Талас ауданы

4 Желтоқсан 2012, 09:12

Талас ауданы – облыстың оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 12,2 мың км2. Халқы 53,3 мың адам (1999). Аудан аумағындағы 25 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 11 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Қаратау қ. Тараздан солт.-батысқа қарай 105 км жерде орналасқан. Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңт.-батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңт.-шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солт-гі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар т.б. кен орындары бар. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Ауаның қаңтар айындағы орташа темп-расы –6 – 10С, шілдеде 24 – 27С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді. Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солт-нде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі. Ауданда, негізінен, қазақтар тұрады (81,4%). Одан басқа орыстар (10,2%), украиндар, курдтар, немістер, т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың аудан бойынша тығызд. 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңт-гі мен оңт.-батысында және Талас өз. аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км2-ге 13 – 15 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қаратау қ. (28,3 мың адам), Ақкөл (3,1), Ойық (2,8), Үшарал (1,9), Шәкіров (1,6) және Аққұм (1,4) ауылдары. Жалпы халықтың 53,7%-ы қалада тұрады. Аудан 1997 жылға дейін, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша биязы жүнді қой, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, түйе, астық, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 11 кеңшардан тұратын. 1997 ж. олар таратылып,әр бағыттағы шаруашылық субъектілеріне бөлінген. Ауданда өнеркәсіп және а. ш. салалары дамыған. Өнеркәсіп саласында 26 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 4-і мемл., 22-і мемл. емес кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындардың саны 75. 2001 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 215 млн. теңгені құрады. Көлік саласында (жолдың жалпы ұз. 613 км) 4 кәсіпорын бар. Күрделі құрылыстағы қаржы салымы 4,2 млн. теңге болды. 495 м2 тұрғын үй салынды. Ауданда а. ш. кәсіпорындардың саны – 596, оның ішінде 2 акцион. қоғам, 4 өндірістік кооператив, 573 шаруа қожалықтары, 7 ЖШС, басқа субъектілер саны – 10. А. ш-ның жалпы өнімі (салыстырылымдық бағамен) 2001 ж. 478,5 млн. теңгені құрды, оның ішінде өсімдік ш. – 151,3 млн. теңге және мал ш. – 327,2 млн. теңге болды. Аудандағы еңбек ресурсының мөлшері: қалада 23,4 мың адам, ауылдық жерде 10,3 мың адамды құрады. Оның ішінде экон. тұрғысынан белсенді халықтың саны 18,5 мың адам (қалада 7,9 мың адам, ауылда 10,6 мың адам). Жалпы еңбек ресурсына шаққанда жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 79,1%. Аудандағы а. ш. жарамды жерінің жалпы аум. 1,044 млн. га, оның ішінде жыртылған жер 25,6 мың га, шабындығы 25,1 мың га, жайылымы 982,4 мың га жерді қамтыған. Барлық жыртылатын жердің 14,7 мың га жері пайдаланылды. Оған 9,2 мың га бидай, 1,5 мың га жүгері, 2,6 мың га көпжылдық шөптер, 220 га картоп, 394 га бау-бақша және 360 га көкөніс отырғызылды. Ауданда мал ш. да біршама жақсы дамыған. Әр алуан шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2002): ірі қара мал – 15,8 мың бас, қой мен ешкі – 237,1 мың бас, жылқы – 4,4 мың бас және құс – 130,3 мың болды. Олардан 3,5 мың тонна ет, 3,5 мың тонна сүт, 174 тонна жүн, 22,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп, 1 колледж, бір балабақша, 7 клуб, 16 кітапхана, мұражай, 2 аурухана, 11 мешіт, 3 емхана, 6 фельдш.-акушерлік пункт, 12 фельдш. пункт, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және санаторий бар. Аудандағы ірі кәсіпорындар: Ауд. тұтынушылар кооперативі, мемл. пошта торабы, Ақкөл су ш. жүйесінің басқармасы, Мәрмәртас кеніші, Сүлейменсай тері өңдеу ф-касы, «Қаратау» тау-кен химия комб-ты, «Сарытас» АҚ-ы, «Қаратаусүт» АҚ-ы, «Қаратаужылу» ЖШС-і, «Қаратаусу» ЖШС-і, «Талас» АҚ-ы және әр ауылдарда ЖШС-тер, ӨК-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аудан аумағында ежелгі тарихи-архит. ескерткіштер көптеп кездеседі. Ауданнан 56 Соц. Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан. Б. Жұматаев

Талас ауданы – облыстың оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 12,2 мың км2. Халқы 53,3 мың адам (1999). Аудан аумағындағы 25 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 11 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – Қаратау қ. Тараздан солт.-батысқа қарай 105 км жерде орналасқан.

Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңт.-батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңт.-шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солт-гі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар т.б. кен орындары бар. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Ауаның қаңтар айындағы орташа темп-расы –6 – 10С, шілдеде 24 – 27С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді. Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солт-нде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі.

Ауданда, негізінен, қазақтар тұрады (81,4%). Одан басқа орыстар (10,2%), украиндар, курдтар, немістер, т.б. ұлт өкілдері бар. Халықтың аудан бойынша тығызд. 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңт-гі мен оңт.-батысында және Талас өз. аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км2-ге 13 – 15 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қаратау қ. (28,3 мың адам), Ақкөл (3,1), Ойық (2,8), Үшарал (1,9), Шәкіров (1,6) және Аққұм (1,4) ауылдары. Жалпы халықтың 53,7%-ы қалада тұрады.

Аудан 1997 жылға дейін, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша биязы жүнді қой, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, түйе, астық, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 11 кеңшардан тұратын. 1997 ж. олар таратылып,әр бағыттағы шаруашылық субъектілеріне бөлінген.

Ауданда өнеркәсіп және а. ш. салалары дамыған. Өнеркәсіп саласында 26 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 4-і мемл., 22-і мемл. емес кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындардың саны 75.

2001 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 215 млн. теңгені құрады. Көлік саласында (жолдың жалпы ұз. 613 км) 4 кәсіпорын бар. Күрделі құрылыстағы қаржы салымы 4,2 млн. теңге болды. 495 м2 тұрғын үй салынды. Ауданда а. ш. кәсіпорындардың саны – 596, оның ішінде 2 акцион. қоғам, 4 өндірістік кооператив, 573 шаруа қожалықтары, 7 ЖШС, басқа субъектілер саны – 10. А. ш-ның жалпы өнімі (салыстырылымдық бағамен) 2001 ж. 478,5 млн. теңгені құрды, оның ішінде өсімдік ш. – 151,3 млн. теңге және мал ш. – 327,2 млн. теңге болды.

Аудандағы еңбек ресурсының мөлшері: қалада 23,4 мың адам, ауылдық жерде 10,3 мың адамды құрады. Оның ішінде экон. тұрғысынан белсенді халықтың саны 18,5 мың адам (қалада 7,9 мың адам, ауылда 10,6 мың адам). Жалпы еңбек ресурсына шаққанда жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 79,1%.

Аудандағы а. ш. жарамды жерінің жалпы аум. 1,044 млн. га, оның ішінде жыртылған жер 25,6 мың га, шабындығы 25,1 мың га, жайылымы 982,4 мың га жерді қамтыған. Барлық жыртылатын жердің 14,7 мың га жері пайдаланылды. Оған 9,2 мың га бидай, 1,5 мың га жүгері, 2,6 мың га көпжылдық шөптер, 220 га картоп, 394 га бау-бақша және 360 га көкөніс отырғызылды.

Ауданда мал ш. да біршама жақсы дамыған. Әр алуан шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2002): ірі қара мал – 15,8 мың бас, қой мен ешкі – 237,1 мың бас, жылқы – 4,4 мың бас және құс – 130,3 мың болды. Олардан 3,5 мың тонна ет, 3,5 мың тонна сүт, 174 тонна жүн, 22,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп, 1 колледж, бір балабақша, 7 клуб, 16 кітапхана, мұражай, 2 аурухана, 11 мешіт, 3 емхана, 6 фельдш.-акушерлік пункт, 12 фельдш. пункт, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және санаторий бар.

Аудандағы ірі кәсіпорындар: Ауд. тұтынушылар кооперативі, мемл. пошта торабы, Ақкөл су ш. жүйесінің басқармасы, Мәрмәртас кеніші, Сүлейменсай тері өңдеу ф-касы, «Қаратау» тау-кен химия комб-ты, «Сарытас» АҚ-ы, «Қаратаусүт» АҚ-ы, «Қаратаужылу» ЖШС-і, «Қаратаусу» ЖШС-і, «Талас» АҚ-ы және әр ауылдарда ЖШС-тер, ӨК-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Аудан аумағында ежелгі тарихи-архит. ескерткіштер көптеп кездеседі. Ауданнан 56 Соц. Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан.

Б. Жұматаев

Бөлісу: