Априори

4 Желтоқсан 2012, 10:05

Априори (латынша apriori – алдыңғыдан) – ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин. Априоридің қарсы мағынасы – апостериори. “Априориялық тұжырым”, “априорлы пайымдау” деген секілді ауызекі тілде айтылатын “Априори” ұғымы жорамал, негізсіз болжам мәнін білдіргенімен, философиялық тұрғыдан мұның жан-жақты талдауды қажет ететін өзіндік ғылыми сыр-сипаттары бар. Априорлық білім, априорлық таным — өмір тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғымды, түсінікті, мағлұматты білдіретін философиялық термин. Неміс философы И.Кант танымның қарама-қарсы екі жағы — таза (табиғи) таным және амал-әрекет арқылы келетін тәжірибелік таным болатынын атап көрсетеді. Канттың пайымдауынша, тәжірибелік таным адамда оның сезім мүшелері көмегімен қалыптасады да, таза таным — ақыл-ойдың жемісі болып табылады. Таза танымды (табиғи ақыл-ой арқылы жалпы және нақты ақиқат қағидаларды тану) Кант тәжірибелік танымнан жоғары қояды. Бірақ ол таным процесінің “ұйымдастырылу” тәсілін ғана “априорлық” деп есептейді. Кейін ол апостериорлық (тәжірибелік) таныммен толықтырылады деп білді. Декарт пен Лейбниц пікірлерінше ең терең таным өмірлік тәжірибеден тыс “жан қабілетінің” және оның құрамдас бөлігі — интеллектуалдық интуиция арқылы ашылады. Кантша А.б. таным-білімнің мазмұны емес, формасына қатысты ұғым. Ол сезім мен парасаттың априорлы формалары туралы түсінік бере отырып, осы тұжырымының мәнін ашады. Сезімнің априорлы формалары — уақыт және кеңістік. Ал парасаттың априорлы формалары субстанция, себептілік, қажеттілік секілді 12 категориядан тұрады. Өздігінше бұл категориялар мазмұнсыз, ойлау формасы ғана. Априорлы формалар ғыл. танымға қажетті жалпылама сипат беріп, апостериорлы мазмұнмен толықтырылады. Канттың бұл тұжырымдары, шынтуайтына келгенде, танымның екі түрін — априорлық және апостериорлықты бір-бірінен бөлек қарастыратындықтан ойлау жүйесінің бастау көздері мен формаларына қатысты мәселелерді дұрыс түсіндіре алған жоқ. Кейінірек априоризмнің өзі сынға алынды. Диалектикалық материализм таным белсенділігі мен оның әлеум. табиғаты туралы пайымдауларына байланысты априоризмді жоққа шығарды. Диалектикалық материализм бойынша, қандай түсінік болсын, ол шынайы болмыстың көрінісі болып табылады; бірақ ол таным субъектісіне тікелей емес, өмір тәжірибесі арқылы беріледі, сана бұл процесті жай қабылдап қана қоймайды, оларды творчестволықпен өңдейді. Демек нақты мағлұмат тікелей амалдар арқылы ғана емес, сонымен бірге өзге бір ұғым, түсінік, мағлұматтар арқылы да туындауы мүмкін. Мұнда априоризм белгілері байқалады. Бірақ оның апостериорлы қасиеті перспективалық сипатта ғана. Батыстың 20 ғ-дағы философиясы мен ғыл. әдістемелерінде априорлықтың функционалдық (немесе прагматикалық) тұжырымына қатысты шарттылық, конвенцияшылдық ұшырасады. Бұл жағдайда априорлық өзінің бастапқы практикаға тәуелсіз гносеолог. маңызын жоғалтады. А.б-нің көрнекті мысалы — Канттың бұлжымайтын императиві. Әдеб.: Карнап Р., Философские основания физики, пер. с анг. М., 1971; Кант И., Критика чистого разума М., 1994.  

Априори (латынша apriori – алдыңғыдан) – ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин. Априоридің қарсы мағынасы – апостериори. “Априориялық тұжырым”, “априорлы пайымдау” деген секілді ауызекі тілде айтылатын “Априори” ұғымы жорамал, негізсіз болжам мәнін білдіргенімен, философиялық тұрғыдан мұның жан-жақты талдауды қажет ететін өзіндік ғылыми сыр-сипаттары бар.

Априорлық білім, априорлық таным — өмір тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғымды, түсінікті, мағлұматты білдіретін философиялық термин. Неміс философы И.Кант танымның қарама-қарсы екі жағы — таза (табиғи) таным және амал-әрекет арқылы келетін тәжірибелік таным болатынын атап көрсетеді. Канттың пайымдауынша, тәжірибелік таным адамда оның сезім мүшелері көмегімен қалыптасады да, таза таным — ақыл-ойдың жемісі болып табылады. Таза танымды (табиғи ақыл-ой арқылы жалпы және нақты ақиқат қағидаларды тану) Кант тәжірибелік танымнан жоғары қояды. Бірақ ол таным процесінің “ұйымдастырылу” тәсілін ғана “априорлық” деп есептейді. Кейін ол апостериорлық (тәжірибелік) таныммен толықтырылады деп білді. Декарт пен Лейбниц пікірлерінше ең терең таным өмірлік тәжірибеден тыс “жан қабілетінің” және оның құрамдас бөлігі — интеллектуалдық интуиция арқылы ашылады. Кантша А.б. таным-білімнің мазмұны емес, формасына қатысты ұғым. Ол сезім мен парасаттың априорлы формалары туралы түсінік бере отырып, осы тұжырымының мәнін ашады. Сезімнің априорлы формалары — уақыт және кеңістік. Ал парасаттың априорлы формалары субстанция, себептілік, қажеттілік секілді 12 категориядан тұрады. Өздігінше бұл категориялар мазмұнсыз, ойлау формасы ғана. Априорлы формалар ғыл. танымға қажетті жалпылама сипат беріп, апостериорлы мазмұнмен толықтырылады. Канттың бұл тұжырымдары, шынтуайтына келгенде, танымның екі түрін — априорлық және апостериорлықты бір-бірінен бөлек қарастыратындықтан ойлау жүйесінің бастау көздері мен формаларына қатысты мәселелерді дұрыс түсіндіре алған жоқ. Кейінірек априоризмнің өзі сынға алынды. Диалектикалық материализм таным белсенділігі мен оның әлеум. табиғаты туралы пайымдауларына байланысты априоризмді жоққа шығарды. Диалектикалық материализм бойынша, қандай түсінік болсын, ол шынайы болмыстың көрінісі болып табылады; бірақ ол таным субъектісіне тікелей емес, өмір тәжірибесі арқылы беріледі, сана бұл процесті жай қабылдап қана қоймайды, оларды творчестволықпен өңдейді. Демек нақты мағлұмат тікелей амалдар арқылы ғана емес, сонымен бірге өзге бір ұғым, түсінік, мағлұматтар арқылы да туындауы мүмкін. Мұнда априоризм белгілері байқалады. Бірақ оның апостериорлы қасиеті перспективалық сипатта ғана. Батыстың 20 ғ-дағы философиясы мен ғыл. әдістемелерінде априорлықтың функционалдық (немесе прагматикалық) тұжырымына қатысты шарттылық, конвенцияшылдық ұшырасады. Бұл жағдайда априорлық өзінің бастапқы практикаға тәуелсіз гносеолог. маңызын жоғалтады. А.б-нің көрнекті мысалы — Канттың бұлжымайтын императиві. Әдеб.: Карнап Р., Философские основания физики, пер. с анг. М., 1971; Кант И., Критика чистого разума М., 1994.

 

Бөлісу: