа дейінгі балаларға рұқсат" деген фильм түсіріп, осы фильм 1965 жылы Бүкілодақтық кинофестивальдың бірінші сыйлығын, Париж кинофестивалінің дипломын жеңіп алды.
1964 жылы тамыз айында анимациялық кино өмірге келді.1967жылы 8 мамырда Армения телевизиясының тарихында тұңғыш рет "телевизиялық жарыс" жанрында жасалған хабар пайда болды. "Тапқырлар мен көңілділер" сериясынан алғашқы хабар көрсетілді. "Араке" және "Зейтун" командалары телеэкран арқылы 90 минут бойы өздерінің білімдарлығын көрсетті. 1969 жылы ақпанда "Спорт әлемі" деген тақырыппен алғашқы спорттық бағдарлама экранға шықты. 1968 жылы КСРО-да Ереван қаласының 2750 жылдық мерекесі тойланды. Осыған орай, Армян радиосы мен телевизиясы хабарлардың 30 сағаттық бағдарламасын дайындап, олар KCPO-ның барлық республикасына таратылып, қыруар іс тындырылды. Мерекелік хабарлар 1968 жылы мамырда Қазақстанда, содан кейін КСРО-ның басқа республикаларында 10 күн бойы көрсетілді. Қорытынды фестиваль 18-19 қазанда болып өтті. 1965-66 жылдары "Хабарлар бағдарламасы", "Телевизия қыркүйекте", "Телевизия қазанда" деген хабарлар пайда болды. 1967 жылы 4 желтоқсаннан бастап, бұл бағдарламалар "ТВ жаңалықтары" деген атпен көрермендерге танымал бола бастады.

1967 жылы 14 қаңтардан бастап "Кинематографтың тууылуы", 19 желтоқсаннан бастап, көркемдік бағдарламалар редакциясы "Кино әлемінде" деген тақырыппен 30 минуттық бағдарламаларды экранға шығарды.70-жылдардың басында радио мен телевизияның көптеген бөлімдері бірнеше негізгі салаларға біріктірілді. Жаңа жабдықтар мен студиялық кешендер хабар тарату кеңістігін ондаған есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. 1974 жылдың соңында Кавказдағы ең ірі ретрансляциялық станцияның іске қосылуы нәтижесінде, Тукосян мен Амазидің тұрғындары Армян және Орталық телевидениенің бағдарламаларын қабылдай бастады. "Ереван көрсетеді" деп аталатын телевизиялық бағдарламалар газетінің 40-шы саны "Екінші каналға қосылыңыз" деп хабарлады.

1973 жылдың 17 наурызынан бастап, түрлі түсті телевизияға әзірлік жұмыстары басталды. Түрлі түсті телевизияның икемді тарату қондырғыларының инженерлері, телевизиялық өнімдер мен бейне жазу қондырғыларыда пайда бола бастады. Әдебиет, театр және кино туралы бағдарлама "Телевизиялық театр көрсетеді" деген айдармен берілді. 1971 жылы 25 қаңтарында Битютской Тамараның "Кешқұрымнан түске дейін" деп аталатын үш көріністен тұратын пьесасының премьерасы болды. Сол жылдары Ширванзаденің "Алаяқ", Уильямстың "Тілек трамвайы", Ибсеннің "Петр Гюинті" және 40-ка жуық пьеса көрсетілді. 1971 жылы 25 желтоқсанда кино бағдарламалары редакциясы КСРО-да бірінші болып, "Деректі фильм сағаты" циклін іске қосты. Ол 1984 жылы ақпанына дейін айына 1 рет, кейінірек айына 3 рет беріліп тұрды.
1971 жылы алғашқы күндерінде "Хамаян апаткер" деп аталатын жексенбілік жаңа бағдарламаның пайда болуы үлкен күтпеген жаңалық болды. Ол 10 қаңтардан бастап "Телевизиялық жаңалықтар" бағдарламасымен ауыстырылды. Қыркүйектен бастап ол күн сайын беріліп тұрды. Ат 1975 жылы 27 қазанында бағдарламаның аты "Лрабер" деп өзгертілді. Телевизиялық тәуліктің басы мен аяғында 10 минуттық жаңалықтар пайда болды. Телевизиялық жаналықтардың жалпы көлемі 60 минутқа жетті.
1978 жылы 1 сәуірден бастап "Лрабер" түрлі түсті болды. Осы жылы екінші арна іске қосылып, онда спорт жаңалықтары көрсетіле бастады. 1978 жылы 19 қаңтардан бастап, әрбір сейсенбі және жексенбі сайын "Телевизиялық шахмат мектебін" көрсету басталды. 1977 жылы 29 қарашасында биіктігі 311,7 метрлік телевизиялық мұнара іске қосылып, "Орбита-2" ғарыштық Жер серігі жұмысқа кірісті. Ол Мәскеуден Орталық телевизияның екінші арнасын қабылдауға мүмкіндік берді. Хабар таратудың күн сайынғы көлемі 12 сағатқа жетті. Онын 2,5 сағаты түрлі түсті, ал 4 сағат 35 минуты өз күштерімен даярланған бағдарламалар болды. Тұрғындардың 96%-ы бірінші бағдарламаны, 55%-ы екінші бағдарламаны кабылдады. Ал пайыздық салыстырма бойынша жаңалықтардың бағдарламасы 25%ды, саяси-әлеуметтік бағдарламалар 9%-ы, жасөспірімдер хабарлары 4,5%, солдаттарға арналғандары 6%, драма 3,5%, балалар хабарлары 4%, көңіл көтеру бағдарламадары 4%ды иемденді.

1978 жылы Армениядағы телевизорлардың саны 500 мыңнан астам, ал соның 100 мыңы түрлі түсті болды. Бұл көрсеткіш бойынша, Армения КСРО республикаларының арасында екінші орында болды. Телехабар таратудың күн сайынғы ұзақтығы 19 сағатқа жетті. Бағдарламалардың 50%-ы түрлі түсті болды. Телекөрермендердің саны және бағдарламаларды жан басына шаққанда Армения КСРО-да бірінші орынга шықты. 1975 жылы алғашқы телефильмдер сериясы шығарылды. Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясы 60-шы жылдардың ортасынан бастап армяндық би және ән-ұжымдарының операларын, балеттерін, қойылымдарын тұрақты көрсете бастады. Белгілі композиторлар мен әншілердің өмір және шығармашылық жолы жекелеген бағдарламаларға арқау болды.

1977 жылы 25 қарашасында тұңғыш рет көрсетілген "Музыкалық қобдиша" (Шкатулка) бағдарламасы ұлттық және эстрадалық музыканы көпшілікке танытуда үлкен рөл атқарды. 1980 жылдардың басына таман Армения телевизиясы 200-ге жуық драмалық, деректі және көркем бағдарлама жасап, телеэкранға шығарды.

1985 жылы 7 маусымнан бастап, "Кездесу" деген атпен апталық бағдарлама шыға бастады. Мұнда әлемдік киноның таңдаулы шығармалары туралы кино сыншылары мен актерлер көрермендерге әңгімелеп отырды.

1982 жылы төрт даңқты күн атап өтілді: ақпан айында Армян телевизиясының құрылуының 25 жылдығы, бірінші телевизиялық фильмді экранға шығарудың 25 жылдығы, "Ереван" студиясының 10 жылдыгы, тамызда телевизиялық жаңалықтар газеті "Ереванның" алғашқы санының 25 жылдығы. Армения телевизиясы өзінің мерейтойына телевизия еңбеккерлерінің қиын да күрделі жұмыстары туралы "Экранный арт жағында" деген телебағдарламалар жасау мен фестиваль ұйымдастыруды республика бойынша жүргізді. Шолушыларға тікелей эфир жүргізуге мүмкіндік туды. "Шолушының көзқарасы" тектес интерактивтік бағдарламалар пайда болып, мұнда телекөрермендердің сан алуан бағдарламаларға берілген бағасы айтылып, әңгіме барысында әртүрлі пікір білдіруге мүмкіндік берілді.

Осы бір кезеңде "Лрабер" жаналықтар бағдарламасында да өзгерістер болды. "Андрадардц", "Хетадардц кап" бағдарламалары әлеуметтік өмір проблемаларына талдау жасап, аудиторияға оларды шешу жолдарын ұсынды. Армян ұлтындағы нағыз бетбұрыс 1988 жылы болды. Бүкіл ел Карабах проблемасының шешілуін күтті. Телевизия бұрынғыдан да көп жұртшылықтың назарында болды. Бұл кұбылыс әсіресе Боровик Генрихтің Артцак оқиғаларына арналған "Пікір" хабарын Орталық телевизияда көрсеткеннен кейін ерекше айқындала түсті. 1988 жылы 7 желтоқсанында Мовисакалян Роберттің басшылығымен ұйымдастырылған "Жаңа толқын" редакциясы пайда болып, онда "15 күн", "Біздің тіліміз біздің сөзіміз" деген ақпаратты-музыкалық бағдарламалар жасалды.
 

Бөлісу: