Карантин

4 Желтоқсан 2012, 11:18

КАРАНТИН (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, мед.-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. К-дік шаралар халықар. мед.-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүз. денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда К. жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімш. шара ретінде мемл. шекараны жабуға тура келеді. К. жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады.  Мед.-санитариялық шараларға: барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу; тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау; ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу; диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау, т.б. жатады. Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе К. жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мыс., оба және тырысқақ ауруында – 6 күн, нағыз шешек кезінде – 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. К. жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша К. жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз К-дік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда К-дік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиол. бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет.  К-дік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде: К-ге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау; індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т.б. сыртқа шығармау; К-дегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі. К-дегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т.б.) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. К-дегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар К. мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады. К-дік шаралар а. ш. дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін К-дік өсімдіктер (мыс., жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да К-дік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті. Қ. Құдайбергенұлы  

КАРАНТИН (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, мед.-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. К-дік шаралар халықар. мед.-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүз. денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда К. жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімш. шара ретінде мемл. шекараны жабуға тура келеді. К. жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. 

Мед.-санитариялық шараларға: барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу; тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау; ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу; диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау, т.б. жатады. Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе К. жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мыс., оба және тырысқақ ауруында – 6 күн, нағыз шешек кезінде – 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. К. жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша К. жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз К-дік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда К-дік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиол. бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет. 
К-дік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде: К-ге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау; індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т.б. сыртқа шығармау; К-дегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі. К-дегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т.б.) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. К-дегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар К. мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады. К-дік шаралар а. ш. дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін К-дік өсімдіктер (мыс., жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да К-дік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
Қ. Құдайбергенұлы
 
Бөлісу: