Театр архитектурасы

4 Желтоқсан 2012, 10:41

Театр архитектурасы – түрлі театр ойын-сауықтарын қоюға арналған ғимараттар мен құрылыстар. Біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда алғашқы төбесі ашық театр ғимараттары Ежелгі Грекияда бой көрсетті. Ежелгі театрлар орхестра (актерлер мен хордың өнер көрсетуіне арналған алаңша), скена (театр мүліктерін сақтау және актерлердің киім ауыстыруы үшін салынған қосымша құрылыс) және театрон (көрермендерге арналған орын) атты 3 бөліктен тұрды. Театр біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырға дейін ағаштан, кейіннен тастан салынды. Біздің заманымыздан бұрын 4 – 3 ғасырларда скена екі қабатты тік бұрышты үй жобасында тұрғызылды. Орхестра мен скена арасын сатылар мен пандустар байланыстырды. Скена декорациялар мен сахналық механизмдерді қоюға икемделіп жасалды. Қала халқын толық қамтуды көздеген грек театрларының көлемі (мысалы, Эфес театрына 23 мың адам сыятын болған, театронының диам. 152 метрдей, орхестраның диаметраның 31 м) өте үлкен болып келді. Грек ашық театрларының типтері біздің заманымыздан бұрын 1 ғасырда тастан салынған Ежелгі Рим театрларында (Римдегі Помпей театры, 17 мың орыннан астам) дами түсті. Алғашқы жаппалы театрды Помпейде (біздің заманымыздан бұрын 3 – 1 ғасырлар, 2 мың орын шамасында) римдіктер тұрғызды. Көне дәуірде қалыптасқан театр ғимаратының құрылысы өзінен кейінгі Театр архитектурасы дамуына да үлкен әсерін тигізіп отырды. Бастапқы ортағасырлық кезеңдегі литургиялық драмалар алғашында ғибадатханада, 14 – 16 ғасырларда қала көшелері мен алаңдарда көрсетілді. Театр құрылысын салу ісі Қайта өркендеу дәуірінде (16 ғасыр) алғаш Италияда, одан кейін оның соңын ала Еуропаның басқа елдерінде де етек алды. Трагедия, комедия және пасторалдық драманың даму сахнасы кең жаппалы театр салу қажеттілігін тудырды. 16 ғасырдың басында перспективалы сахналар пайда болды. Пармадағы Фарнезе театрында (1618, архитектор Джылы Б. Алеотти) алғаш рет ауыстырмалы жапқышты әрі перделі және порталды ауқымды сахна қолданылды. 17 ғасырдың 1-жартысында операның кең өріс алуына байланысты театр ғимаратында акустиканың жоғары болуы ескерілді. Архитектор К.Фонтана ложалы әрі бірнеше ярусты залы бар алғашқы театрды (“Тординона”, Рим, 1675) тұрғызды. Милан қаласындағы “Ла Скала” театры (1778, архитектор Джылы Пьермарини; 3 мың орынды) итальян үлгісіндегі театрдың озық үлгісінің бірінен саналады. 16 ғасырдың аяғында Англияда ежелгі төбесі ашық театр мен ортағасырлық алаң театры үлгісінің басын біріктірген театр ғимаратының жаңа бір түрі (Лондон қаласындағы “Глобус” театры, 1599) пайда болды. Өз дәуірінде кең етек алған архит. стильмен театр қашаннан салтанатты құрылыс ретінде қала орталығына салынып, колоннада, портик және монументті-сәндік мүсіндермен безендірілді. 18 – 19 ғасырларда Еуропа, Америка, Ресей театрлары негізінен итальян (Мәскеудің Yлкен театры, Санкт-Петербургтің академиялық драма театры) және франция театры үлгісінде (Останкинодағы усадьбалы театр) салынды. Театрлардың көбісі бағалы архитектуралық ескерткіш ретінде қала құрылысы ансамблінен көрнекті орын алды. 19 ғасырдың соңын ала театр жанрларының драмалық және музыкалық болып жіктелуі жаңа типтегі Театр архитектурасы-ның пайда болуына жағдай жасады. Жаңа типтегі алғашқы секторлы залды театр 1876 жылы Байрейт қаласында (Р.Вагнер опера театры, архитектор Брюквальд, Г.Земпер жобасы бойынша) ашылды. Осы үлгідегі театр 20 ғасырда кең өріс алды. Сахна өнерінің гүлденуі 20 ғасырдың басында спектакль жанрына орай жаңа үлгідегі (ашық сахналы) театр үйлерін (мысалы, Берлиннің Yлкен театры, 1919, архитектор Х.Пельциг) салуды қажет етті. ТМД елдерінде театр ғимараттарын салу сан алуан театр жанрларын қоюға ыңғайлы театр типтері жобаланғаннан (1930 жылдардың басында) кейін қолға алынды. 1935 жылдан театр құрылысы ісінде дөңгелек не секторлы залды әрі шымылдығы мен амфитеатры бар театр (Минск қаласындағы Беларусьтің Yлкен опера және балет театры, 1935 – 1937, архитектор И.Г. Лангбард; Новосибирск қаласындағы Опера және балет театры, 1931 – 45, архитектор А.З. Гринберг, Т.Я. Барт, т.б.) кең тарады. 20 ғасырдың 30-жылдарының орта шеніне дейін Театр архитектурасы конструктивизм (Дондағы Ростовтың М.Горький атындағы драма театры, 1930 – 1935, архитектор В.А. Щуко, В.Г. Гельфрейх) ықпалында болып, 1950 жылдардың 2-ширегіне шейін орыс және дүние жүзі архитектурасы мен ТМД елдері сәулет өнері жетістіктерін (мысалы, Ташкент қаласындағы Өзбектің опера және балет театры, 1938 – 1947, архитектор А.В. Щусев; Алматы қаласындағы Қазақтың мемл. академ. опера және балет театры, 1941, архитектор А.Круглов, Н.А. Простаков, Т.Бәсенов, т.б.) орынды пайдалану көзделді. Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрының құрылысында орыстың классик. архитектурасы мен ұлттық сәулет өнері ырғақтары өзара жарасымды үндестік тапты. Шаршы үлгіде салынған театр ғимаратының алғы бетінде шығыңқы орналасқан лоджия-портигі бар. Портиктің капительді 4 бағанасы, оның жоғары жағынан тартылған бедер-мүсін ғимаратқа әсемдік пен салтанатты сипат береді. Ғимараттың композиц. құрылымының өзегі 1170 орынды көрермендер залы болып саналады. Орыс мемл. академ. драма театрының ғимараты 1969 жылы (архитектор В.П. Давыденко, Г.П. Горлышков, т.б.) ірге көтерді. Құрастырмалы темір-бетоннан шаршы үлгіде салынған бұл ғимарат қабырға бедерінің өзіндік айшығымен, жер сілкінісіне төзімділігімен, жер бедеріне ұтымды орналасуымен ерекшеленеді. Көрермендер залы (717 орынды) бірыңғай амфитеатр түрінде шешім тапқан. Қазақтың мемл. академ. драма театрының жаңа ғимараты 1980 жылы (архитектор О.Баймырзаев, М.Жақсылықов, А.Қайнарбаев) салынды. Классикалық үлгінің қазіргі сәулет өнері тәсілімен үндесе отырып, ұлттық сипаттағы шешімі – ғимарат архитектурасының басты ерекшелігі болып табылады. 815 орынды үлкен және 250 орынды кіші залы бар. Негізгі көрермендер залының 3 қабат кеңістігімен ұласқан кең фойе орналасқан. Театр ғимаратының алдына 1981 жылы жазушы М.Әуезов ескерткіші (мүсіншісі Е.Сергебаев) орнатылды. Ғимаратты жобалаушы авторлар тобы 1983 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды. 1972 жылы Петропавл қаласында облысы орыс драма театрының (архитектор А.А. Козачинский) салынды. Театр ғимаратының фойесі 2 қабат кеңістікпен ұласқан, жобалық құрылымы тік төртбұрышты (3478 м) пошымда тұрғызылған. Күйдірілген кірпіштен қаланып, сырты өрнекті тақталармен қапталған. Негізгі үлкен залдан басқа, кіші және репетиц. залдармен жабдықталған. 1983 жылы Семей қаласында Абай атындағы алаңда қазіргі замандық сәулет өнерінің озық үлгілерін бойына жинақтаған қазақ муз.-драма театрының сәулетті ғимараты (архитектор В.Белоусов, А.Смирнов, т.б.) бой көтерді. Театр ғимараты құрылысынан ұлттық сәулет өнерінің дәстүрі анық байқалады. Сондай-ақ соңғы жылдары Орал, Қызылорда, Шымкент, Жетісай, т.б. қалаларда жаңа театр ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.

Бөлісу: