Аболиционизм

4 Желтоқсан 2012, 11:12

  Аболиционизм (ағылшын abolitionism, латынша abolitio) - 1. Батыс Еуропадағы, Оңтүстік және Солтүстік Америкадағы құл саудасына тыйым салу және құлдарды азат ету қозғалысы. 18 ғасырға дейін құл иеленушілік жүйесіне бір рет дерлік қарсылық әрекеті болмаған. Бұл кезеңде ағарту дәуірінің ойшыл рационалистері бұл жүйені адам құқықтарын бұзатын жүйе деп сынай бастаса, ал квакерлер мен өзге евангелие түсінік бағытындағы діни топтар оны христиандыққа жат жүйе ретінде сынады. 18 ғасырдың соңына таман құл иеленушілікке қарсы қозғалыстар құлдықтың өршіп тұрған орталықтары: Вест-Үндістанда, Оңтүстік Африка және оңтүстік АҚШ-та да көрініс табады. 1807 жылы АҚШ пен Британ отарларына африкандық құлдарды жеткізуге тыйым салынады. 1838 жылы Вест-Үндістанның британдық бөлігінде құлиеленушілікке тыйым салынса, француз иелігіндегі бөлігіне 10 жылдан кейін іске аса бастайды. Алайда АҚШ-тың оңтүстігіндегі 11 штатта құл иеленушілік әлеуметтік-экономикалық институт ретінде әлі де бар болатын. Америка аболиционизмі Солтүстік пен Оңтүстіктіктің одақтастығы үйлесімін бұзатын мұндай әрекеттің АҚШ Конституциясына да кереғар келетіндігін алға тартты. Бұл жағдай құл иеленушілік мәселесін әр штаттың өз қарауына алып шешімін шығаруына қозғау салады. Солтүстіктегі аболиционизмдік қозғалысты үгітшілер, оның ішінде Америка құлдықпен күрес қауымдастығының негізін қалаушы У.Л. Гаррисон, жазушылар: Дж. Г. Уитьер және Г. Бичер Стоу мен бұрын құл болған Ф. Дуглас секілді тұлғалар басқарды. Батыста құл иеленушіліктің таралуына қарсы болған Авраам Линкольн президент болып сайланғаннан кейін аболиционистер қозғалысында жаңа дәуір басталды. Оңтүстіктегі штаттар бұрынғы қалыпты тұрмыс дәстүріне қатер төнгендігіне көз жеткізген соң Одақтан (Сецессия) шығып кетеді, бұл өз кезегінде АҚШ-та Азаматтық соғыстың басталуына негіз болады. 1863 жылы Линкольн (өзі ешқашан аболиционист болмаған) құлдарды босату жайлы үндеу қағазын шығарып, Конфедерация құрамындағы штаттардағы құлдар бостандық алады. АҚШ Конституциясының 13-түзетілімі бүкіл елдегі құлдыққа тыйым салады. Латын Америкасында құл иеленушілікке 1888 жылы тыйым салынса, ал Африканың кейбір аудандарында және көптеген ислам елдерінде құлдық жүйе ашық түрде 20 ғасырдың соңына дейін болды; 2. қандай да бір заңды өзгерту бойынша қоғамдық қозғалыс.  

 

Аболиционизм (ағылшын abolitionism, латынша abolitio) - 1. Батыс Еуропадағы, Оңтүстік және Солтүстік Америкадағы құл саудасына тыйым салу және құлдарды азат ету қозғалысы. 18 ғасырға дейін құл иеленушілік жүйесіне бір рет дерлік қарсылық әрекеті болмаған. Бұл кезеңде ағарту дәуірінің ойшыл рационалистері бұл жүйені адам құқықтарын бұзатын жүйе деп сынай бастаса, ал квакерлер мен өзге евангелие түсінік бағытындағы діни топтар оны христиандыққа жат жүйе ретінде сынады. 18 ғасырдың соңына таман құл иеленушілікке қарсы қозғалыстар құлдықтың өршіп тұрған орталықтары: Вест-Үндістанда, Оңтүстік Африка және оңтүстік АҚШ-та да көрініс табады. 1807 жылы АҚШ пен Британ отарларына африкандық құлдарды жеткізуге тыйым салынады. 1838 жылы Вест-Үндістанның британдық бөлігінде құлиеленушілікке тыйым салынса, француз иелігіндегі бөлігіне 10 жылдан кейін іске аса бастайды. Алайда АҚШ-тың оңтүстігіндегі 11 штатта құл иеленушілік әлеуметтік-экономикалық институт ретінде әлі де бар болатын. Америка аболиционизмі Солтүстік пен Оңтүстіктіктің одақтастығы үйлесімін бұзатын мұндай әрекеттің АҚШ Конституциясына да кереғар келетіндігін алға тартты. Бұл жағдай құл иеленушілік мәселесін әр штаттың өз қарауына алып шешімін шығаруына қозғау салады. Солтүстіктегі аболиционизмдік қозғалысты үгітшілер, оның ішінде Америка құлдықпен күрес қауымдастығының негізін қалаушы У.Л. Гаррисон, жазушылар: Дж. Г. Уитьер және Г. Бичер Стоу мен бұрын құл болған Ф. Дуглас секілді тұлғалар басқарды. Батыста құл иеленушіліктің таралуына қарсы болған Авраам Линкольн президент болып сайланғаннан кейін аболиционистер қозғалысында жаңа дәуір басталды. Оңтүстіктегі штаттар бұрынғы қалыпты тұрмыс дәстүріне қатер төнгендігіне көз жеткізген соң Одақтан (Сецессия) шығып кетеді, бұл өз кезегінде АҚШ-та Азаматтық соғыстың басталуына негіз болады. 1863 жылы Линкольн (өзі ешқашан аболиционист болмаған) құлдарды босату жайлы үндеу қағазын шығарып, Конфедерация құрамындағы штаттардағы құлдар бостандық алады. АҚШ Конституциясының 13-түзетілімі бүкіл елдегі құлдыққа тыйым салады. Латын Америкасында құл иеленушілікке 1888 жылы тыйым салынса, ал Африканың кейбір аудандарында және көптеген ислам елдерінде құлдық жүйе ашық түрде 20 ғасырдың соңына дейін болды;
2. қандай да бір заңды өзгерту бойынша қоғамдық қозғалыс.
 
Бөлісу: