Қарабура әулие

4 Желтоқсан 2012, 10:51

Қарабура әулие жөнінде жазба деректерден гөрі біздің заманымызға ауызша аңыздардың жеткені басым. Аңыздардың дені әулиенің көзі тірісінде емес, бақилық болғаннан кейінгі бірнеше ғасырдан соң орын алған кереметтері жайында өрбиді. Бәлкім бұл ширек ғасырға жуық уақытта атеизммен сусындағанның әсері болар, бәлкім бергі замандардағы аңыздарының арғы кездерге қарағанда маңыздылығының жоғары болғандығы шығар. Әулие бабаның кереметтері ХХ ғасырға қатысты айтылады. Әулие бабаға қатысты бұлжымас ақиқат оның нақтылы тарихи тұлға екендігі. Яғни, шамалап болса да өмір сүрген ортасы мен уақыты белгілі. Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, Қарабура әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы. Зерттеуші С.Тәбірізұлы өзінің «Қарабура әулие» атты еңбегінде Әулие бабаға қатысты көптеген аңыздық және тарихнамалық деректер ұсынады. Оларды қорытындылай келгенде мынадай тұжырым шығады: «Қарабура әулие – Арыстанбап пен Қожа Ахмет Ясауидің замандасы; яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға. Қарабура әулие – Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін. Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір) сияқты болған деген қорытынды жасауға болады; Қарабура есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы Қарахандар мемлекетіндегі «яғма» тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі; Әулие бабамыз жөнінде ізденіс жасаған Жарылқасын Боранбай өзінің «Қарабура» атты кітапшасында төмендегідей тұжырымдар мен болжамдар жасайды: Қарабура әулие – Батыс Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі – Ибрагим ибн Насырдың ұрпағы екендігі; Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық қолынан өткізген адам; «Қарабура» сөзі – «Қара Боғра» сөзінен туындайд, ал бұл ұғым Қарахан мемлекетінің билеушілернің ұрпағы; Қарабура әулиенің аты –Ақтан софы; Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевта бұл мәселеге қатысты өз ойларын айтқан. Ол «Елдік пен ерлік киесі» атты мақаласында мәселені жан-жақты қарастыра келе төмендегідей қорытындылар жасайды: «Қарабура – тамаларға мұсылман дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған кезден қалған ұран»; Қарабура Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген; Қарабура әулие Ясауидің замандасы деген дерекке – «Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиді жерлеуі туралы» аңыз-әңгімелер жатады. Деректі ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ел аузынан Р.М.Мұстафина жазып алып, өзінің монографиясында жариялайды. Онда былай делінген: «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар. Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. Ол Қарахандар әулетінің негізін қалап, бірінші болып ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл) қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Бура-хан – Ақтан сопының ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында жатыр... Бура-ханның көпке танымал болуына оның Қожа Ахмет Ясауиды жерлеуі туралы аңыздың таралуы жатады. Аңыз бойынша, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болар алдында өзін бір қара түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамнан басқа ешкімнің әулие денесіне қол тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болады. Көп ұзамай Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, үстіне ақ жамылғысы бар, ноқтасыз түйеге мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін орындап болғаннан кейін жаңағы адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді де. Бір ауылға келіп ол шайынады және сол жерде қайтыс болады. Бура-хан қайтыс болған жерінде жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін білмеген адамдар оны «Қарабура» деп атап кетеді. Бейтаныс адамның астына мінгені қара бура екен. Осы сөздерден әулиенің аты пайда болады». Р.М. Мұстафинаның жазып алған екінші дерегі бойынша, «Қарабура әулие қазақ руы – тамадан шығады. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауиге түйеге артып сексеуіл әкеледі екен. Оның әкелген сексеуілі он түйе көтере алатындай болған екен. Соған байланысты оны Қарабура әулие деп атап кетеді». Қарабура әулие мен Қожа Ахмет Ясауидың жақындығын, достығын көрсететін келесі бір дерекке мынадай аңыз-әңгіме жатады. «Алланың әмірімен жұма намазын Меккеде оқу үшін Ахметке ақ бура сыйланады. Мұны көрген жұрт оны бұрынғыдан да артық құрметтей түседі. Осы құрметтерге сенімсіздік білдірген бір кісі Ахметке келіп: «Сен жұртты алдап жүрсің», - дейді. Ахмет бұған ешқандай реніш білдірмей: «Қажет десең жұма намазға Меккеге бірге барайық»,-дейді. Қожа Ахмет ол адамды мінгестіріп жаты: «Көзіңді жұм да, төменге қараушы болма», -деп ескертеді. Бірақ, ол шыдамсыздық танытып көзін ашқан кезде түйеден аунап түсіп, төменге қарай құлайды. Осы кезде қара бураға мінген адам оны іліп алып жерге аман жеткізеді. Бұл әр жұмада Меккеге намазға Қожа Ахметпен бірге барып келетін, оның пікірлес сыйласы Қарабура әулие еді», - дейді. Тарихи аңыз-әңгімелер Қарабура әулие бабамыздың екі қызы болғанын айтады. Қарахан мемлекетінің негізін түркі тілдес яғма және шығыл тайпалары құрағандығы белгілі. Тайпалардың тотемдерін хандар өздері иемденген. Шығылдардың тотемі – арыстан болып, орта азиялық әдебиеттерда арслан деп жазылған. Яғма тайпасының тотемі – бура, ол әдебиеттерде «боғра» түрінде кездеседі. Осы екі атауды: «Арслан хан» және «Боғра хан» атауларын Қарахан мемлекетіндегі билеушілер өз есімдерінің жанына қосып айтқан. Бұл жерде «Арслан хан» - Ұлы хан деген, «Боғра хан» - кіші хан деген мағынаны берген. «Тамғаш хан», «табғаш хан» - Қарахан мемлекетіндегі билеушілердің мәртебелі, лауазымы хандардың ханы. Бұл лауазыммен Қарахан әулетінің Самарханды билеген соңғы ханы Ибрагим тенге соқтырған»,-деп жазады энциклопедияда. Бұл жерде біздің қосарымыз «табғаш» сөзі «яғмадан» туындамайды, ол өзі жеке, дербес сөз және дербес мәнге ие. Екінші қосатынымыз – «Боғра хан», «Тамғаш хан» деген титулдар тек қана тақты иеленген Қарахан әулетінің өкілдеріне берілгендіктен, біз сөз етіп отырған Қарабура әулиенің есімін «Боғра хан» деген титулмен байланыстыру, осы сөзден іздестіру қисынсыз деп есептейміз және Батыс Қарахандар мемлекетіндегі әулет тізімінде Ибрагим ханнан кейін «Боғра хан» титулы ешкімнің лауазымы ретінде қолданылмайды. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Орта Азияның саяси тарихына үңілер болсаң, Қожа Ахмет Ясауи, Қарабура әулие бабаларымыздың өмір сүрген заманының аумалы-төкпелі, дүрбелеңді жылдар болғанына көз жеткіземіз. ХІІ ғасырдың бірінші жартысы мен орта тұсы – Ясауи мен Қарабура әулиенің саналы ғұмыры десек, осы жылдары төмендегідей ірі саяси оқиғалар болып өтеді: 1130-40 жылдар басы – Қарахан әулетінен Мауераннахрды қарақытайлардың тартып алуы және Қарахан әулетінің қарақытай гурхандарына саяси тәуелді болуы; 1141 жылғы Катуан шайқасы – Мауераннахрға саяси үстемдік құрып тұрған Селжұқ мемлекетінің әлсірей бастауы; 1150-ші жылдар – Хорезмнің күшейе бастауы және оның дербестік жолындағы Селжұқ мемлекетімен соғыстары; 1160-шы жылдар – Хорезмнің Мауереннахр ісіне араласуы; ХІІ ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы жекелеген ұрыстар мен шайқастар; Енді бабамыздың туған жылы туралы сөз етсек. Ж.Мұратбаевтың жинастырған материалдарында Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиден 10 жас кіші екендігі айтылады. Осы бір ел аузынан алынған деректен басқа ешбір деректе бабамыздың дүниеге қай жылы келгендігі туралы мәлімет жоқ. Сол себепті де біз, Қарабура әулиенің туған жылын анықтауда осы деректі негізге аламыз. Қазіргі күндегі зерттеушілердің көпшілігі Қожа Ахмет Ясауидің туған жылы деп 1094 жылды көрсетіп жүр. Біз де осыны мақұлдап, Қарабура әулие бабамыздың дүниеге келген жылы -1104 жыл деп есептейміз. Қарабура әулиенің діни көзқарасының қалыптасуы және рухани бағыттары туралы айтқанда жекелеген, бірлі-жарым деректердің оның шығу тегін бүгінгі Өзбекстан жеріндегі киелі мекен Нұр-атамен немесе Нұратаумен байланыстыратыны еріксіз назар аудартады. Нұр атаға байланысты зерттеулер жүргізіп, өзіндік, дербес көзқарас білдірген «Арғықазақ мифологиясы» деген атпен көлемді-көлемді 4 томдық еңбек жазған зерттеуші маңғыстаулық Қондыбай Серікбол бауырымыз былай деп жазған еді: «Нұратау» – бүгінгі өзбекстанның Самарқан, Сырдария облыстарының аумағындағы, бүгінгі Науаи қаласына жақын (70-80км) жердегі Нұратау жотасы мен оның төңірегі. Аталған тау жотасы ежелгі Соғды мен Бұқар жазирасының (Зарафшанның) территориясын Қызылқұмның аптапты құмдарынан бөліп жатса, таудан солтүстікке және солтүстік-шығысқа, Сырдарияның ойпатына шейін Қызылқұмның даласы мен құмлары созылып жатыр. Осы таудың аумағында аттас қалашық бар, бүгінгі Нұр (Нұр-ата) – Бұқар облысының қиыр терістігінде орналасқан қала. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінде Қарабура әулиенің әкесі діндар адам болып, Нұрата мешітінде оқып білім алғандығы, кейіннен мешіт ашып өзі жас балаларды оқытқандығы, сөйтіп сол өңірде ислам дінін насихаттаушылардың бірі болғандығы туралы айтылады. Аңыз материалдардағы Қарабура әулиенің әкесі Әбді тама – діни сауатты болып, мешіт ұстаған адам деген дерек біздің осы ойларымызды дәлелдей түседі. Тамалардың Нұрата маңына Х ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басында келген деп есептесек, Қарабура әулие дүниеге келген 1104 жылға дейін 3-4 немесе 4-5 ата ауысады. Бұхара, Самарқанд секілді ірі діни орталықтармен іргелес болуы, мемлекет басшыларының ислам дінінің таралуына ықпал жасауы Нұрата өңіріндегі түркі тілдес тайпалардың тез арада исламды қабылдауына әкеліп соқтырады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: Қарабура әулие дүниеге келгенге дейін, ислам діні олардың рухани өмірінің өзегіне, негізіне айналған. Қарабура әулие осы дәстүрді, жолды одан әрі жалғастыруша болып саналады. Екіншіден, Нұрата өңірінің киелі жер болып саналуы мен ол өңірде әулиелі молалардың көп болуы, зиярат етушілердің үзілмеуі – Қарабура әулиенің жас кезінен-ақ ислам дініне жақын болуына әсер етсе керек. Осындай аңыз мәліметтерінің тарихи шындыққа жақын болуы, бізді сол деректерге ерекше көңіл қоюымызға итермелеп отыр. Қарабура әулиенің жастық шағының дәл қалай өткенін нақты айтуға мүмкіндік болмаса да, әкесі Әбді таманың мешітінде оқып-білім алған деп айтуға негіз бар. Одан кейін әулиенің білімі Бұхарада жалғасуы әбден заңды. 1159 жылы Қожа Ахмет Ясауи Ясы қаласына келген соң, өзінің бағытын осы аймақта одан әрі жалғастырады. Оның мектебіне көшпелі қыпшақ тайпаларының өкілдері келіп, мүрид атанып, сопылық жолға түсе бастайды. Ал оның серіктері мен ізбасарлары, шәкірттері Оңтүстік Қазақстандағы Сырдың төменгі ағысы бойындағы қалалар мен оған іргелес елді-мекендерде исламды уағыздау үшін жіберіледі. Қарабура әулие Оңтүстік Қазақстанның ең солтүстігіндегі ортағасырлық қала – Созаққа келеді. Созақ бұл кезде кең мағынадағы қыпшақтардың иелігіндегі қала болатын. Тама тайпаларының ірі бөлігі осы өңірде мекендегендіктен Қарабура әулиенің арқасында ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа өтеді. Мүмкін, Созақ пен оның өңірінде мекендеген тама тайпаларының көсемдері Қарабура әулиені өздері арнайы шақырған да шығар. Ол жағы бізге толық анық емес. Дегенмен де, Қарабура әулиенің өмірінің соңғы жылдары Созақ өңірінде өтеді. Өңірдегі тайпалардың рухани өміріне үлкен өзгеріс енгізіп, исламға көздерін аштырған Қарабура әулие жергілікті тайпалар үшін өте сыйлы, дуалы, көріпкелдігі және бар, тұлғаға айналады. Қазіргі күнде бүкіл қазақ рулары ішінде тек қана тама тайпасының Қарабура әулиені өздерінің ұранына айналдыруына қарағанда сол, ХІІ ғасырдың соңында Созақ өңірінде тама тайпалары мекендеген сияқты. Тірі кезінде-ақ өзінің әділдігімен, көріпкелдігімен болжағыштығымен, ғажайып іс-әрекеттерімен қалың елді таң қалдырған, ұйыта білген Қарабура бабамызды халық әулие деп атап кетеді. Бабамыздың рухының күштілігі сондай, ол кісінің дүниеден өткеніне 1000 жылдай уақыт өтсе де, жергілікті Созақ өңірінің тұрғындары оны кеше ғана көрген әулиесі секілді тағзым етеді. Бабамыздың нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Аңыз-әңгімелер бойынша оның Қожа Ахмет Ясауидың жаназасын өзі шығарғанына қарағанда, бабамыз 1166 жылдан кейін қайтыс болған. 70-80 жыл жасаған деп есептесек, бабамыз шамамен 1174-1184 жылдары аралығында о дүниеге сапар шеккен деуге болады. Қарабура қайтыс болғаннан кейін жергілікті халық оны аса жоғары құрметтеп, арулап Созақ қаласында жерлеген. Әулиенің жатқан жері жергілікті тұрғындар үшін тағзым етер жердің біріне айналып, әртүрлі ауруға, жан-дүниесі қиналысқа түскен адамдардың түнделетіп қонатын жеріне айналды.  

Қарабура әулие жөнінде жазба деректерден гөрі біздің заманымызға ауызша аңыздардың жеткені басым. Аңыздардың дені әулиенің көзі тірісінде емес, бақилық болғаннан кейінгі бірнеше ғасырдан соң орын алған кереметтері жайында өрбиді. Бәлкім бұл ширек ғасырға жуық уақытта атеизммен сусындағанның әсері болар, бәлкім бергі замандардағы аңыздарының арғы кездерге қарағанда маңыздылығының жоғары болғандығы шығар. Әулие бабаның кереметтері ХХ ғасырға қатысты айтылады. Әулие бабаға қатысты бұлжымас ақиқат оның нақтылы тарихи тұлға екендігі. Яғни, шамалап болса да өмір сүрген ортасы мен уақыты белгілі. Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, Қарабура әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы.

Зерттеуші С.Тәбірізұлы өзінің «Қарабура әулие» атты еңбегінде Әулие бабаға қатысты көптеген аңыздық және тарихнамалық деректер ұсынады. Оларды қорытындылай келгенде мынадай тұжырым шығады:
«Қарабура әулие – Арыстанбап пен Қожа Ахмет Ясауидің замандасы; яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға.
Қарабура әулие – Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін.
Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір) сияқты болған деген қорытынды жасауға болады;
Қарабура есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы Қарахандар мемлекетіндегі «яғма» тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі;
Әулие бабамыз жөнінде ізденіс жасаған Жарылқасын Боранбай өзінің «Қарабура» атты кітапшасында төмендегідей тұжырымдар мен болжамдар жасайды:
Қарабура әулие – Батыс Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі – Ибрагим ибн Насырдың ұрпағы екендігі;
Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық қолынан өткізген адам;
«Қарабура» сөзі – «Қара Боғра» сөзінен туындайд, ал бұл ұғым Қарахан мемлекетінің билеушілернің ұрпағы;
Қарабура әулиенің аты –Ақтан софы;
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевта бұл мәселеге қатысты өз ойларын айтқан. Ол «Елдік пен ерлік киесі» атты мақаласында мәселені жан-жақты қарастыра келе төмендегідей қорытындылар жасайды:
«Қарабура – тамаларға мұсылман дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған кезден қалған ұран»;
Қарабура Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген;
Қарабура әулие Ясауидің замандасы деген дерекке – «Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиді жерлеуі туралы» аңыз-әңгімелер жатады. Деректі ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ел аузынан Р.М.Мұстафина жазып алып, өзінің монографиясында жариялайды. Онда былай делінген: «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар. Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. Ол Қарахандар әулетінің негізін қалап, бірінші болып ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл) қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Бура-хан – Ақтан сопының ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында жатыр... Бура-ханның көпке танымал болуына оның Қожа Ахмет Ясауиды жерлеуі туралы аңыздың таралуы жатады. Аңыз бойынша, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болар алдында өзін бір қара түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамнан басқа ешкімнің әулие денесіне қол тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болады. Көп ұзамай Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, үстіне ақ жамылғысы бар, ноқтасыз түйеге мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін орындап болғаннан кейін жаңағы адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді де. Бір ауылға келіп ол шайынады және сол жерде қайтыс болады. Бура-хан қайтыс болған жерінде жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін білмеген адамдар оны «Қарабура» деп атап кетеді. Бейтаныс адамның астына мінгені қара бура екен. Осы сөздерден әулиенің аты пайда болады».
Р.М. Мұстафинаның жазып алған екінші дерегі бойынша, «Қарабура әулие қазақ руы – тамадан шығады. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауиге түйеге артып сексеуіл әкеледі екен. Оның әкелген сексеуілі он түйе көтере алатындай болған екен. Соған байланысты оны Қарабура әулие деп атап кетеді».
Қарабура әулие мен Қожа Ахмет Ясауидың жақындығын, достығын көрсететін келесі бір дерекке мынадай аңыз-әңгіме жатады. «Алланың әмірімен жұма намазын Меккеде оқу үшін Ахметке ақ бура сыйланады. Мұны көрген жұрт оны бұрынғыдан да артық құрметтей түседі. Осы құрметтерге сенімсіздік білдірген бір кісі Ахметке келіп: «Сен жұртты алдап жүрсің», - дейді. Ахмет бұған ешқандай реніш білдірмей: «Қажет десең жұма намазға Меккеге бірге барайық»,-дейді. Қожа Ахмет ол адамды мінгестіріп жаты: «Көзіңді жұм да, төменге қараушы болма», -деп ескертеді. Бірақ, ол шыдамсыздық танытып көзін ашқан кезде түйеден аунап түсіп, төменге қарай құлайды. Осы кезде қара бураға мінген адам оны іліп алып жерге аман жеткізеді. Бұл әр жұмада Меккеге намазға Қожа Ахметпен бірге барып келетін, оның пікірлес сыйласы Қарабура әулие еді», - дейді.
Тарихи аңыз-әңгімелер Қарабура әулие бабамыздың екі қызы болғанын айтады. Қарахан мемлекетінің негізін түркі тілдес яғма және шығыл тайпалары құрағандығы белгілі. Тайпалардың тотемдерін хандар өздері иемденген. Шығылдардың тотемі – арыстан болып, орта азиялық әдебиеттерда арслан деп жазылған. Яғма тайпасының тотемі – бура, ол әдебиеттерде «боғра» түрінде кездеседі. Осы екі атауды: «Арслан хан» және «Боғра хан» атауларын Қарахан мемлекетіндегі билеушілер өз есімдерінің жанына қосып айтқан. Бұл жерде «Арслан хан» - Ұлы хан деген, «Боғра хан» - кіші хан деген мағынаны берген.
«Тамғаш хан», «табғаш хан» - Қарахан мемлекетіндегі билеушілердің мәртебелі, лауазымы хандардың ханы. Бұл лауазыммен Қарахан әулетінің Самарханды билеген соңғы ханы Ибрагим тенге соқтырған»,-деп жазады энциклопедияда. Бұл жерде біздің қосарымыз «табғаш» сөзі «яғмадан» туындамайды, ол өзі жеке, дербес сөз және дербес мәнге ие. Екінші қосатынымыз – «Боғра хан», «Тамғаш хан» деген титулдар тек қана тақты иеленген Қарахан әулетінің өкілдеріне берілгендіктен, біз сөз етіп отырған Қарабура әулиенің есімін «Боғра хан» деген титулмен байланыстыру, осы сөзден іздестіру қисынсыз деп есептейміз және Батыс Қарахандар мемлекетіндегі әулет тізімінде Ибрагим ханнан кейін «Боғра хан» титулы ешкімнің лауазымы ретінде қолданылмайды.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Орта Азияның саяси тарихына үңілер болсаң, Қожа Ахмет Ясауи, Қарабура әулие бабаларымыздың өмір сүрген заманының аумалы-төкпелі, дүрбелеңді жылдар болғанына көз жеткіземіз. ХІІ ғасырдың бірінші жартысы мен орта тұсы – Ясауи мен Қарабура әулиенің саналы ғұмыры десек, осы жылдары төмендегідей ірі саяси оқиғалар болып өтеді:
1130-40 жылдар басы – Қарахан әулетінен Мауераннахрды қарақытайлардың тартып алуы және Қарахан әулетінің қарақытай гурхандарына саяси тәуелді болуы;
1141 жылғы Катуан шайқасы – Мауераннахрға саяси үстемдік құрып тұрған Селжұқ мемлекетінің әлсірей бастауы;
1150-ші жылдар – Хорезмнің күшейе бастауы және оның дербестік жолындағы Селжұқ мемлекетімен соғыстары;
1160-шы жылдар – Хорезмнің Мауереннахр ісіне араласуы;
ХІІ ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы жекелеген ұрыстар мен шайқастар;
Енді бабамыздың туған жылы туралы сөз етсек. Ж.Мұратбаевтың жинастырған материалдарында Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиден 10 жас кіші екендігі айтылады. Осы бір ел аузынан алынған деректен басқа ешбір деректе бабамыздың дүниеге қай жылы келгендігі туралы мәлімет жоқ. Сол себепті де біз, Қарабура әулиенің туған жылын анықтауда осы деректі негізге аламыз. Қазіргі күндегі зерттеушілердің көпшілігі Қожа Ахмет Ясауидің туған жылы деп 1094 жылды көрсетіп жүр. Біз де осыны мақұлдап, Қарабура әулие бабамыздың дүниеге келген жылы -1104 жыл деп есептейміз.
Қарабура әулиенің діни көзқарасының қалыптасуы және рухани бағыттары туралы айтқанда жекелеген, бірлі-жарым деректердің оның шығу тегін бүгінгі Өзбекстан жеріндегі киелі мекен Нұр-атамен немесе Нұратаумен байланыстыратыны еріксіз назар аудартады. Нұр атаға байланысты зерттеулер жүргізіп, өзіндік, дербес көзқарас білдірген «Арғықазақ мифологиясы» деген атпен көлемді-көлемді 4 томдық еңбек жазған зерттеуші маңғыстаулық Қондыбай Серікбол бауырымыз былай деп жазған еді:
«Нұратау» – бүгінгі өзбекстанның Самарқан, Сырдария облыстарының аумағындағы, бүгінгі Науаи қаласына жақын (70-80км) жердегі Нұратау жотасы мен оның төңірегі. Аталған тау жотасы ежелгі Соғды мен Бұқар жазирасының (Зарафшанның) территориясын Қызылқұмның аптапты құмдарынан бөліп жатса, таудан солтүстікке және солтүстік-шығысқа, Сырдарияның ойпатына шейін Қызылқұмның даласы мен құмлары созылып жатыр. Осы таудың аумағында аттас қалашық бар, бүгінгі Нұр (Нұр-ата) – Бұқар облысының қиыр терістігінде орналасқан қала.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінде Қарабура әулиенің әкесі діндар адам болып, Нұрата мешітінде оқып білім алғандығы, кейіннен мешіт ашып өзі жас балаларды оқытқандығы, сөйтіп сол өңірде ислам дінін насихаттаушылардың бірі болғандығы туралы айтылады.
Аңыз материалдардағы Қарабура әулиенің әкесі Әбді тама – діни сауатты болып, мешіт ұстаған адам деген дерек біздің осы ойларымызды дәлелдей түседі. Тамалардың Нұрата маңына Х ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басында келген деп есептесек, Қарабура әулие дүниеге келген 1104 жылға дейін 3-4 немесе 4-5 ата ауысады. Бұхара, Самарқанд секілді ірі діни орталықтармен іргелес болуы, мемлекет басшыларының ислам дінінің таралуына ықпал жасауы Нұрата өңіріндегі түркі тілдес тайпалардың тез арада исламды қабылдауына әкеліп соқтырады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: Қарабура әулие дүниеге келгенге дейін, ислам діні олардың рухани өмірінің өзегіне, негізіне айналған. Қарабура әулие осы дәстүрді, жолды одан әрі жалғастыруша болып саналады.
Екіншіден, Нұрата өңірінің киелі жер болып саналуы мен ол өңірде әулиелі молалардың көп болуы, зиярат етушілердің үзілмеуі – Қарабура әулиенің жас кезінен-ақ ислам дініне жақын болуына әсер етсе керек. Осындай аңыз мәліметтерінің тарихи шындыққа жақын болуы, бізді сол деректерге ерекше көңіл қоюымызға итермелеп отыр. Қарабура әулиенің жастық шағының дәл қалай өткенін нақты айтуға мүмкіндік болмаса да, әкесі Әбді таманың мешітінде оқып-білім алған деп айтуға негіз бар. Одан кейін әулиенің білімі Бұхарада жалғасуы әбден заңды.
1159 жылы Қожа Ахмет Ясауи Ясы қаласына келген соң, өзінің бағытын осы аймақта одан әрі жалғастырады. Оның мектебіне көшпелі қыпшақ тайпаларының өкілдері келіп, мүрид атанып, сопылық жолға түсе бастайды. Ал оның серіктері мен ізбасарлары, шәкірттері Оңтүстік Қазақстандағы Сырдың төменгі ағысы бойындағы қалалар мен оған іргелес елді-мекендерде исламды уағыздау үшін жіберіледі. Қарабура әулие Оңтүстік Қазақстанның ең солтүстігіндегі ортағасырлық қала – Созаққа келеді. Созақ бұл кезде кең мағынадағы қыпшақтардың иелігіндегі қала болатын. Тама тайпаларының ірі бөлігі осы өңірде мекендегендіктен Қарабура әулиенің арқасында ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа өтеді. Мүмкін, Созақ пен оның өңірінде мекендеген тама тайпаларының көсемдері Қарабура әулиені өздері арнайы шақырған да шығар. Ол жағы бізге толық анық емес. Дегенмен де, Қарабура әулиенің өмірінің соңғы жылдары Созақ өңірінде өтеді. Өңірдегі тайпалардың рухани өміріне үлкен өзгеріс енгізіп, исламға көздерін аштырған Қарабура әулие жергілікті тайпалар үшін өте сыйлы, дуалы, көріпкелдігі және бар, тұлғаға айналады.
Қазіргі күнде бүкіл қазақ рулары ішінде тек қана тама тайпасының Қарабура әулиені өздерінің ұранына айналдыруына қарағанда сол, ХІІ ғасырдың соңында Созақ өңірінде тама тайпалары мекендеген сияқты. Тірі кезінде-ақ өзінің әділдігімен, көріпкелдігімен болжағыштығымен, ғажайып іс-әрекеттерімен қалың елді таң қалдырған, ұйыта білген Қарабура бабамызды халық әулие деп атап кетеді. Бабамыздың рухының күштілігі сондай, ол кісінің дүниеден өткеніне 1000 жылдай уақыт өтсе де, жергілікті Созақ өңірінің тұрғындары оны кеше ғана көрген әулиесі секілді тағзым етеді.
Бабамыздың нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Аңыз-әңгімелер бойынша оның Қожа Ахмет Ясауидың жаназасын өзі шығарғанына қарағанда, бабамыз 1166 жылдан кейін қайтыс болған. 70-80 жыл жасаған деп есептесек, бабамыз шамамен 1174-1184 жылдары аралығында о дүниеге сапар шеккен деуге болады.
Қарабура қайтыс болғаннан кейін жергілікті халық оны аса жоғары құрметтеп, арулап Созақ қаласында жерлеген. Әулиенің жатқан жері жергілікті тұрғындар үшін тағзым етер жердің біріне айналып, әртүрлі ауруға, жан-дүниесі қиналысқа түскен адамдардың түнделетіп қонатын жеріне айналды.
 
Бөлісу: