Қаныш Сәтбаевтың мұражай-үйі - Қарсақбай қаласында орналасқан. 1926 жылы институтты жаңа бітірген жас инженер- геолог Қаныш Сәтбаев «Атбасцветмет» тресіне жұмысқа орналасады. Бұл Жезқазған аймағыныңболашағы, әсіресе, барланған мыс кенінің болжамдары дүдәмал жағдайда тұрған кезең еді.
Ол Қазақстан Халық Шаруашылық кеңесінің өкілі ретінде трестің геологиялық тобын басқаруға Қарсақбайға келгенде бұл өлке қазынасын қойнына бүгіп жатқан табиғаты қатал аймақ болатын. 1929 жылы Қарсақбай мыс зауыты мен «Атбасцветмет» тресі біріктіріліп, Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты құрылды. Сәтбаев жаңа өндірістің бас геологы және геология бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Қарсақбайға келген үш жылдың ішінде ол Жезқазғанның болашақ мыс қоры кем дегенде 1 миллион тоннадан астам екендігін дәлелдеді. «Жезқазған мүмкіндігі жағынан дүние жүзінің бай мыс аймақтарына жатады және болашақта Американың белгілі мыс орындарын басып озады» деп жазды жас геолог ең алғашқы мақалаларының бірінде. («Қарсақбай ауданы және оның перспективалары». 1928 жылы «Народное хозяйство» журналы, №1).
Шын мәнінде 1938 жылдың өзінде бұл өлкенің барланған мыс 4 миллион тоннадан асты. Ғұлама ғалымның артында қалған ұлы істердің іргетасы Қазақстан түсті металлургиясының қарашаңырағы Қарсақбайда 1926—41 жылы Сәтбаев үй ішімен тұрған қарапайым да қасиетті шаңырақта қаланды. Алғашында ағылшын басқарушысы Бельдонға арнап салынған үй Сәтбаевтар әулетінің құтты ұясы болды. Осы үйде ғалымның балалары дүниеге келіп, ер жетті. Екі пәтерлі үйдің бір басындағы шағын үш бөлмеде сол жылдары Қарсақбай мыс комбинатының бас геологы басқарған геологиялық барлау кеңсесі орналасты. Сөйтіп, бұл шаңырақ Сәтбаев іргесін қалаған геология ғылымының ең алғашқы құтханасы болды.
1930 жылы болашақ Үлкен Жезқазғанның,
1942 жылы Жезді марганец кенішінің тағдырын шешкен еңбек - Қазақстанның металлогендік болжам картасының алғашқы жоспар-жобалары осы үйдегі ғалымның жұмыс кабинетінде, бүгінде жәдігерге айналған жазу үстелінде шешілді. Табиғатынан көпшіл, ізгі мәдениетті, ғылымның сан саласынан ұшан- теңіз білімді Имантайұлының шаңырағында жасөспірім баладан ауыл ақсақалдарына дейін небір ғұламалар бас қосқан. Ғалым- инженердің үйінде үнемі бос кереуеттер тұрған. Экспедиясиясы геологтары, зертхана қызметкерлері, бұрғышылар, таяу ауылдардың тұрғындарына дейін осы үйде қона жатып, ұлы тұлғаның шапағатымен шаруаларын бітіріп кетіп жататын.
Қазақ әдебиетінің классигі С.Мұқанов 1928 жылы Қаныштың жанында бір айдай болып, ел аралады. Кейін «Есею жылдары» кітабында «Қоштасарда Қазақстанның жер астындағы бар байлығы осы кісінің басында сияқты көрініп кетті. Расында да солай еді» деп еске алады.
1969 жылы сәуірде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай ұлы ғалым 15 жыл тұрған үй мен бұрынғы кеңсесінің қабырғасы қосылып, мемориалдық мұражай болып ашылды. Осылайша бүкіл қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ санайтын киелі орын мәдениет ошағына айналды. Сәтбаевтың жеке мұрағатынан алынған, оның ұрпақтары жинақтап өткізген жәдігерлер - мұражай қорының басты құндылығы. Мұражай экспозициясын құруға ғалымның қыздары - Ханиса, Шәмшиябану, Мейіз көп еңбек сіңірген. Көрмелерде Сәтбаевтың өмірі мен қызметін жан-жақты көрсететін, өлкенің өндірістік тарихын сипаттайтын деректер, қолжазба құжаттар, минералдар үлгілері, ғалымның еңбектері, ол жайлы әдебиеттер мен әр жылдардағы баспа материалдары жинақталған. Кішігірім 5 залды қамтитын мұражай экспонаттары құндылығы мен мазмұны жағынан ерекше бағалы. Ұлы ғалымның киім- кешектері, күнделікті қолданған, тұтынған заттарына дейін қаз-қалпында сақталған. Ғалымның зайыбы Таисия Алексеевна (Кош-кина) Сәтбаева қысылған сәтте тақтай ретінде геологтың сызба үстеліне қамыр жаяды екен. Үйдің ауласына Қаныш отырғызған көшеттер бәйтерекке айналған. Негізгі қорды құрайтын 3 мыңға жуық жәдігерлердің барлығы дерлік түпнұсқа ретінде бағаланады. Ғалымның мұражай-үйін ұйымдастырушылар қатарында алғашкы директоры, қарт ұстаз Ахмет Жұмабаевтың есімі құрметпен аталады.
1983-95 жылы Қаныш Сәтбаевтың мұражай-үйі «Жезқазғантүстіметалл» (қазіргі «Қазақмыс») бірлестігі тарихи-өндірістік мұражайының бөлімшесі болып келді.
1995 жылы Жездідегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы мәдени-тарихи кешенінің құрамына енгізілді. Бүгінде ол - кенді өңірдің халқы кие тұтатын, саяхатшылар арнайы іздеп келетін тарихи-танымдық орын.

-