4 Желтоқсан 2012, 10:46
Театр сыны - күнделікті театр қызметін бейнелеп отыратын әдеби шығармашылықтың бір саласы. Театр сыны ой-пікірі салиқалы да салмақты шолу мақалалар (мыс., жеке театрлардың шығармашылық жолы мен театр өнерінің көкейтесті мәселелері туралы), жеке спектакльге арналған рецензиялар және актерлер, режиссерлер мен театр суретшілерінің өнері хақында жазылған шығарм. портреттер түрінде болып келеді. Ол сахналық өнер мен шындықтың арасындағы сан алуан байланысты карастырып, театрдың көркемдік төжірибесін қорытады және өмірдін театр алдына қоятын міндет-талаптарын белгілеумен қатар оның басты даму тенденцияларын ашып көрсетеді. Театр сыны ең әуелі театртанумен және оның өсу дәрежесіне байланыс.ты дамиды. Бірақ театртанудан негізгі айырмашылығы - оның қазіргі театр оқиғаларына дер кезінде, жылдам үн қосып отыруында және ол, негізінен, театртануға бай материал болып табылады. Театр сыны музыкалықыка сынымен, әдеби сынмен және әдебиеттанумен де тығыз байланысты. Театр сыны арқылы белгілі бір дәуірдегі эстетикалық ой-пікірдің шама-шарқы аңғарылады, әрі ол өз тұсынан әр түрлі театр жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Театр сыны театрдың түрлі тарихи кезеңдегі мән-мағынасын, оның репертуарын, актерлер ойыны мен режиссурасын, театр ісін ұйымдастыру мен театр декорация өнерін жан-жақты карастырып, оған баға береді. Ресейде кәсіби копшілік театрының тууымен қатар Театр сыны да 18 ғасырлардың ортасында пайда болып, ол алғашында театрда қойылған спектакль туралы қысқаша есеп беру түрінде, одан кейін өлецмен жазылған хат пен сатира түрінде бой көрсеткен. 18 және 19 ғ. аралығында Театр сыны мен елдің қоғамдык-саяси өмірі арасындағы байланыс нығая түсті. Театрдың күнделікті тәжірибесін жазуда Театр сыны белсенділік көрсеттті. Театр журналдарының шығуы Театр сынының өрісін кеңейтті. 19 ғасырда А.С. Пушкин, И. Надеждин, С.Т. Аксаков, В.Г. Белинский, А.А. Григорьев, А.Н. Баженов, В.М. Дорошевич, Н.Е. Эфрос, Л ,Я. Гуревич, т.б. сын мақала.тарымен Театр сынының қалыптасып, өркен жаюына елеулі еңбек сіңірді. Театр сыныын дамытуда орыс театрының демократиялық принциптерін қолдаған А.В. Луначарскийдің, В.В. Воровскийдіц, Г.В. Плехановтың қаламынан туған мақалалардың мәні зор болды. Кеңес дәуірінде Театр сынынын тақырыптық аясы кеңейіп, жан-жақты дамп түсті. П.А. Марков, Г.Н. Бояджиев, Н. А. Берковский, М.С. Григорьев, Ю.А. Дмитриев, А.А. Аникст, Б.И. Ростоңкий, және бұлардың қатарына кейінгі жылдары келіп қосылған К.Л. Рудниңкий, М.Н. Строева, В.В. Фролов, А.В. Бартошевич, В.Ю. Силюнас, М.Е. Швыдқой, А.А. Якубовский, т.б. театр өнерінің табиғаты мен рухын терең түсіндіріп талдау жасаған кәсіби сын мақалаларымен ерекше козге түсті. Театр сыны Қазақстанда алғаш рет драм, шығармаларды талдау түрінде жарыккөрген. Мыс., 1914 ж. И.Лихановтың "Манап" драмасы туралы "Айқапта" С.Сейфуллиннің мақаласы жарияланды. Қазақ төңкерісінен кейін Қазақ академиялық драма театрының құрылуы Театр сынының туып қалыптасуына, өрістеуіне жағдай жасады. Спектакльдер, халық өнерпаздары туралы қысқа хабарлар, суреттемелер мен шолу мақалалар да жарық көре бастады. Осы сала бойынша М.Әуезов, Ж.Шанин, І.Жансүгіров, Г.Тоғжанов, О.Беков, Ш.Құсайынов, М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Ә.Тәжібаев, М.Иманжанов, т.б. қалам тартты. Баспасөз беттерінде қазақ театрының өткен тарихи жолы, қөрнекті сахна шеберлері және жаңа қойылған спектакльдер туралы маман театр сыншылары (Қ. Мұхамеджанов, Қ. Қуандықов, Б.Құндақбаев, К.Нұрпейісов, Л.И. Богатенкова, Ә.Сығай, Я.Шынәсілұлы, т.б.) жазған мақалалар жарияланып, Театр сыны едәуір ілгері дами түсті.