Минералогия

4 Желтоқсан 2012, 09:18

Минералогия (грек. минерал және логос – ғылым) минералдардың құрамын, қасиетін, пайда болуын зерттейтін ғылым. М-ның басты мақсаты минералдық шикізат кендерін іздеу, барлау, бағалау, байытудың ғыл. негізін анықтау, оларды халық ш-на ендіру жолдарын зерттеу. М. терминін ғылымға 1636 ж. итальян ғалымы Бернард Цезий енгізген. М-дағы жаңа әдістер мен жалпылама теорияларда Ресей ғалымдары В.В. Докучаев, А.Е. Ферсман, В.И. Вернадский, Е.С. Федоров (1853 – 1919), т.б. көп еңбек сіңірді. Қазіргі М-ның дамуына Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен Дж.У. Гиббстің (1839 – 1903) фазалар ережесі үлкен ықпал тигізді. М-дан 19 ғ-да кристаллография мен петрография, 20 ғ-дың басында минералды шикізат туралы ілім – геохимия, кейінірек кристаллохимия бөлінді. М-ны қамтитын көптеген деректер, минералдардың күрделі және түрленген қасиеттері, сонымен қатар оларды зерттеу әдістері мен бағыттарының дамуы, геол. барлау жұмыстары мен халық ш-ның сұраныстары М. саласында көптеген бағыттардың пайда болуына әсер етті. Минералдарды сипаттау М-сы нақты материалдарды анықтау, жинақтау, дәлелдеу, жүйелеу, зерттеу және минералдарды түрлі қасиеттеріне сәйкес жіктеу, физ. қасиеттері мен хим. құрамының өзгешеліктерін зерттеу, т.б. ізденіс жұмыстарын іске асырады. Генетикалық М. бағыты минерал мен минералдық ассоциациялардың түзілуін, олардың түрлі заңдылықтарын, минералдар пайда болуының физ.-хим. параметрлерін анықтайды, минералдардың типоморфизм, онтогения, т.б. генетик. анықтамаларын зерттейді. Эксперименттік М. табиғи процестердің үлгісін жасауды және табиғатта минералдардың пайда болу жағдайларын түсіндіру үшін физ.-хим. жүйелерді зерттейді. Бұл бағытта минералдар синтезі (алмас, пьезокварц, флюорит, гранат, корунд, т.б.) техникада кеңінен қолданылады. Қолданбалы және техника-экономикалық М. минералдардың жаңа түрлерін өндірісте пайдалануға бағытталған мәселелермен шұғылданады. Сондай-ақ минералдық шикізатты кешенді пайдалануға, одан алынатын пайдалы құраушылардың шамасын жоғарылатуға бағытталған М-лық зерттеу; кеннің технол. сорттарының шектерін белгілеу үшін М-лық карта жасау, минералдардың технол. қасиеттерінің, олардың құрамына, құрылымына байланыстылығын анықтау; кеннің байытылған түрін, байытудан алынған концентраттарын хим.-технол. өңдеу (күйдіру, қышқылмен өңдеу, т.б.) кезіндегі минералдардың өзгеріске ұшырауын, ерігіштігін, магн. қасиеттерін анықтау, пайдалы қазындылардың кендерін іздеу, оларға баға беру үшін М-лық критерийлерді пайдалану мәселелерін қарастыру. Аймақтық М. белгілі бір аумақтар мен кенді аймақтарда жүргізілген М-лық зерттеулерді жинақтап қорытындылайды. Осының нәтижесінде минералдар мен олардың ассоциацияларының таралу заңдылықтарының сол аудандардың геол. дамуымен байланыстылығы анықталады. Аймақтық М. – жалпы кешендік металлоген. зерттеулердің құраушы бөлігі. ұарыштық денелер М-сы жерге түскен метеориттердің минералдық құрамын зерттейді. Айдан әкелінген тау жыныстарын зерттеу нәтижесінде оның бетіндегі минерал түзілу ерекшеліктері жөнінде алғашқы қорытындылар жасалды. Қазақстан минерологтары Кенді Алтайдың, Сарыарқаның, Жетісу Алатауының, Қаратаудың, Солт. Қазақстанның түсті, сирек және қара металл, алтын кендерінің М-сын зерттеді. Бұл зерттеулер кеннің құрамын толық анықтауға мүмкіндік берді. Н. Құдайбергенова

Минералогия (грек. минерал және логос – ғылым) минералдардың құрамын, қасиетін, пайда болуын зерттейтін ғылым. М-ның басты мақсаты минералдық шикізат кендерін іздеу, барлау, бағалау, байытудың ғыл. негізін анықтау, оларды халық ш-на ендіру жолдарын зерттеу. М. терминін ғылымға 1636 ж. итальян ғалымы Бернард Цезий енгізген. М-дағы жаңа әдістер мен жалпылама теорияларда Ресей ғалымдары В.В. Докучаев, А.Е. Ферсман, В.И. Вернадский, Е.С. Федоров (1853 – 1919), т.б. көп еңбек сіңірді. Қазіргі М-ның дамуына Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен Дж.У. Гиббстің (1839 – 1903) фазалар ережесі үлкен ықпал тигізді. М-дан 19 ғ-да кристаллография мен петрография, 20 ғ-дың басында минералды шикізат туралы ілім – геохимия, кейінірек кристаллохимия бөлінді. М-ны қамтитын көптеген деректер, минералдардың күрделі және түрленген қасиеттері, сонымен қатар оларды зерттеу әдістері мен бағыттарының дамуы, геол. барлау жұмыстары мен халық ш-ның сұраныстары М. саласында көптеген бағыттардың пайда болуына әсер етті. Минералдарды сипаттау М-сы нақты материалдарды анықтау, жинақтау, дәлелдеу, жүйелеу, зерттеу және минералдарды түрлі қасиеттеріне сәйкес жіктеу, физ. қасиеттері мен хим. құрамының өзгешеліктерін зерттеу, т.б. ізденіс жұмыстарын іске асырады. Генетикалық М. бағыты минерал мен минералдық ассоциациялардың түзілуін, олардың түрлі заңдылықтарын, минералдар пайда болуының физ.-хим. параметрлерін анықтайды, минералдардың типоморфизм, онтогения, т.б. генетик. анықтамаларын зерттейді. Эксперименттік М. табиғи процестердің үлгісін жасауды және табиғатта минералдардың пайда болу жағдайларын түсіндіру үшін физ.-хим. жүйелерді зерттейді. Бұл бағытта минералдар синтезі (алмас, пьезокварц, флюорит, гранат, корунд, т.б.) техникада кеңінен қолданылады. Қолданбалы және техника-экономикалық М. минералдардың жаңа түрлерін өндірісте пайдалануға бағытталған мәселелермен шұғылданады. Сондай-ақ минералдық шикізатты кешенді пайдалануға, одан алынатын пайдалы құраушылардың шамасын жоғарылатуға бағытталған М-лық зерттеу; кеннің технол. сорттарының шектерін белгілеу үшін М-лық карта жасау, минералдардың технол. қасиеттерінің, олардың құрамына, құрылымына байланыстылығын анықтау; кеннің байытылған түрін, байытудан алынған концентраттарын хим.-технол. өңдеу (күйдіру, қышқылмен өңдеу, т.б.) кезіндегі минералдардың өзгеріске ұшырауын, ерігіштігін, магн. қасиеттерін анықтау, пайдалы қазындылардың кендерін іздеу, оларға баға беру үшін М-лық критерийлерді пайдалану мәселелерін қарастыру. Аймақтық М. белгілі бір аумақтар мен кенді аймақтарда жүргізілген М-лық зерттеулерді жинақтап қорытындылайды. Осының нәтижесінде минералдар мен олардың ассоциацияларының таралу заңдылықтарының сол аудандардың геол. дамуымен байланыстылығы анықталады. Аймақтық М. – жалпы кешендік металлоген. зерттеулердің құраушы бөлігі. ұарыштық денелер М-сы жерге түскен метеориттердің минералдық құрамын зерттейді. Айдан әкелінген тау жыныстарын зерттеу нәтижесінде оның бетіндегі минерал түзілу ерекшеліктері жөнінде алғашқы қорытындылар жасалды. Қазақстан минерологтары Кенді Алтайдың, Сарыарқаның, Жетісу Алатауының, Қаратаудың, Солт. Қазақстанның түсті, сирек және қара металл, алтын кендерінің М-сын зерттеді. Бұл зерттеулер кеннің құрамын толық анықтауға мүмкіндік берді.
Н. Құдайбергенова

Бөлісу: