КАНСИ, Сюань Е (1654 – 1722) – Қытайда 1662 – 1722 ж. билік құрған император. Маньчжурлық Цинь әулетінен (1644 – 1911) шыққан екінші билеуші. Өз аты Сюань Е, ал К. “гүлденген және нұрлы” император деген мағынаны білдіреді. Ол Цинь империясын 61 жыл билеп, маньчжур ақсүйектерінің ең көрнекті өкілі болды. К. билік құрған кезде өкімет билігі тұрақтанып, экономика қалпына келтірілді. Ол артық халықты иесіз жерлерге қоныстандырып, тың жерлерді игертті, салық көлемін азайтты. Нәтижесінде а. ш. тез көтерілді. 1712 ж. К. кейбір реформалар жүргізді: халық санағын өткізіп, егістік жер көлемін есепке алды. Салық жүйесін ретке келтіруге тырысты. Сыртқы саясатта К. Цинь империясының территориялық жағынан кеңеюіне ерекше еңбек сіңірді. Император өз төңірегіндегі қызметкерлерден мемл. жұмысқа алынар алдында өз стратегиясын жасауды талап етті. “Кез келген қызметкер алдын ала өзінің іс-әрекетін тиянақты ойластырып, оған жоспар құрып алуы тиіс, сонда ғана ол өз қызметінде табысқа жете алады”, – деп жазды ол бір жарлығында. К-дің әскери жорықтарға арналған және дипломатиялық бағдарламалары ол билеген кезде Цинь империясын үлкен табыстарға жеткізді. Әсіресе, Жоңғар хандығымен, Ресей империясымен жүргізген саясаттары оның өте ұтқыр дипломат екендігін көрсетті. Цинь үкіметі соғыстар жүргізіп, мемлекет территориясын кеңейтіп қана қоймай, шет мемлекеттермен сауда-экон. байланыстарды да дамытты. К. тұсында Қытай тұңғыш рет шет елмен ресми дипломатиялық келісімге қол қойды. 1689 ж. Нерчинск келісімінде Қиыр шығыстағы Цинь империясы мен Ресей империясы арасындағы шекара және сауда мәселелері қаралды. Онда К. дипломатиясы жеңіске жетіп, Ресей жаңадан ие болған иеліктерінен – Амур жағалауындағы территорияларынан бас тартуға мәжбүр болды. Ресей ол жерлерді тек 150 жыл өткеннен кейін Айгунь келісімі (1858 ж.) негізінде ғана қайтарып алды. Жоңғар хандығымен ұзаққа созылған соғыстар нәтижесінде Қытай әскерлері Қшкі Моңғолия мен Халханы жоңғарлардан тартып алды. К. Қытай тарихы мен мәдениетін жақсы білді және Еуропаның ғыл. жетістіктерінен де хабардар болып отырды. Еур. мемлекеттердің ішкі-сыртқы жағдайын оған сарай төңірегінде жүрген миссионер-иезуиттер жеткізіп отырды. К. өлгеннен кейін (1722) Қытай елінде болған қобалжуларды пайдаланған Жоңғар хандығы 1723 ж. Қазақ хандығы жеріне басып кірді.
Н. Алдабек