Әз-Жәнібек хан

4 Желтоқсан 2012, 09:31

  Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит) (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы] билік Орыс ханның тұқымдары — Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. 15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған. Өмір сүрген кезеңі Астрахандағы ақ сарайында отырып Әз-Жәнібек хан бірде өзінің кемеңгер ақылшысы Асан қайғыдан: - Дүниеде ашуланбайтын, өкпелемейтін, әйелді қызғанбайтын, қорықпайтын, өзі мырза адам барма екен? - деп сұрапты. Асан кайғы: - Бар, хан ием. Осы, қасиеттердің бәрі біздің Абаттан табылатын шығар, - деп жауап қатыпты. Абат - Асан қайғының жалғыз ұлы. Қадір-қасиетімен халыққа жаққан, сегіз қырлы, бір сырлы, шіркін Асанның ұлындай дегізіп, елді тамсандырған, жасы отыздарға шыққан жігіт екен. - Мұндай қасиеттердің бәрі бір адамның басына қалай сияды? - деп таң қалған Әз Жәнібек хан Абатты сынамақ болады. Бір күні жорыққа кеткенде хан әйелінің қасына бір құлды әкеп салады. Таң елең-алаңда жорықтан қайтқан Абат әйелінің қойнында жатқан құлды көреді. Қара құлдың қолы әйелінің мойнына асылып, басының астында қалыпты. - Ердің қолы ұрғашының мойнының астында жатпауы керек, әйтсе ердің күші қайтады, - деп құлының қолын алып, әйелінің үстіне салады да, өзі көрші бөлмеге барып, төсек-орнын жайғап тынығуға кіріседі. Бұл - бір. Әз Жәнібек жайлауға шығып, ата-бабаларын еске алып, ұлан-асыр той жасайды, шүлен таратады. Тойдың соңына келген Абатқа хан ішек-қарын бергізіпті. Сонда Абат еш өкпелеместен ханға тойың құтты болсын деп, жүре берген екен. Бұл - екі. Тағы бір түнде жолаушылап келе жатқан Абатты ханның көп қарақшылары қамайды. Абат қоркып-сасып қашпайды, қасқиып ортада тұрады. Бұл - үш. Абаттың барлық сыннан мүдірмей өткеніне көзі жеткен хан ордасына шақырып, қонақ қылып: - Осы қасиеттерді қайдан алдың, қалай бойыңа дарыттын, нендей сыры бар еді? - деп сұрапты. Алдымен: - Әйелді неге қызғанбайсың, осының себебі не? - деп сұрақ қояды хан. - Хан ием, бір жортуылда қырық жігітпен жортуылдап жүріп жау жақтың екі қызын қолға түсірдік, - деп бастайды әңгімесін Абат. - Сол екі қызды алып келе жатып, түн болғанда әскер екіге жарылып, бір жағы жиырма болып, екіншісі жиырма бір болып ұйықтап дем алады. Екі қыз екі жаққа бөлініп жатты. Ертеңіне қыздар бір-бірімен келісе алмай ұрсысып жатыр екен. Сөздеріне құлақ түрсем біреуі екіншісіне: " Сенің үстем сөйлеп тұрғаның, бір байыңның артықтығы", - дейді. Содан кейін-ақ бұл әйел затына дауа жоқ екен ғой, - деп әйелді қызғанбайтынды содан алдым, - дейді Абат. - Қорықпайтынды неден таптың? - дейді хан. - Қырық кісі нөкер алып, аңға шықтым. Бәрі мерген, бәрі атқыш. Шапқылап келе жатқанда, ортамыздан тұра қашқан бір қоянды қоршап тұра қалдық. Бұта түбіне жасырынған қоянды садақтарымызды сайлап біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Сол мезетте қоян қоршап тұрған жігіттердің біреуінін үстінен ата жөнелді. Бәрі атып жатты, сол қоянға не бір құралайды көзге атқан мергендердің оғы дарымады. Өлім мен өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ажал немесе жасанған жаудан қорқуға болмайды. Қорықпайтынды, батырлықты қоркақ қояннан үйрендім, - деп жауап беріпті оған Абат. - Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды қайдан алдың? - деп сұрайды Әз Жәнібек. - Қырық күн жорықта жүргенде, қырық асымның барлығын шешем сақтап қоющы еді, тек бір күнгі тамағымды ғана сақтамаған екен. Қырық күндік асты бәрібір тауыса алмаймын ғой, сондықтан бір күнгі асымды сұрамадым. - Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды содан алдым, - деп жауап беріпті Абат. Абаттың бүкіл еліндегі жарлы-жақыбайларға көмектесетін, тапқан-таянғанын халқына таратып беретін жомарттығын естіген хан оны бұл жолы сынамай: - Неліктен мырза болдың? - деп қана сұрайды. - Мен жаһанды көп кеземін, талай жерді араладым, сөйтіп жүріп бейіт- молалардың үстінен шығамын, басына қонып та қаламын. Сонда бір кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып қурап жатады. Осыны көріп бай болсаң да, өліп осылай сүйегіміз құрайды екен ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал, ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса тіршілікте бай болып, мал жинамай-ақ, сараң болып атағың шықпай-ақ, ел қатарында күн көруге болады деп ойлаймын. Әз Жөнібек Абаттың сөзіне риза болып, өзінің сарай кеңесшісі етіп алыпты. Абат туралы аңыздардың қайсысын алып қарасаңыз да халықтық, елдік тұрғыдан ойлайтын қайраткер, әкесі Асанқайғының ізін жалғастырып, халқын бақытты етпекші болып жерұйық іздеуші ретінде көрінеді. Абат жайындағы тарихи аңыздардың барлығы да - қазақ сәулет өнерінің тамаша белгісі ортағасырлық Абат-Байтақ кесенесіне келіп тіреледі. Бұл ғимарат - тек сәулет өнерінің ғана інжу-маржаны емес, келешек ұрпаққа ғибратнамалық философиялык ой салатын тастағы дастандай үлкен мәдениет жәдігері екенін көрсетеді. Ескерткіш Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Талдысай мекенінің оңтүстігіндегі Бесқопа жазығында. Аңыз бойынша мавзолейде жерұйыкты іздеп жүріп қаза болған Абат пен әйелі коса жерленген. Жалғыз ұлының қазасы Асанға орны толмас қайғы әкеледі. Ұлының өлген жеріне мәңгілік ескерткіш орнату үшін халқына бір күнде зәулім ғимрат салуға жарлық етеді. Асанның шешімі бойынша әрбір түтін бір кірпіштен әкеледі. Сөйтіп Абаттың кесенесін бүкіл халық болып бір күнде салып бітіреді. Ғимратты бүкіл халық, байтақ ел болып жұмыла кірісіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдасып, бірігіп тұрғызғандықтан Абат атына Байтақ сөзі жалғанған деп түсіндіреді көріқүлақ қариялар  

 

Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит) (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.

1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.

Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы] билік Орыс ханның тұқымдары — Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.

15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.

Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.

Өмір сүрген кезеңі

Астрахандағы ақ сарайында отырып Әз-Жәнібек хан бірде өзінің кемеңгер ақылшысы Асан қайғыдан:

- Дүниеде ашуланбайтын, өкпелемейтін, әйелді қызғанбайтын, қорықпайтын, өзі мырза адам барма екен? - деп сұрапты.

Асан кайғы:

- Бар, хан ием. Осы, қасиеттердің бәрі біздің Абаттан табылатын шығар, - деп жауап қатыпты.
Абат - Асан қайғының жалғыз ұлы. Қадір-қасиетімен халыққа жаққан, сегіз қырлы, бір сырлы, шіркін Асанның ұлындай дегізіп, елді тамсандырған, жасы отыздарға шыққан жігіт екен.
- Мұндай қасиеттердің бәрі бір адамның басына қалай сияды? - деп таң қалған Әз Жәнібек хан Абатты сынамақ болады.

Бір күні жорыққа кеткенде хан әйелінің қасына бір құлды әкеп салады. Таң елең-алаңда жорықтан қайтқан Абат әйелінің қойнында жатқан құлды көреді. Қара құлдың қолы әйелінің мойнына асылып, басының астында қалыпты.

- Ердің қолы ұрғашының мойнының астында жатпауы керек, әйтсе ердің күші қайтады, - деп құлының қолын алып, әйелінің үстіне салады да, өзі көрші бөлмеге барып, төсек-орнын жайғап тынығуға кіріседі. Бұл - бір.
Әз Жәнібек жайлауға шығып, ата-бабаларын еске алып, ұлан-асыр той жасайды, шүлен таратады. Тойдың соңына келген Абатқа хан ішек-қарын бергізіпті. Сонда Абат еш өкпелеместен ханға тойың құтты болсын деп, жүре берген екен. Бұл - екі.
Тағы бір түнде жолаушылап келе жатқан Абатты ханның көп қарақшылары қамайды. Абат қоркып-сасып қашпайды, қасқиып ортада тұрады. Бұл - үш.

Абаттың барлық сыннан мүдірмей өткеніне көзі жеткен хан ордасына шақырып, қонақ қылып:

- Осы қасиеттерді қайдан алдың, қалай бойыңа дарыттын, нендей сыры бар еді? - деп сұрапты.
Алдымен:
- Әйелді неге қызғанбайсың, осының себебі не? - деп сұрақ қояды хан.
- Хан ием, бір жортуылда қырық жігітпен жортуылдап жүріп жау жақтың екі қызын қолға түсірдік, - деп бастайды әңгімесін Абат. - Сол екі қызды алып келе жатып, түн болғанда әскер екіге жарылып, бір жағы жиырма болып, екіншісі жиырма бір болып ұйықтап дем алады. Екі қыз екі жаққа бөлініп жатты. Ертеңіне қыздар бір-бірімен келісе алмай ұрсысып жатыр екен. Сөздеріне құлақ түрсем біреуі екіншісіне: " Сенің үстем сөйлеп тұрғаның, бір байыңның артықтығы", - дейді.
Содан кейін-ақ бұл әйел затына дауа жоқ екен ғой, - деп әйелді қызғанбайтынды содан алдым, - дейді Абат.
- Қорықпайтынды неден таптың? - дейді хан.
- Қырық кісі нөкер алып, аңға шықтым. Бәрі мерген, бәрі атқыш. Шапқылап келе жатқанда, ортамыздан тұра қашқан бір қоянды қоршап тұра қалдық. Бұта түбіне жасырынған қоянды садақтарымызды сайлап біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Сол мезетте қоян қоршап тұрған жігіттердің біреуінін үстінен ата жөнелді. Бәрі атып жатты, сол қоянға не бір құралайды көзге атқан мергендердің оғы дарымады. Өлім мен өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ажал немесе жасанған жаудан қорқуға болмайды. Қорықпайтынды, батырлықты қоркақ қояннан үйрендім, - деп жауап беріпті оған Абат.
- Өкпелемейтінді, ашуланбайтынды қайдан алдың? - деп сұрайды Әз Жәнібек.
- Қырық күн жорықта жүргенде, қырық асымның барлығын шешем сақтап қоющы еді, тек бір күнгі тамағымды ғана сақтамаған екен. Қырық күндік асты бәрібір тауыса алмаймын ғой, сондықтан бір күнгі асымды сұрамадым. - Өкпелемейтінді,
ашуланбайтынды содан алдым, - деп жауап беріпті Абат.

Абаттың бүкіл еліндегі жарлы-жақыбайларға көмектесетін, тапқан-таянғанын халқына таратып беретін жомарттығын естіген хан оны бұл жолы сынамай:

- Неліктен мырза болдың? - деп қана сұрайды.
- Мен жаһанды көп кеземін, талай жерді араладым, сөйтіп жүріп бейіт- молалардың үстінен шығамын, басына қонып та
қаламын. Сонда бір кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып қурап жатады. Осыны көріп бай болсаң да, өліп осылай сүйегіміз құрайды екен ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал, ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса тіршілікте бай болып, мал жинамай-ақ, сараң болып атағың шықпай-ақ, ел қатарында күн көруге болады деп
ойлаймын.

Әз Жөнібек Абаттың сөзіне риза болып, өзінің сарай кеңесшісі етіп алыпты. Абат туралы аңыздардың қайсысын алып қарасаңыз да халықтық, елдік тұрғыдан ойлайтын қайраткер, әкесі Асанқайғының ізін жалғастырып, халқын бақытты етпекші болып жерұйық іздеуші ретінде көрінеді. Абат жайындағы тарихи аңыздардың барлығы да - қазақ сәулет өнерінің тамаша белгісі ортағасырлық Абат-Байтақ кесенесіне келіп тіреледі. Бұл ғимарат - тек сәулет өнерінің ғана інжу-маржаны емес, келешек ұрпаққа ғибратнамалық философиялык ой салатын тастағы дастандай үлкен мәдениет жәдігері екенін көрсетеді. Ескерткіш Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Талдысай мекенінің оңтүстігіндегі Бесқопа жазығында. Аңыз бойынша мавзолейде жерұйыкты іздеп жүріп қаза болған Абат пен әйелі коса жерленген. Жалғыз ұлының қазасы Асанға орны толмас қайғы әкеледі. Ұлының өлген жеріне мәңгілік ескерткіш орнату үшін халқына бір күнде зәулім ғимрат салуға жарлық етеді. Асанның шешімі бойынша әрбір түтін бір кірпіштен әкеледі. Сөйтіп Абаттың кесенесін бүкіл халық болып бір күнде салып бітіреді. Ғимратты бүкіл халық, байтақ ел болып жұмыла кірісіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдасып, бірігіп тұрғызғандықтан Абат атына Байтақ сөзі жалғанған деп түсіндіреді көріқүлақ қариялар

 

Бөлісу: