XIX — XX ғасырдағы қазақ оқу орындар

4 Желтоқсан 2012, 09:44

    Медреселер Практикалық қызмет нәтижесінде «Ғалия» медресесінің шәкірттері қазақ балаларына арнап «Әліппе немесе женілдетілген оқыту» құралын шығарды.1913 жылдың қаңтарында «Қазақ» газетінде «Ғалия» медресесінің қазақ оқушыларының хаты жарияланды, онда олардың өз қаражатымен кітаптар шығарғаны және тілек білдірушілердің оларды «Қазақ» газетінің баспасынан сатып алуына болатыны атап өтілген. М. Дулатов отандастарын, білімді және дәулетті адамдарды өзі өмір сүрген уақыт ішінде көптеген қазақ жастарына білім берген «Ғалия» медресесіне материалдық көмек көрсетуге шақырды. «Хусаиния» медресесінін қазақ шәкірттері оқытушылардың қатысуымен «Қазақ тілін үйрену жөніндегі қоғам» құрды, оның мақсаты қазақ әдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен кітаптар құрастыру, болашақта қазақ тілінде газеттер шығаруға жәрдемдесу болатын. Патша өкіметі мұндай оқу орындарын орыс мемлекетінің жауы деп бағалады және олардың түркі тілдес халықтарға ықпалын шектеуге бар күшін салып ұмтылды. Ішкі істер министрі облыс губернаторына 1911 жылғы 12 желтоқсандағы құпия хатында былай деп атап өтті: «Ресейдегі кейбір мұсылман діни-оқу орындары, мысалы, Қазан қаласындағы жаңа әдістемелі Галеев медресесі, Орынбордағы Хусаинов медресесі және Уфа қаласындағы Ғалия медресесі, тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, осы училищелерде қалыптасқан жалпы бағыттың арқасында жеткілікті дәрежеде сенімді деп санауға болмайтын молдалар оқытып шығаратынына Сіздің назарыңызды аудару қажет деп есептеймін». Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен түсіндіруге болады. Қалалық училищелер, орта мектептер XIX ғасырдың екінші жартысында дамып келе жатқан капиталистік шаруашылық жағдайында Халық ағарту министрлігінің бастауыш орыс-қазақ және орыс мектептері елдің шаруашылык өмірінің қажеттерін қанағаттандыра ал- мады. Ел өмірінде йеғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта мектептер (гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады. Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Олкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ окушыларына арналған интернаттар ашылды, олардын мақсаты тәрбиеленушілерді отырықшы орыс адамының тұрмысы мен өмір салтына және орыс тілін неғұрлым ойдағыдай оқуға үйрету еді. Алайда орыс өкімет орындарының қатты өкінішіне қарай, мұндай интернаттар үмітті ақтамады. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты — көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай, отаршыл әкімшіліктін қажеттері мен талап-тілектеріне бейімделді. Орыс өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезенінде Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға жібермеу ниеті ұлттық сана-сезімнін өсуінен, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді. Орыс оқу орындары Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғаның ұмытуға болмайды. Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.141 Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тэукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды. «Этнография бөліміне енбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашқы мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын. Қазақтар оқыған оқу орындарынын бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардың ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде оқыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының кабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды.   

 

 
Медреселер
Практикалық қызмет нәтижесінде «Ғалия» медресесінің шәкірттері қазақ балаларына арнап «Әліппе немесе женілдетілген оқыту» құралын шығарды.1913 жылдың қаңтарында «Қазақ» газетінде «Ғалия» медресесінің қазақ оқушыларының хаты жарияланды, онда олардың өз қаражатымен кітаптар шығарғаны және тілек білдірушілердің оларды «Қазақ» газетінің баспасынан сатып алуына болатыны атап өтілген. М. Дулатов отандастарын, білімді және дәулетті адамдарды өзі өмір сүрген уақыт ішінде көптеген қазақ жастарына білім берген «Ғалия» медресесіне материалдық көмек көрсетуге шақырды. «Хусаиния» медресесінін қазақ шәкірттері оқытушылардың қатысуымен «Қазақ тілін үйрену жөніндегі қоғам» құрды, оның мақсаты қазақ әдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен кітаптар құрастыру, болашақта қазақ тілінде газеттер шығаруға жәрдемдесу болатын. Патша өкіметі мұндай оқу орындарын орыс мемлекетінің жауы деп бағалады және олардың түркі тілдес халықтарға ықпалын шектеуге бар күшін салып ұмтылды. Ішкі істер министрі облыс губернаторына 1911 жылғы 12 желтоқсандағы құпия хатында былай деп атап өтті: «Ресейдегі кейбір мұсылман діни-оқу орындары, мысалы, Қазан қаласындағы жаңа әдістемелі Галеев медресесі, Орынбордағы Хусаинов медресесі және Уфа қаласындағы Ғалия медресесі, тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, осы училищелерде қалыптасқан жалпы бағыттың арқасында жеткілікті дәрежеде сенімді деп санауға болмайтын молдалар оқытып шығаратынына Сіздің назарыңызды аудару қажет деп есептеймін». Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен түсіндіруге болады.
Қалалық училищелер, орта мектептер
XIX ғасырдың екінші жартысында дамып келе жатқан капиталистік шаруашылық жағдайында Халық ағарту министрлігінің бастауыш орыс-қазақ және орыс мектептері елдің шаруашылык өмірінің қажеттерін қанағаттандыра ал- мады. Ел өмірінде йеғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта мектептер (гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады. Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Олкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ окушыларына арналған интернаттар ашылды, олардын мақсаты тәрбиеленушілерді отырықшы орыс адамының тұрмысы мен өмір салтына және орыс тілін неғұрлым ойдағыдай оқуға үйрету еді. Алайда орыс өкімет орындарының қатты өкінішіне қарай, мұндай интернаттар үмітті ақтамады. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты — көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай, отаршыл әкімшіліктін қажеттері мен талап-тілектеріне бейімделді. Орыс өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезенінде Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға жібермеу ниеті ұлттық сана-сезімнін өсуінен, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді.
Орыс оқу орындары
Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғаның ұмытуға болмайды. Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.141 Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тэукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды. «Этнография бөліміне енбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашқы мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын. Қазақтар оқыған оқу орындарынын бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардың ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде оқыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының кабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды. 
 
Бөлісу: