Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

4 Желтоқсан 2012, 11:06

  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті бүгінгі таңда – Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлтттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлектттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады. ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі. Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп). Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда. ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты. ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі. 59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті бүгінгі таңда – Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлтттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлектттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады.

ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі.

Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп).

Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда.

ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.

ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі.

59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: