Тарихи жанр

4 Желтоқсан 2012, 10:08

Тарихи жанр - бейнелеу өнерінің тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді, қоғам өміріндегі әлеуметтік мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған негізгі саласының бірі, Тарихи жанр, негізінен, өткен тарихқа бағытталғанымен де, кейде өз заманындағы күрделі өзгерістерді қамти алады. Тарихи картина, әсемдік жазба, қабырға өрнек, рельеф, жұмыр мүсін, қондырғылы графика Тарихи жанрдың басты түрлері саналады. Тарихи жанр - көбіне тұрмыстық жанр (тарихи-тұрмыстық суреттер), портрет (ертеден откен қайраткерлердің бейнесі, топтама портреттер мен тарихи композициялар), пейзаж ("тарихи пейзаж"), әсіресе баталия (соғыс) жанрымен тығыз байланысты болады. Тарихи жанр көбінесе тарихи ой-пікір мен саяси-әлеуметтік көзқарастың өрбуімен сабақтас, ал оның даму кезеңдері және қоғамға дейінгі әлеуметтік қақтығыстардың, таптық және ұлттық сана-сезімінің артуына, өнерге деген алдыңғы қатарлы қоғамдық идеялардың іске асырылуына тікелей байланысты. Тарихи жанр қазіргі түрінде 18 - 19 ғ-ларда ғана толық қалыптасқанымен, көптеген белгілері ежелгі өнер туындыларынан бой көрсетті. Ежелгі Египет пен Месопотамия өнерінде тарихи оқиғалар символиқалық композиция немесе жартылай аңызды шындыққа құрылған көріністер ретінде белгілі болды. Ежелгі Грекияда мифол. тақырыптармен қатар нақты бейнелерді кескіндеу (Атександр Македонскийдің Дариймен соғысы, б.з.б. 4 - 3 ғ.) қолға алынды. Қытайда Хань дәуірінде Үндістан, Индөнезия, Бирма, Камбоджада орта ғасырда, Әзірбайжан, Иран, Орта Азия миниатюраларында 15 16 ғ-ларда Тарихи жанр кең көрініс береді. Тарихи жанр Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде қалыптаса бастады. Италияда Андреа Мантенья, Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Тициан, Францияда Ж.Фуке, С.Мармион осы жанрда еңбек етті. 17 - 18 ғасырларда суретшілер Дж. Б.Тьеполо (Италия), Н.Пуссен (Франция), Д.Веласкес (Испания), П.П. Рубенс (Фландрия), Рембрандт (Голландия). Тарихи жанрдың қалыптасып өрбуіне ат салысты. Ресейде Тарихи жанр 18 ғасырлардың 1жартысынан (А.Ф. Зубов, И.Н. Никитин, Б.К. Растрелли) қалыптаса бастады. 18 ғасырлардың 2-жартысында төңкерісшіл классипизмнің басшысы Ж.Л. Давид шығармашылығы - Тарихи жанрдағы еңбектердің үздік үлгілерінің бірі. 19 ғасырда Тарихи жанрдың кескіндеме саласына Ф.Гойя (Испания), Т.Жерико, Э.Делакруа (Франция), Й.Манес (Чехия), К.Д. Розенталь (Румыния), Я.Матейко (Полыпа), М.Мункачи (Венгрия), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, Н.Н. Ге, И.Е. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, М.В. Нестров, В.А. Серов (Ресей), мүсін өнеріне М.М. Антокольский (Ресей), О.Роден (Франция), графика жанрына А.Н. Бенуа, К.А. Сомов, Е.Е. Лансере (Ресей) елеулі үлес қосты. 19 ғасырлардың аяғы мен 20 ғасырда төңкеріс, жұмысшылар мен шаруалар тақырыбы, фашизмге карсылық, озық саяси идеялар орыс (С.В. Иванов, В.Е. Маяковский), неміс О.Дикс, Ж.Грос), мексикан (Д.Ривера, Д.А. Сикейрос, Х.К. Ороско), итальян (Р.Гуттузо) суретшілер шығарм-ғынан кең орын алды. 20 ғасырда Тарихи жанрдың жанжақты гүлденуіне кескіндемешілер Б.М. Кустодиев, К.С. Петров-Водкин, К.Ф. Юон, А.А. Дейнека, Б.В. Иогансон, И.И. Бродский, А.М. Герасимов, И.Э. Грабарь, мүсіншілер И.Д. Шадр,Н.В. Томский.Е.В. Вучетич, график-суретшілер В.А. Фаворский. Е.А. Кибрик, Куқыникстер, т.б. ат салысты. Қазақ бейнелеу өнері тарихында Тарихи жанрдың негізін қалаушы - Ш. Уәлиханов. Қазан төңкерісінен кейін қазақ суретшілері (Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, Н.Нұрмүхамедов, т.б.), мүсіншілер (Х.Наурызбаев, Т.Досмағамбетов), график-суретшілері (М.Қисамединов, И.Исабаев) Тарихи жанр тақырыбына қалам тартты. Тарихи жанр патриотизмге тәрбиелеу, қоғам тарихындағы кайшылықтарды ашып көрсету, тарихи оптимизм мен гуманистік идеялардың салтанат құруына сендіру ісінде үлкен міндет атқарады.

Бөлісу: