Тегеран

4 Желтоқсан 2012, 10:50

Тегеран (парсыша: تهران‎ ) — Иран елінің астанасы, Азиядағы ең үлкен қалалардың бірі. Қала маңайы (Үлкен Тегеран) тұрғындарын қосқанда Тегеран тұрғындарының саны ресми мәлімет бойынша 13 миллион, бейресми деректерде 16 миллион деп көрсетіледі. Әлем бойынша 21-орында. Тегеран останының астанасы, мемлекеттің саяси, экономикалық, транспорттық, сауда-қаржы және мәдениет орталығы. Тегеран Иранның солтүстігіндегі Эльбурс тауының етегінде, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауынан 90 км қашықтықта орналасқан. Қала батыстан шығысқа қарай тау жотасы бойымен 40-50 километрге созылады. Тегеранның солтүстік ауданы (Шәмиран) теңiз деңгейiнен 2000 метр биіктікте, ал оңтүстік қала маңайы (Рей, Сұлтанабат) Кавир тасты шөліне жақын. Тегеран Иранның автомобиль, электроника, әскери қару-жарақ, жеңіл өнеркәсіп, қант, цемент және химия салаларының орталығы саналады. Сонымен қатар қала жиһаз және кілемімен де танымал. XX ғасырда елдің басқа аймақтарынан Тегеран қаласына жаппай көшу үрдісі орын алған. Жергілікті тұрғындар парсылар болғандықтан, Тегеран халқының 98%-ы парсы тілінде, қалған 2%-ы араб тілі, Әзірбайжан тілі, армян тілі, күрд тілінде сөйлейді. «Тегеран» (парсыша: تهران‎) атауының шығу төркінінің бірнеше теориясы бар. Қаланың ресми сайтында атау «түп» (ته — тех) және ескірген «баурай» (ران — ран) сөздерінен шығады деп көрсетілген. Осылайша «Тегеран» تهران сөзін - техран - «көлбеудің табаны», яғни Тегеран  - көлбеудің табанындағы қала деген тұсініктемені береді. Тегеран Тошал тауының оңтүстік табанында орналасқандықтан, бұл теория сенімді болып табылады. Басқа теория бойынша «Тегеран» өз атын Иран астанасының жанында орналасқан парфяндық Тиран қаласынан алады. Ал «Тиран» атауы «Тирдің жерi» (зороастрлік мифология бойынша жауын құдайы) дегенді білдіреді. Тиранның жанында Мәһран қаласы орналасқан — «Мәһра жері» (су құдайы), қазір Тегеранның шетіндегі шағын аудан. Бұрын бұл екі қала Рей құрамына кіретін, қазір ол да Тегеран маңайындағы қала. Үшінші теория бойынша «Тегеран» «жылы жер» деген, ал қаланың солтүстігіндегі Шәмиран ауданы, керісінше, «суық жер» деген ұғымды білдіреді. Иран астанасы. Мұхамета Қажардың немере інісі Фатақ Әли-шах Тегеран құрылысына айрықша салмақты үлес қосты. Атап айтар болсақ, оның билеу кезеңінде Тегеранда Мәрмәр сарайы және Шах мешіті салынады. 1830 жылы Тегеран тұрғындар саны 150 мың адамға жетеді. Мұхамет Қажар кезінде Тегеран қала қабырғалары шегінен шығып, қаланың солтүстігінен салтанатты сарайлар салынады. Фатақ Әли-шах кезінде, 1829 жылдың 11 ақпанында, Тебризден орыс елшілігін таныстыруға келген Александр Грибоедов бастаған топ талқанданып, топ басшы Грибоедов сол шайқаста қаза табады. Тегеран тарихындағы ең масштабты қайта құру жұмыстары 1870 жылы Насреддин-шах билігі кезінде басталды. Ол қаладағы барлық бекініс ғимараттарын жаруға бұйрық беріп, олардың орнына жаңа қала-махаллалар пайда болады. Ескі қабырға жойылып, орнына ұзындығы 19 км дұрыс емес сегіз бұрыш пішінді қабырға тұрғызылады. 12 бай өңделген қала қақпалары тұрған жерде, қазір қалаға беттейтін басты желілер орналасқан. Одан басқа Насреддин-шах кезінде көптеген ғимараттарға реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп, сумен жабдықтайтын орталықтандырылған жүйе құрылады. Оның билігінің соңғы жылдарында (1897) қала тұрғындары саны 250 мың адамнан асып, олардың көбісі қала қабырғалары сыртында өмір сүрді. 1925 жылы Иран тағына Риза Пақлауи отырады және 1930 жылдары қала тағы да бір жаңартуды басынан кешіреді. Риза Пақлауи бұйрығы бойынша «Насреддин қабырғалары» жойылып, ал олардың орнына кең даңғылдар салынады. Мемлекеттік және коммерциялық мекемелерге жаңа ғимараттар салу үшін шах көптеген шетел сәулетшілерін шақырады. Солардың арасында орыс сәулетшілері де болды: Николай Марков ( «Эльбурс» мектебі), Владислав Городецкий (темір жол вокзалы) және басқалар. Реконструкция кейін Тегеран аумағы 46 шаршы км-ді құрап, Фетх-Али Шах кезіндегі Тегеранмен салыстырғанда айтарлықтай үлкейді. 1943 жылы Тегеранда Гитлерге қарсы коалицияның үш одақты державаларының үкiмет басшыларының халықаралық конференциясы өтіп - КСРО, АҚШ, Ұлыбритания екінші майданның ашылу мерзімін шамалап белгілейді. "Тегеран-43" кеңес көркем фильмінде Рузвельтті (АҚШ президенті) өлтіруге жіберген неміс тыңшылар тобы туралы қарама-қайшы оқиға баяндалады. Конференцияда Иранның тәуелсiздiк және аймақтық бүтiндiгiнiң кепiлдiгi жарияланады. Соғыстан кейін Тегеран тұрғындары саны 1 миллион адамға жетеді. Соңғы шах Мұхамет Пақлауи кезінде ескі қаланың көптеген ежелгі құрылыстары жойылды. Шахтың пайымдауынша, қазiргi Тегеранда оларға орын болған жоқ. Бірегей бекініс ғимараттарының және сарай орындарында қазір көп қабатты үйлер немесе кең автодаңғылдар орналасқан. Тұрғын үй құрылыс ошағы басталысымен, Тегеран өзінің "ежелгі" ажарын мүлде жоғалтады. Шах жанұясымен қаланың солтүстігіне, Ниаваранға көшеді. 1969 жылы Шемиран Тегеран құрамына еніп, қаланың солтүстікке қарай өрістету жұмыстары тоқтайды. Жаңа қала құрылыс доктринасы бойынша, қала батыс және шығысқа қарай кеңейтіле бастайды. Қала құрылысы Кережге қисындастыра жақындайды. Қаланың батысы мен оңтүстігінде өнеркәсiптiк аудандар салынады. Батыстағы энергетикалық дағдарысты алып келген 1970 жылдардағы мұнай бағасының күрт өсуі және қаланың ары ғарай қарқындауына жаңа талпыныс береді. Шах мұнай экспортынан келген жоғарғы табысты жаңа аудан салуға жұмсауға оқталды, ол аудан Пақлауи билігінін символына айналуға тиіс болған. «Шахистан» жобасы 1976 жылы дайын болып, бірақ қаражат таусылуымен іс жүзінде жүзеге аспады. 1978 жылдың 8 қыркүйегінде, Тегеранда және бүкіл Иранда шах үкіметі қарсыластарының демонстрациялары басталып, кейіннен жаппай наразылыққа ұлғасады. Осындай алғаш ауқымды наразылық қыркүйекте орын алып, полиция күшімен таратылады. Осы мезгілден бастап, жаппай ереуiлдер әсерінен Тегеран экономикасы "тоқтап қалады". Анығында, 1979 жылдың 16 қаңтарында шах шерушілерге қарсы тұра алмай, Ираннан қашуға мәжбүр болады, ал 1 ақпанда миллион тегерандықтар қуғынға ұшыраған имам Рухолла Хомейниді (15 жыл бұрын қаладан қуылған) қарсы алады. Қалада хомейниліктер мен олардың қарсыластары арасында ұрыс-керіс басталады. 9 ақпанда, Мәһрабат әуежайындағы техниктер жанжалы көшелердегі жойқын қақтығыстарға ұласады, қақтығыстар нәтижесінде екі күн ішінде Хомейни жақтаушылары бүкіл әкімшілік мекемелерді, күш беретiн мекемелер және полиция бөлiмшелерiн жаулап алады. Иранда 11 ақпан Революция Жеңіс күні ретінде тойланады. 1979 жылдың 4 қарашасында жауынгер жөнге салынған студенттер тобы америкалық елшілікті басып алып, елшілік жұмысшылары тұтқында 444 күн өткізеді. Иран-ирак соғысы барысында, Тегеран 1985 жылдың мамырынан бастап ирак ракеталары Р-11 оғы астында қалды, бұл қарапайым халық арасында қомақты құрбандарға және түбегейлi қиратуларға алып келеді. Соғыс соңында, 1988 жылдың көктемінде, атқылау максимумге жетіп, 6 апта ішінде қалаға 190 ракета снарядтары түседі. Oқ жаудыру Бағдат аумағына да жүргізіледі, бірақ атқылау қарқыны анағұрлым кем. Тегеранға батыс уәләйаттарынан босқындар қоныс аудару үрдісі орын алып, ал тегерандықтардың 30 % Иран солтүстігіне қашады.[11] Соған қоса Тегеранға көрші Ауғанстаннан да босқындар көшеді (Ауған соғысы әсерінен). 1986 жылы Үлкен Тегеран қалалық әкімшілігі құрылып, ол қаланың 500 мың шаршы километрге жуық аумақты алады. Тегеран 22 қалалық ауданға бөлінді. 1990 жылдардан бастап, Тегеранның территориялық кеңейту жұмыстары іс жүзінде тоқтатылады. 2001 жылы Тегеранда метрополитен іске қосылды. 2007 жылы Милад мұнарасының құрылысы аяқталып, ол әлемдегі 4-ші ең биік және Ирандағы ең биік мұнара болады. 2007 жылдың 27 маусымында, жеке тұлғаларға бензин сатып алу үшін квота енгізілу туралы ақпарат шығысымен, қалада жаппай тәртіпсіздік орын алады. Наразы автоәуесқойлар 12 бензин колонкасын өртеп жібереді.  

Тегеран (парсыша: تهران‎ ) — Иран елінің астанасы, Азиядағы ең үлкен қалалардың бірі. Қала маңайы (Үлкен Тегеран) тұрғындарын қосқанда Тегеран тұрғындарының саны ресми мәлімет бойынша 13 миллион, бейресми деректерде 16 миллион деп көрсетіледі. Әлем бойынша 21-орында. Тегеран останының астанасы, мемлекеттің саяси, экономикалық, транспорттық, сауда-қаржы және мәдениет орталығы.

Тегеран Иранның солтүстігіндегі Эльбурс тауының етегінде, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауынан 90 км қашықтықта орналасқан. Қала батыстан шығысқа қарай тау жотасы бойымен 40-50 километрге созылады. Тегеранның солтүстік ауданы (Шәмиран) теңiз деңгейiнен 2000 метр биіктікте, ал оңтүстік қала маңайы (Рей, Сұлтанабат) Кавир тасты шөліне жақын.

Тегеран Иранның автомобиль, электроника, әскери қару-жарақ, жеңіл өнеркәсіп, қант, цемент және химия салаларының орталығы саналады. Сонымен қатар қала жиһаз және кілемімен де танымал. XX ғасырда елдің басқа аймақтарынан Тегеран қаласына жаппай көшу үрдісі орын алған. Жергілікті тұрғындар парсылар болғандықтан, Тегеран халқының 98%-ы парсы тілінде, қалған 2%-ы араб тілі, Әзірбайжан тілі, армян тілі, күрд тілінде сөйлейді. «Тегеран» (парсыша: تهران‎) атауының шығу төркінінің бірнеше теориясы бар.

Қаланың ресми сайтында атау «түп» (ته — тех) және ескірген «баурай» (ران — ран) сөздерінен шығады деп көрсетілген. Осылайша «Тегеран» تهران сөзін - техран - «көлбеудің табаны», яғни Тегеран  - көлбеудің табанындағы қала деген тұсініктемені береді. Тегеран Тошал тауының оңтүстік табанында орналасқандықтан, бұл теория сенімді болып табылады.

Басқа теория бойынша «Тегеран» өз атын Иран астанасының жанында орналасқан парфяндық Тиран қаласынан алады. Ал «Тиран» атауы «Тирдің жерi» (зороастрлік мифология бойынша жауын құдайы) дегенді білдіреді. Тиранның жанында Мәһран қаласы орналасқан — «Мәһра жері» (су құдайы), қазір Тегеранның шетіндегі шағын аудан. Бұрын бұл екі қала Рей құрамына кіретін, қазір ол да Тегеран маңайындағы қала.

Үшінші теория бойынша «Тегеран» «жылы жер» деген, ал қаланың солтүстігіндегі Шәмиран ауданы, керісінше, «суық жер» деген ұғымды білдіреді.

Иран астанасы. Мұхамета Қажардың немере інісі Фатақ Әли-шах Тегеран құрылысына айрықша салмақты үлес қосты. Атап айтар болсақ, оның билеу кезеңінде Тегеранда Мәрмәр сарайы және Шах мешіті салынады. 1830 жылы Тегеран тұрғындар саны 150 мың адамға жетеді. Мұхамет Қажар кезінде Тегеран қала қабырғалары шегінен шығып, қаланың солтүстігінен салтанатты сарайлар салынады. Фатақ Әли-шах кезінде, 1829 жылдың 11 ақпанында, Тебризден орыс елшілігін таныстыруға келген Александр Грибоедов бастаған топ талқанданып, топ басшы Грибоедов сол шайқаста қаза табады. Тегеран тарихындағы ең масштабты қайта құру жұмыстары 1870 жылы Насреддин-шах билігі кезінде басталды. Ол қаладағы барлық бекініс ғимараттарын жаруға бұйрық беріп, олардың орнына жаңа қала-махаллалар пайда болады. Ескі қабырға жойылып, орнына ұзындығы 19 км дұрыс емес сегіз бұрыш пішінді қабырға тұрғызылады. 12 бай өңделген қала қақпалары тұрған жерде, қазір қалаға беттейтін басты желілер орналасқан. Одан басқа Насреддин-шах кезінде көптеген ғимараттарға реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп, сумен жабдықтайтын орталықтандырылған жүйе құрылады. Оның билігінің соңғы жылдарында (1897) қала тұрғындары саны 250 мың адамнан асып, олардың көбісі қала қабырғалары сыртында өмір сүрді. 1925 жылы Иран тағына Риза Пақлауи отырады және 1930 жылдары қала тағы да бір жаңартуды басынан кешіреді. Риза Пақлауи бұйрығы бойынша «Насреддин қабырғалары» жойылып, ал олардың орнына кең даңғылдар салынады. Мемлекеттік және коммерциялық мекемелерге жаңа ғимараттар салу үшін шах көптеген шетел сәулетшілерін шақырады. Солардың арасында орыс сәулетшілері де болды: Николай Марков ( «Эльбурс» мектебі), Владислав Городецкий (темір жол вокзалы) және басқалар. Реконструкция кейін Тегеран аумағы 46 шаршы км-ді құрап, Фетх-Али Шах кезіндегі Тегеранмен салыстырғанда айтарлықтай үлкейді.

1943 жылы Тегеранда Гитлерге қарсы коалицияның үш одақты державаларының үкiмет басшыларының халықаралық конференциясы өтіп - КСРО, АҚШ, Ұлыбритания екінші майданның ашылу мерзімін шамалап белгілейді. "Тегеран-43" кеңес көркем фильмінде Рузвельтті (АҚШ президенті) өлтіруге жіберген неміс тыңшылар тобы туралы қарама-қайшы оқиға баяндалады. Конференцияда Иранның тәуелсiздiк және аймақтық бүтiндiгiнiң кепiлдiгi жарияланады.

Соғыстан кейін Тегеран тұрғындары саны 1 миллион адамға жетеді. Соңғы шах Мұхамет Пақлауи кезінде ескі қаланың көптеген ежелгі құрылыстары жойылды. Шахтың пайымдауынша, қазiргi Тегеранда оларға орын болған жоқ. Бірегей бекініс ғимараттарының және сарай орындарында қазір көп қабатты үйлер немесе кең автодаңғылдар орналасқан. Тұрғын үй құрылыс ошағы басталысымен, Тегеран өзінің "ежелгі" ажарын мүлде жоғалтады. Шах жанұясымен қаланың солтүстігіне, Ниаваранға көшеді.
1969 жылы Шемиран Тегеран құрамына еніп, қаланың солтүстікке қарай өрістету жұмыстары тоқтайды. Жаңа қала құрылыс доктринасы бойынша, қала батыс және шығысқа қарай кеңейтіле бастайды. Қала құрылысы Кережге қисындастыра жақындайды. Қаланың батысы мен оңтүстігінде өнеркәсiптiк аудандар салынады. Батыстағы энергетикалық дағдарысты алып келген 1970 жылдардағы мұнай бағасының күрт өсуі және қаланың ары ғарай қарқындауына жаңа талпыныс береді. Шах мұнай экспортынан келген жоғарғы табысты жаңа аудан салуға жұмсауға оқталды, ол аудан Пақлауи билігінін символына айналуға тиіс болған. «Шахистан» жобасы 1976 жылы дайын болып, бірақ қаражат таусылуымен іс жүзінде жүзеге аспады.

1978 жылдың 8 қыркүйегінде, Тегеранда және бүкіл Иранда шах үкіметі қарсыластарының демонстрациялары басталып, кейіннен жаппай наразылыққа ұлғасады. Осындай алғаш ауқымды наразылық қыркүйекте орын алып, полиция күшімен таратылады. Осы мезгілден бастап, жаппай ереуiлдер әсерінен Тегеран экономикасы "тоқтап қалады". Анығында, 1979 жылдың 16 қаңтарында шах шерушілерге қарсы тұра алмай, Ираннан қашуға мәжбүр болады, ал 1 ақпанда миллион тегерандықтар қуғынға ұшыраған имам Рухолла Хомейниді (15 жыл бұрын қаладан қуылған) қарсы алады. Қалада хомейниліктер мен олардың қарсыластары арасында ұрыс-керіс басталады. 9 ақпанда, Мәһрабат әуежайындағы техниктер жанжалы көшелердегі жойқын қақтығыстарға ұласады, қақтығыстар нәтижесінде екі күн ішінде Хомейни жақтаушылары бүкіл әкімшілік мекемелерді, күш беретiн мекемелер және полиция бөлiмшелерiн жаулап алады. Иранда 11 ақпан Революция Жеңіс күні ретінде тойланады. 1979 жылдың 4 қарашасында жауынгер жөнге салынған студенттер тобы америкалық елшілікті басып алып, елшілік жұмысшылары тұтқында 444 күн өткізеді.

Иран-ирак соғысы барысында, Тегеран 1985 жылдың мамырынан бастап ирак ракеталары Р-11 оғы астында қалды, бұл қарапайым халық арасында қомақты құрбандарға және түбегейлi қиратуларға алып келеді. Соғыс соңында, 1988 жылдың көктемінде, атқылау максимумге жетіп, 6 апта ішінде қалаға 190 ракета снарядтары түседі. Oқ жаудыру Бағдат аумағына да жүргізіледі, бірақ атқылау қарқыны анағұрлым кем. Тегеранға батыс уәләйаттарынан босқындар қоныс аудару үрдісі орын алып, ал тегерандықтардың 30 % Иран солтүстігіне қашады.[11] Соған қоса Тегеранға көрші Ауғанстаннан да босқындар көшеді (Ауған соғысы әсерінен).

1986 жылы Үлкен Тегеран қалалық әкімшілігі құрылып, ол қаланың 500 мың шаршы километрге жуық аумақты алады. Тегеран 22 қалалық ауданға бөлінді. 1990 жылдардан бастап, Тегеранның территориялық кеңейту жұмыстары іс жүзінде тоқтатылады. 2001 жылы Тегеранда метрополитен іске қосылды. 2007 жылы Милад мұнарасының құрылысы аяқталып, ол әлемдегі 4-ші ең биік және Ирандағы ең биік мұнара болады. 2007 жылдың 27 маусымында, жеке тұлғаларға бензин сатып алу үшін квота енгізілу туралы ақпарат шығысымен, қалада жаппай тәртіпсіздік орын алады. Наразы автоәуесқойлар 12 бензин колонкасын өртеп жібереді.
 

Бөлісу: