Капиталды шетке шығару

4 Желтоқсан 2012, 10:43

КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. К. ш. ш. негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады. Қоржындық инвестициялар қаражатты шетелдік компаниялардың акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға – бақылау құқығын бермейтін миноритарлық қатысуға, шетелдік заңи тұлғаларға қарыздар мен несиелер беруге жұмсау болып табылады. Түрлі елдердің статистикасында шетелдік салымдарды тікелей инвестицияларға жатқызудың түрлі өлшемдері қолданылады, мыс., АҚШ-та бұл шет ел компаниялары акцияларының 10%-інен астамын сатып алу; Францияда – 20%-тен астамы, т.б. Тікелей және қоржындық инвестициялар таза валюталық оперциялармен байланысты қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысынан өзгеше түрде капиталдардың ұзақ мерзімді қозғалысына жатады. Сондай-ақ, жекелеген елдердің төлем баланстарында көрсетілетін капиталды жыл сайынғы (ағымдағы) шетке шығаруға және белгілі бір елдің капиталдың ағымдағы әкетілімі есебінен ғана емес, сонымен бірге шетелдік филиалдар пайдасының бір бөлігін кері инвестициялау және шетелдік филиалдардың жергілікті немесе халықар. капитал рыноктарындағы қызметін қаржыландыру үшін қаражатты бір-бірінен қарызға алу есебінен де құралатын (қорланатын) шетелдік инвестициялардың жалпы көлеміне бөлінеді. БҰҰ деректеріне қарағанда, 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында дүние жүзінде қорланған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы көл. 2,7 трл. АҚШ долл-ы, ал ағымдағы К. ш. ш. 1988 – 92 ж. 200 млрд. долл., 1995 ж. 315 млрд. долл. болды. Экономиканы жаїандандыру барысына байланысты шетелдік тікелей инвестициялардың өсу қарқыны дүниежүз. өндірістің өсу қарқынынан асып түседі. Капиталдардың халықар. жұмсалымы үрдісінде шетке шығарушылар (экспортшылар) мен шеттен әкелушілер (импортшылар) ретінде барған сайын көптеген елдер мен аймақтар қамтылуда, әйтсе де бұл үрдісте бұрынғыша дамыған елдер жетекшілік етуде, олардың үлесіне 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында тікелей инвестициялар нысанындағы капиталдың ағымдағы экспортының 85%-ы және ағымдағы импортының 65%-ы тиіп отыр. 270 мың шетелдік филиалдан тұратын торабы бар 39 мың ұлтаралық корпорация К. ш. ш-дың басты субъектісі болып табылады. Ұлтаралық корпорациялар арасында алғашқы жүздіктегі аса ірі корпорациялар жетекші рөл атқарады. 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында дүние жүзіндегі тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 1/3-і солардың үлесіне тиді. Капиталды тек жеке меншік банктер мен корпорациялар ғана шығарып қоймайды. Шет елде ұлттық мүдделерді орнықтырудың басты құралдарының бірі мемлекеттің К. ш. ш-ы. Мемл. капиталдың үлесі оның жалпы әкетілімінің 30%-ына жетеді. С. Тоқсанбай  

КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. К. ш. ш. негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады. Қоржындық инвестициялар қаражатты шетелдік компаниялардың акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға – бақылау құқығын бермейтін миноритарлық қатысуға, шетелдік заңи тұлғаларға қарыздар мен несиелер беруге жұмсау болып табылады.

Түрлі елдердің статистикасында шетелдік салымдарды тікелей инвестицияларға жатқызудың түрлі өлшемдері қолданылады, мыс., АҚШ-та бұл шет ел компаниялары акцияларының 10%-інен астамын сатып алу; Францияда – 20%-тен астамы, т.б. Тікелей және қоржындық инвестициялар таза валюталық оперциялармен байланысты қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысынан өзгеше түрде капиталдардың ұзақ мерзімді қозғалысына жатады. Сондай-ақ, жекелеген елдердің төлем баланстарында көрсетілетін капиталды жыл сайынғы (ағымдағы) шетке шығаруға және белгілі бір елдің капиталдың ағымдағы әкетілімі есебінен ғана емес, сонымен бірге шетелдік филиалдар пайдасының бір бөлігін кері инвестициялау және шетелдік филиалдардың жергілікті немесе халықар. капитал рыноктарындағы қызметін қаржыландыру үшін қаражатты бір-бірінен қарызға алу есебінен де құралатын (қорланатын) шетелдік инвестициялардың жалпы көлеміне бөлінеді. БҰҰ деректеріне қарағанда, 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында дүние жүзінде қорланған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы көл. 2,7 трл. АҚШ долл-ы, ал ағымдағы К. ш. ш. 1988 – 92 ж. 200 млрд. долл., 1995 ж. 315 млрд. долл. болды. Экономиканы жаїандандыру барысына байланысты шетелдік тікелей инвестициялардың өсу қарқыны дүниежүз. өндірістің өсу қарқынынан асып түседі. Капиталдардың халықар. жұмсалымы үрдісінде шетке шығарушылар (экспортшылар) мен шеттен әкелушілер (импортшылар) ретінде барған сайын көптеген елдер мен аймақтар қамтылуда, әйтсе де бұл үрдісте бұрынғыша дамыған елдер жетекшілік етуде, олардың үлесіне 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында тікелей инвестициялар нысанындағы капиталдың ағымдағы экспортының 85%-ы және ағымдағы импортының 65%-ы тиіп отыр. 270 мың шетелдік филиалдан тұратын торабы бар 39 мың ұлтаралық корпорация К. ш. ш-дың басты субъектісі болып табылады. Ұлтаралық корпорациялар арасында алғашқы жүздіктегі аса ірі корпорациялар жетекші рөл атқарады. 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында дүние жүзіндегі тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 1/3-і солардың үлесіне тиді. Капиталды тек жеке меншік банктер мен корпорациялар ғана шығарып қоймайды. Шет елде ұлттық мүдделерді орнықтырудың басты құралдарының бірі мемлекеттің К. ш. ш-ы. Мемл. капиталдың үлесі оның жалпы әкетілімінің 30%-ына жетеді.
С. Тоқсанбай
 
Бөлісу: