Toyota Motor Corporation

4 Желтоқсан 2012, 09:10

  Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車株式会社 тойота дзидо:ша кабушикигайша) - әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[3] (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген. Toyota Motor Corporation - Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан. «Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды. Toyota Motor Co., Ltd.- 1937 ж. өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі «Тойода» (豊田) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» (トヨタ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған «Тоёта» (トヨタ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды. Toyota Motor Corporation бас пәтері. Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. (Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды). 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. (Бразилияға да экспортталды). Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Австралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды. 2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады.Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді. 2007 ж. I кварталында Toyota Motor, General Motors-қа қарағанда көп машина шығарып сатты. GM 76 жыл бойы «әлемдегі ең ірі көлік шығарушы» атқа ие болған. Соңғы жылдары GM және басқа да американдық көлік шығарушылар дағдарысқа байланысты өндірісті қысқартып, бірінші кезекте нарықта бәсекелесі Toyota маркасына орынды босатқан. І кварталда 2,37 млн автомобиль шығарып, 2,35 млн сатқаны туралы Жапония 24 сәуірде хабарлаған. Осылайша ең алғаш рет 2,34 млн шығарып, 2,26 млн сатқан GM алдына шыққан.  Қазақстандағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда Астана моторс құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қалаларында компанияның филиалдары жұмыс істейді. 2011 жылы Ресейде компанияның екі еншілес компаниясы құрылды: ЖШС "Тойота Мотор" (автомобильді сатуға жауапты), басты офисі Мәскеуде; ЖШС "Тойота Мотор Мануфекчуринг Россия" ( автомобильді Ресейде жасап шығаруға жауапты), басты офисі Санкт-Петербургте.  

 

Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車株式会社 тойота дзидо:ша кабушикигайша) - әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[3] (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген.
Toyota Motor Corporation - Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан.
«Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.
Toyota Motor Co., Ltd.- 1937 ж. өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі «Тойода» (豊田) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» (トヨタ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған «Тоёта» (トヨタ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.
Toyota Motor Corporation бас пәтері. Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. (Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды). 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. (Бразилияға да экспортталды).
Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Австралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.
2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады.Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.
2007 ж. I кварталында Toyota Motor, General Motors-қа қарағанда көп машина шығарып сатты. GM 76 жыл бойы «әлемдегі ең ірі көлік шығарушы» атқа ие болған. Соңғы жылдары GM және басқа да американдық көлік шығарушылар дағдарысқа байланысты өндірісті қысқартып, бірінші кезекте нарықта бәсекелесі Toyota маркасына орынды босатқан. І кварталда 2,37 млн автомобиль шығарып, 2,35 млн сатқаны туралы Жапония 24 сәуірде хабарлаған. Осылайша ең алғаш рет 2,34 млн шығарып, 2,26 млн сатқан GM алдына шыққан. 
Қазақстандағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда Астана моторс құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қалаларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.
2011 жылы Ресейде компанияның екі еншілес компаниясы құрылды: ЖШС "Тойота Мотор" (автомобильді сатуға жауапты), басты офисі Мәскеуде; ЖШС "Тойота Мотор Мануфекчуринг Россия" ( автомобильді Ресейде жасап шығаруға жауапты), басты офисі Санкт-Петербургте.
 
Бөлісу: