Босану - екіқабат әйелдің ай-күні жеткен кезде босануы. Дәстүрлі қазақ ортасында әйел адамды босандыру ісін жете меңгерген ащол аналар, әдетте тіс қаққан тәжірибелі егде тартқан әйелдер атқарған.
Босанатын әйелдің уақыты келгенде ет жақын әйел туысқандары қол көмегін берген. Толғатқан әйелді екі жағынан демей отырып-тұруына көмектеседі. Әйелдің толғағы жиілегенін байқаған олар бақан алдырып керегеге мықтап тіреп, керегеден бақанга жалпақ бау байлаған. Кең таралған бұл тәсілдің атауы арқан керу деп аталады. Осындай қарбалас шақта ырымшыл аналар бақанның киіз үйге қалай кіргеніне де мән береді, егер бақан бас жағынан енгізілсе, дүниеге қыз бала, ал тұйық жағынан болса ұл бала келеді деп есептеген. Толғағы жеткен әйел босанарда тізерлеп тұрып керілген арқан, бауға асылады.
И.С. Колбасенко, А.Левшин, А.К. Белиловский сыпды XIX ғасырда зерттеушілері жазбаларында халықтық осындай мол тәжірбиенің арқасында қазақ әйелдерінің негізінен өлім-жітімсіз, аман-есен босанғандығы жайында айтылады. Соның ішінде И.С. Колбасенконың деректерінде қазақ әйелдерінің жатып толғатуы өте сирек болатындығы, негізінде екі тізерлеп, алға қарай сәл еңкейіп түрегеп тұрған қалпында босанатындығы, әбден шаршаса да түрегеп тұрып толғатып, нәресте жарыққа шығар кезде ғана тізесін бүгетіндігі айтылған. Сонымен қатар бірнеше peт қазақ әйелін босандырғанын және қазақ әйелін жатып босануға көндіре алмағандығын айтып кетеді. Себебі жатып босанса, «бала артқа қарай жылжып кетеді» деп есептеген дейді. Қарулы әйелдердің бірі тізерлеп отыра қалады да, толғағы қысқан әйелді қаусырып қушақтап белін басады. Кей жерлерде әйелдің толғағы басталғанын сезген отағасы бақсы шақыртып, толғақты жеңілдетуге көмек сұраған.
Толғақ басталысымен әйелдің жеңіл босануы үшін түрлі ырымдар жасалынған. Бұл ырымдар көбінесе жасалынып жатқан іс-әрекеттің магиялық құдіретіне сенуден туған. Мәселен, пышақты қайрап тамақ дайындау, жарысқазан, толғатқан әйелдің шашын тарқату, үйдегі теңдердің бауын шешіп босату, әбдіре, кебежелердің аузын ашу деген сияқты. Сондай-ақ арша тұтатып аластау, күкірт түтету сияқты әрекеттер толғатқан әйелден әртүрлі жын-шайтан, албастылар аулақ болсын деген ырыммен жасалынады.
Қазақ отбасында аяғы ауыр әйелдер босану кезінде жеңілдігі болады деген ниетпен молдаларға дуғалық оқытып, оны тумаршаның ішіне салып, мойнына немесе өңірінің ішкі көрінбейтін жағына тағып алады. Кейде тұздан ішірткі жасатып, мойнына тағып жүреді. Толғағы әбден піссе де, әйел қиналғандай жағдай болса, әлгі тумаршадағы тұзды ерітіп ішсе, әйел жеңіл босанады деп сенген.
Әйел толғатып жатқан үйге сол мезетте кіріп келген қыз баланың көйлегінің етегін сәл жыртады. Бала теріс келген жағдайда толғақ қысқан әйелді «оң ба, теріс пе» деп сырмаққа салып алып, қарулы жігіттер арлы-берлі шайқайды. Әйел босандыруға машықтанған әйел өзінің арнайы табағын әйелдің ішіне төңкеріп, бала дұрыс келсін деп табақты оңға қарай бұрап «дұрыстайды». Баланың жолдасы түспей жатса, босандырған әйел есіктен төрге ерсілі-қарсылы жүріп, «түстіме, түстіме» деп келсаппен жерді түйгіштеген.
Қазақ арасында әйел толғағы қатты ұстап, босана алмай қиналғанда жылқымен емдейтін бақсылар сол ауылдың айғыры немесе бір атын алдырып, ем жасаған. Ол туралы Ә. Төлеубаев зерттеуінде былай деп жазады. «Әкелінетін жылқы міндетті түрде нысаналы, айтулы айғыр болуы қажет. Ақ жал, шағыр көз, жал-құйрығы төгілген айғырлар жарамды деп есептелінеді. Емдеу шаралары бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үй сыртынан дүбірлетіп шауып өтеді, одан соң жылқыны үйдің белдеуіне, мама ағашқа байлайды, ақырында үйге кіргізіп, толғата алмай жатқан әйелге жақындатып, жылқының тұмсығын әйелдің көкірегіне тигізеді; айғырды үйден шығарғанда бір жігіт әйелді алдына отырғызып алып, атпен шапқан».
Көш кезінде жолай босанар болса, түйелерді айналдыра шөгеріп, үстін киізбен жауып жылылап, босандыруға жағдай жасайды. Нәрестенің кіндігін кесіп болғаннан кейін, баланың жолдасы жоғалып кетпесін деп кіндікті әйелдің аяғына байлап тастайды. Қазақы ортада бала шыр етіп дүниеге келген бойда бірінші болып баланы кім алып, бауырына басса, баланың мінезі сол адамға тартады деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан бала дүниеге келгеннен соң бірінші жөргекке орап алуды бірнеше құрсаө көтерген, елге сыйлы, мінезі жайлы, көп жасаған әйелге тапсырады.
Әйел толғағы ауыр болған жағдайда қойдың кесек майын отқа тастап, май жанып жатқанда Жаратқанға «әйелдің толғағы жеңіл болсын» деп жалбарынады. Егер босанған әйел есінен танып қалған жағдайда таяқпен киіз үйді ұрғылайды. Егер одан ештеңе өзгермесе әйелдің бойына кіріп кеткен албастыны шығарамыз деп бірнеше рет әйелді ұрып жібереді. Одан болмаса жылқы ішінен көзі шегір жылқыны таңдап алып, киіз үйдің есігінен басын кіргізіп, босанып жатқан әйелді иіскетіп, «қаскөй күштерді үркіткен».
Босану қиындап, әйел қиналса бақсы шақырып, дұға оқытады. Бураның қураған бас сүйегіне ақтық байлап, төрге іледі. Кейде бақсы босанатын әйелдің ішін тізесімен тіреп, құлағының жанына жақын келіп қобыз ойнайды. Қобыз сарынына балқып, әйелдің тез босанған сәттері де болған. Осыған қарай кейбір қариялар баланың болашақта кім болатынын да болжаған. Әуенге елтіп туған бала болашақта әнші немесе күйші болады деп есептеген.
Босанған әйел - туып, қол-аяғы жеңілдеген әйел. Әйел босанған соң оның ішін дәкемен қатты тартып таңып, жылы жауып жатқызады. «Босанған әйел жас нәрестедей пәк» болады деп санайтын тәжірибесі мол аналар жын-шайтан жоламасын деген ниетпен оның бас жағына Құран, пышақ қойып, мүмкіндігінше босанған әйелді жалғыз қалдырмай үнемі қасында болады. Босанған әйел ерекше бағым-күтімде болады. Қалжаға кой сойып, сорпалап, әл-қуатын көтеретін күшті тағамдар береді. Егер босанатын әйелдің отбасы ауқатты болса, әлгіндей көмек көрсеткен әйелдерге үлкен сыйлық тарту етеді.
Босанған әйелге қатысты ырым-тыйымдар
Бір ауылда қарайлас босанған әйелдерге балалары қырқынан шықпайынша бірін-бірі көруге тыйым салған. Сыртынан болса да біреуі көрініп қалса, соның баласына «шілде қотыр» шығады деп ырымдайды. Қырқынан шығарған соң, «көттестіру» немесе «көтендестіру» деп аталатын жосын атқарылғанан кейін бір-бірімен бет көрісуіне болады. Босанғай әйелдің абысындары, жақын туыстары мен көрші-қолаң үйіне арнайы дәмге шақырмайынша өз бетімен баруына болмайды. Шақырусыз барса, сол үйге тышқан қаптап кетеді деп ырымдайды. Бұл жерде дәмнің, тағамның қарым-қатынастарды реттеушілік қызмет атқаратынын аңғаруға болады.