Анар

4 Желтоқсан 2012, 09:22

  Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. Биіктігі 3—5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (внгнтативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80—90% су, 8—12% қант, 0.5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4% көмірсу, С, B дәрумендері болады. Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады.Оңтүстік Қазақстанда Анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазаке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. Анар шырыны — бағалы және диеталық тағам. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайна тылғын шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатыл қойыр тылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ кухнясына тән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдалануға болмайды. Өсімдік туралы Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді өсімдік. Кейбір деректер бойынша отаны – Парсы елі болып саналады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Қазіргі кезде мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. Иран, Ауғанстан, Крым, Югославия, Италия, Испания, Португалия, Франция, Армения, Азербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінде анар өсіру өндіріске қойылған. Сондай-ақ, анар Қазақстанның жылы аймақтарында да кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қызыл анар т.б. сұрыптары өсіріледі. Анар ағашының биіктігі 5-6 м. Бұтақтары тікенекті. Жапырағы жылтыр, гүлі түтікшелі келген сары-қызыл түсті. Жемісінің пішіні домалақ, қабығы қатты, түсі сары түстен қызғылтқа дейін құбылмалы. Салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, шырынды, көп тұқымды. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке «қоршаулар» арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз келеді. Анар жемісі қантқа, таннинге, С дәруменіне, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрийге микроэлементтеріне бай. Жемістің құрамындағы заттар адам ағзасына өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Сонымен қатар анар қабығынан таспа құрт түсіретін дәрі дайындайды. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Қолданылуы Анар тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг, кейбір сұрыптары 50-60 кг-ға дейін жеміс береді. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Анар ағашының кейбір түрлері 300 жылға дейін өмір сүреді.

 

Анар — анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік.

Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі.

Биіктігі 3—5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Бақта қатар аралығы 4 × 2 м немесе 4 × 3 м етіп отырғызылады. Отырғызылғаннан кейін 3—4 жылда жеміс бере бастайды. Анар тұқымынан және өсімді (внгнтативті) тәсілмен, ал қолда отырғызылатын сорттары, көбінесе, сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. Орта есеппен әр ағаштан 25—30 кг өнім алынады. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8—10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Жемісінің шырынында 80—90% су, 8—12% қант, 0.5—5 % түрлі қышқылдар, 3—4% көмірсу, С, B дәрумендері болады.

Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады.Оңтүстік Қазақстанда Анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазаке анар, Қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі.

Анар шырыны — бағалы және диеталық тағам. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайна тылғын шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатыл қойыр тылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ кухнясына тән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдалануға болмайды.

Өсімдік туралы

Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді өсімдік. Кейбір деректер бойынша отаны – Парсы елі болып саналады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Қазіргі кезде мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. Иран, Ауғанстан, Крым, Югославия, Италия, Испания, Португалия, Франция, Армения, Азербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінде анар өсіру өндіріске қойылған. Сондай-ақ, анар Қазақстанның жылы аймақтарында да кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қызыл анар т.б. сұрыптары өсіріледі. Анар ағашының биіктігі 5-6 м. Бұтақтары тікенекті. Жапырағы жылтыр, гүлі түтікшелі келген сары-қызыл түсті. Жемісінің пішіні домалақ, қабығы қатты, түсі сары түстен қызғылтқа дейін құбылмалы. Салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, шырынды, көп тұқымды. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке «қоршаулар» арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз келеді. Анар жемісі қантқа, таннинге, С дәруменіне, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрийге микроэлементтеріне бай. Жемістің құрамындағы заттар адам ағзасына өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Сонымен қатар анар қабығынан таспа құрт түсіретін дәрі дайындайды. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Қолданылуы

Анар тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг, кейбір сұрыптары 50-60 кг-ға дейін жеміс береді. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Анар ағашының кейбір түрлері 300 жылға дейін өмір сүреді.

Бөлісу: