Абдурашит Ибрагимов Рашитқазы

4 Желтоқсан 2012, 11:07

  Абдурашит Ибрагимов, Рашитқазы (1857, Ресей, бұрынғы Тобыл губерниясы Тара қаласы – 1944, Жапония, Токио қаласы) – Ресей империясындағы түркі халықтарының 20 ғасырдың басындағы азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, публицист. Еділ бойындағы медреседе, Бұхарадағы діни оқу орнында білім алған. 1885 – 92 жылдары Тара қаласында имам, Түмендегі (Тюмень) медресе мұғалімі, 1892 – 93 жылдары Орынбор мұсылмандары діни басқармасында қазы болып қызмет етті. 1893 жылы Түркияға кетті. Онда жүріп шетелдік басылымдар арқылы Ресей империясының отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі рөл атқарды. 1895 жылы өзінің әйгілі “Шолпан жұлдызы” атты кітабын шығарды. Кітапта мұсылман халықтарының ұлттық-саяси мәселелері көтерілді. 20 ғасырдың басында Ибрагимовтың “Шолпан жұлдызы” Ресейге жетіп, мұсылмандар арасында зор беделге ие болды. Кітап патша тыңшыларынан жасырын түрде қолдан қолға өтіп, мұсылман халықтарының саяси оянуына өз септігін тигізді. 1904 жылы Стамбұл қаласында Ресей өкіметінің шешіміне орай тұтқындалып, абақтыға жабылды. Көп ұзамай мұсылман жұртшылығының талап етуімен абақтыдан босатылып, Қазанда, Перьмде, Уфада, Троицкіде, Қызылжарда отаршылдық саясатқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қызылжар (Петропавл) қаласында болған кезінде сол өңірдегі қазақ, татар халықтарының өкілдерін жинап, мұсылмандардың талап-тілектерін тұжырымдап, Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы граф Витте атына өтініш жіберуді ұйымдастырды. 1904 жылы “Автономия” атты кітабы жарық көрді. Онда мұсылман халықтарының азаттық қозғалысындағы басты міндеті автономия алу мәселесі болу керек екендігін атап көрсетті. Санкт-Петербургте “Мират” журналын, ал 1905 жылдан бастап “Үлфәт” және “Тилмиз” атты газеттерді шығарып, Ресей империясы мұсылмандарының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерді. “Үлфәт” газетіне қосымша ретінде қазақ тілінде “Серке” атты газет ұйымдастырды. Газетінің алғашқы саны ғана жарық көріп, Ресей өкіметінің тыйым салумен жабылып қалды. 1905 – 1907 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізуге жетекшілік етті. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының ОК-і мүшесі болды. 1-, 2-Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының қызметіне қызу араласты. 1909 жылы Ресейден кетіп, Шығыс Азия елдеріне саяхат жасады. 1912 жылы Түркияда “Ислам дүниесі” атты журнал шығарды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары немістерге қолға түскен татар, башқұрт халықтары өкілдерінен патша өкіметіне қарсы күресетін “Азия батальоны” деп аталатын қарулы жасақ құрып, 1916 жылы Юсуф Акчурин секілді қайраткерлермен бірге АҚШ президенті В.Вильсонға (1856 – 1924) телеграф арқылы мәлімдеме жолдады. Онда 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Ресей мұсылмандарының тәуелсіздікке қол жеткізу мәселелері айтылған. 1921 – 33 жылдары Египетте, 1934 жылдан Жапонияда тұрды. Токиода мешіт ашып, оның имамы болды.  

 

Абдурашит Ибрагимов, Рашитқазы (1857, Ресей, бұрынғы Тобыл губерниясы Тара қаласы – 1944, Жапония, Токио қаласы) – Ресей империясындағы түркі халықтарының 20 ғасырдың басындағы азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, публицист.
Еділ бойындағы медреседе, Бұхарадағы діни оқу орнында білім алған. 1885 – 92 жылдары Тара қаласында имам, Түмендегі (Тюмень) медресе мұғалімі, 1892 – 93 жылдары Орынбор мұсылмандары діни басқармасында қазы болып қызмет етті. 1893 жылы Түркияға кетті. Онда жүріп шетелдік басылымдар арқылы Ресей империясының отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі рөл атқарды. 1895 жылы өзінің әйгілі “Шолпан жұлдызы” атты кітабын шығарды. Кітапта мұсылман халықтарының ұлттық-саяси мәселелері көтерілді. 20 ғасырдың басында Ибрагимовтың “Шолпан жұлдызы” Ресейге жетіп, мұсылмандар арасында зор беделге ие болды. Кітап патша тыңшыларынан жасырын түрде қолдан қолға өтіп, мұсылман халықтарының саяси оянуына өз септігін тигізді. 1904 жылы Стамбұл қаласында Ресей өкіметінің шешіміне орай тұтқындалып, абақтыға жабылды. Көп ұзамай мұсылман жұртшылығының талап етуімен абақтыдан босатылып, Қазанда, Перьмде, Уфада, Троицкіде, Қызылжарда отаршылдық саясатқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қызылжар (Петропавл) қаласында болған кезінде сол өңірдегі қазақ, татар халықтарының өкілдерін жинап, мұсылмандардың талап-тілектерін тұжырымдап, Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы граф Витте атына өтініш жіберуді ұйымдастырды. 1904 жылы “Автономия” атты кітабы жарық көрді. Онда мұсылман халықтарының азаттық қозғалысындағы басты міндеті автономия алу мәселесі болу керек екендігін атап көрсетті. Санкт-Петербургте “Мират” журналын, ал 1905 жылдан бастап “Үлфәт” және “Тилмиз” атты газеттерді шығарып, Ресей империясы мұсылмандарының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерді. “Үлфәт” газетіне қосымша ретінде қазақ тілінде “Серке” атты газет ұйымдастырды. Газетінің алғашқы саны ғана жарық көріп, Ресей өкіметінің тыйым салумен жабылып қалды. 1905 – 1907 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізуге жетекшілік етті. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының ОК-і мүшесі болды. 1-, 2-Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының қызметіне қызу араласты. 1909 жылы Ресейден кетіп, Шығыс Азия елдеріне саяхат жасады. 1912 жылы Түркияда “Ислам дүниесі” атты журнал шығарды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары немістерге қолға түскен татар, башқұрт халықтары өкілдерінен патша өкіметіне қарсы күресетін “Азия батальоны” деп аталатын қарулы жасақ құрып, 1916 жылы Юсуф Акчурин секілді қайраткерлермен бірге АҚШ президенті В.Вильсонға (1856 – 1924) телеграф арқылы мәлімдеме жолдады. Онда 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Ресей мұсылмандарының тәуелсіздікке қол жеткізу мәселелері айтылған. 1921 – 33 жылдары Египетте, 1934 жылдан Жапонияда тұрды. Токиода мешіт ашып, оның имамы болды.
 
Бөлісу: